Өзін-өзі тану пәні бойынша емтихан сұрақтары



бет1/8
Дата11.05.2022
өлшемі0,9 Mb.
#142055
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
өзін-өзі тану 46-90
1611770133, Документ, Документ, Документ, ашық сабақ, 8 сынып ҚМЖ 3 тоқсан 43 сабақ, токтагулова



Өзін-өзі тану пәні бойынша емтихан сұрақтары



  1. Өзін-өзі тану интеграциясы мен оқудан тыс іс-әрекет

Бүгінгі таңда рухани құндылықтар қоғам талабына сай өзгерістерге ұшырап, адамдардың арасында ізгілік, әділдік, өзара көмек, төзімділік сияқты қарым-қатынастар орнатуына ықпал ететін құндылықтар мен әр жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуы және оларды жүзеге асыруға түрткі болатын құндылықтарды зерттеу көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр. Осы орайда, қоғамдық мұраттар мен адамдардың тәлімдік үдерістері өзгерді, сондықтан да білім мазмұнын түбегейлі жаңғырту, әдістерді жаңарту жас ұрпаққа тәрбие мен білім беру технологияларын жетілдіру қажеттілігі туындауда. Қоғамның осындай дер кезіндегі қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру жобасының авторы, еліміздің Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы тұңғыш рет мемлекеттік деңгейдегі өскелең ұрпақты жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мәселесін көтерді. Рухани-адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдығы туралы сөз қозғауда қазіргі замандағы жаһандық мәселелер, адамзаттың жалпы дүниежүзілік тұтастығы мен рухани-адамгершілік құндылықтардың сипаты жан-жақты қарастырылып, жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ашу көзделуде. Осы орайда, өзін-өзі тану пәнін жаппай білім беру ұйымдарына тәжірибеге енгізудегі барқатар төмендегідей көкейкесті мәселелерге тоқталамыз.
Біріншден, білім беру ұйымдарында өзін-өзі тану пәнін жүргізетін мұғалімдердің теориялық білімдерінің жетік болуына баса назар аудару қажет. Атап айтқанда: Рухани-адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдылығы, «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының тарихи негіздері, заманауи білім кеңістігін ізгілендірудің жаңа тәсілдемелері, рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері, сабақтан тыс іс-әрекеттер арқылы «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру жолдарын жан-жақты меңгеруі тиіс. Сондай-ақ, өзін-өзі тануды оқытудың аксиологиялық аспектілерін, Ақиқат, Сүйспеншілік, Дұрыс әрекет, Ішкі тыныштық және Қиянат жасамау жалпыадамзаттық құндылық ретінде жас ұрпақтың санасына сіңіре білу тәсілдерін меңгеруге ден қою, рухани адамгершілік білім беру бағдарламасындағы мұғалімнің рөлін жете түсінуі керек. Екіншден «Өзін-өзі тану» пәнінің құрылымдық мазмұндық және әдістемелік аспектілеріне талдау жасай отырып, сабақтағы жағымды ойлау, әңгімелеу әдісін терең рухани адамгершілік құндылықтарға бағыттау, ән айту мен музыканың маңызына жан-жақты мән беру. Ата-аналармен байланыс жасау жолдарына баса назар аудару қажет. Отбасы – ұлттың, мемлекеттің, әлемнің, адамзаттың негізі. Сондықтан оны нығайту керек. Отбасында тыныштық болса үйде тыныштық болады; Үйде тыныштық болса мамлекетте тыныштық болады. Мемлекетте тыныштық болса әлемде тыныштық болады.
Ата-аналар балаларының алдында өздері беделді болуы керек, жақсы-жаманды ажырата білуге, сүйе білетін балаларды өсіруге; балаларын әрекет етуден бұрын, жақсылап ойланып алуға үйретуі және өздері жақсы үлгі бола білуі тиіс. Үлгілі жақсы отбасының қасиеттерін сақтауды, барлығын сүйе білетін, айнала қоршаған ортасын жақсы көретін, әрқайсысы өз парызын, борышын дұрыс орындайтын, қуанышты жан тыныштығында өмір сүретін отбасында бір бірімен жақсы қарым-қатынас орнату және адамгершілік қағидаларымен өмір сүретін орта қалыптастыру қажет.
Үшіншіден, «өзін-өзі тану» пәнінің әлемде теңдесі (аналогы) жоқ пән ретінде Қазақстанның білім беру саласына енгізілгені және рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының тарихи негіздерін айқандауда әлемдік рухани-тұлғалардың идеяларына сүйене отырып заманауи ғылымдағы рухани бастауларға баса назар аударылуымен құнды. Қазақ мәдениетіндегі руханиадамгершілік білімнің маңызын түсіне отырып, заманауи білім кеңістігін ізгілендірудің жаңа тәсілдемелерін оқып үйренуде заманауи философияның, психологияның, педагогиканың рухани бастауға қайта оралуына ерекше тоқталуы мәселенің мәнін ашуда теориялық тұрғыдан негізделуінің айғағы деп айтуға болады.

Төртіншіден, «Өзін-өзі тану» пәні ұлы ғұлама ойшылдарымыздың тұжырымдарына негізделгендігімен маңызды. Атап айтар болсақ: Баласағұнның «Ізгілік ілімі», Қожа Ахмет Яссауидің «Хал ілімі», Әл-Фарабидің «Жан қуаты ілімі», Абайдың «Толық адам», «Имани гүл ілімдері», Шәкәрімнің «Шын адам», «Ар ілімі» тағылым мен тәрбиенің тірегі болуында.


Шәкәрім: «Үш анық» атты еңбегінде, адамгершілікті «ар ілімі» деп қарастырады. Ар-ұжданның мазмұнын нысап, әділет, мейірім құрайды дейді, оларды адамшылық ұғымымен байланыстыра келе, рух пен нәпсі, ақыл мен ой, сенім мен махаббат, ақиқат, жүрек жылуы сияқты рухани ілімді талдап берді. Рухтың ұясы жүрек. Ақыл жүрекпен нұрланса, неғұрлым рахымға толы болса, соғұрлым адамды ізгілендіреді. Жүрек жылуынсыз тек қана ақылмен қабылданған білім адамның өзіне де, қоғамға да болашаққа да теріс ықпал етеді. Даму кезеңдерінде адамның рухани өзегін қоректендіруші ретінде тәрбие, біліммен қатар қолға алынуы тиіс, яғни білімге адами және рахымдылық сипат беріліп, ақылды жүрек жылуымен нұрландырған жөн дейді.
Әлемдік деңгейдегі рухани ұстаздар: Махатма Ганди, Мать Тореза, Мишель Монтень, Ян Амос Комеский, К.Д. Ушинский, И.А. Ильин, С.Л. Рубинштейн, Ш.А. Амонашвили, Януш Корчак т.б идеялары өзін-өзі тану бағдарламасында кеңінен басшылыққа алынған.
Бесіншіден, өзін-өзі тану пәнін интеграциялау мәселесі қолға алынып, ең алдымен беріліп отырған білімді жандандыру, яғни оның рухани адамгершілік мән-мағынасын айқындау көзделген. Интеграция – бүгінгі таңда адам- ның ғылыми ойлауын және әлемдік көзқарасын анықтайды. Әртекті бөліктер мен элементтердің бірігуімен байланысты даму деп философиялық сөздікте көрсетілген.
Интеграциялық үдеріс (от лат. integratio – біріктіру, қалыпқа келтіру) бірін-бірі толықтыратын, бір-бірімен байланысты жеке ұғымдарды біртұтас етіп біріктіру. Барлық пәндерді мәңгілік бүкіл адамзаттық құндылықтар негізінде алуан түрлі құбылыстарды бірлікте қарастыра отырып, тұтастай білім беруде жалпы адамзаттық құндылықтардың негізгі түп қазық болуы, яғни берілетін білім біртұтас, жүйелі болуы көзделеді. Интеллектуалды (сыртқы білім ақыл үшін) адам оқу-білім алу үшін алдымен қоршаған дүниені, табиғат құбылыстарын танып-білу арқылы (кітаби білім, сыртқы білімді зерттей отырып қол жеткізеді). Рухани-адамгершілік (ішкі білім жүрек үшін) табиғатты аялап, ізгілікке баулу ұлттық тамырдан нәр алады, табиғатқа деген адам көзқарасының дұрыс бағытта болуы оның ой-сезіміне әсер етіп, мінез-құлқын жетілдіру арқылы жүзеге асады (ішкі дүниені зерттей отырып, өмірлік мақсатқа жетелейді, интуицяны дамытып, сананы оятады).
Өзін-өзі тану пәнін оқытуда сүйспеншілік, сенім, шығармашылық шабыт атмосферасын құру, өзін-өзі зерделеуге, өзін-өзі интуитивті түрде ұғынуға жағдай жасалады. Рухани адамгершілік білім беруді мектептің тұтастай педагогикалық үдерісін интеграциялау арқылы жүзеге асыру қажет. Рухани адамгершілік білім беру үдерісінде тек жағымды және ізгі әдістерді қолдану көзделеді. Өзін-өзі тану сабақтарындағы жағымды ойлау, жағымды күйге келу әдісін қолдану арқылы: тәртіп, өзін-өзі қадағалау, денсаулық, зейін қою, ақылдың байсалдылығы, ес, интуиция, басқаларға деген сүйспеншілік, ішкі тыныштық орнатуға баса назар аудару қажет. Бүгінгі қоғамда білім беруде сыртқы білім: интеллектуалды, сыртқы дүниені зерттейді, кітаби білімге негізделген, қалауларды оятады, дүниеде күн көру үшін қажет деп есептейді, интеллектіні дамытады, ақыл мен тәнге қарасты мәселелерді шешіп, мұндағы білім берудің мақсаты ақпарат берумен шектеледі, интернет жүйесіне жүгініп, аллергия пайда болады. Ал рухани білім берудің яғни, ішкі білімнің маңыздылығы: ішкі рухани-адамгершілік қасиеттерді ашады, адамның, баланың ішкі дүниесін зерттейді, өмірлік тәжірибеге негізделеді, әрбір адамның жүрегінде жасырынған жалпыадамзаттық құндылықтарды айқындайды, білім беруді өмірлік мақсаттармен байланысты қарастырады, интуицияны дамытады және ақылмен ойлап, жүрекке жүгінетіндіктен тәрбиелік ықпалы күшті және өмірлік дағды қалыптастыруда маңызды болмақ. Осыған орай, өзін-өзі тану пәнінің мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде интеграциялануы білім беру мен тәрбиені біртұтас, әр тарауы, әр тақырыбы бойынша болашақ ұрпақтың бойында рухани адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпыадамзаттық құндылықтарды, ұлттық құндылықтармен ұштастыра отырып, адамгершілік қағидалары мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын болашақ педагогтің тұлғасын қалыптастыруға бағытталған мазмұн ұсынылғандығымен құнды. Болашақ ұстаз оны тәжірибеде тиімді пайдаланып, өзінің игерген сапалық деңгейін екінші білім беру ұйымдарындағы сапалық деңгейге көтеруге ықпал ете алуы тиіс және басқа да пәндермен интеграциялау арқылы білім берудің тімділігі дәлелденуде.
«Өзін-өзі тану пәнін басқа пәнмен интеграциялау» тақырыбы қазіргі кездегі өзекті мәселенің бірі болып отыр. Өзін-өзі тану пәнін интеграциялауда Еуразия ұлттық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті және информатикалық білім беру мамандықтарының студенттерімен өткізілген сабақтарда кез келген гуманитарлық және жаратылыс тану пәндерін сабақ кездерінде интеграциялау сабақтан тыс уақыттардағы іс-шараларда пайдаланудың тиімді жолдарына студенттер өз тәжірибелері арқылы төмендегідей дәйекті дәлелдермен мысалдар келтірді.
Қазақ әдебиеті пәні: Балаларға Алдар көсе және Қожанасыр аңыздарын оқыту арқылы олардың бойында адамдық ізгі қасиеттерді қалыптастыруға, жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуге, адамгершілікке, адалдыққа баули аламыз. Әлсіздерді қорғап, зұлымдыққа қарсы әрекет жасауға үйретеміз.
Астрономия пәні: Ай мен Күн бар адамзатқа, тірі организмге ортақ. Күн барлығына бірдей шапағаты мен нұрын төксе, Ай бәріне бірдей жарығын түсіреді. Сол сияқты, жақсы адамның да жан-жағына, айналасындағы қоршаған жандарға таратар шапағаты мен төгер нұры бәріне ортақ, бәріне бірдей тең. Ол ешқашан ешкімді бөліп жармайды немесе адамдарды таңдамайды. Жай ғана бәрін бірдей жақсылығы мен мейірімділігіне бөлеп жүреді. Сондықтан біз жақсы адамдарды Күнге немесе Айға теңейміз.
Химия пәні: Атом дегеніміз химиялық жолмен бөлінбейтін бөлшек. Адамгершілік тұрғыда: атомды рухпен салыстыруға болады, Рух «рухани бастаудың» қайнар көзі. Рухы мықты адам барлық қиыншылықтарға төтеп бере алады. Өмірде өзінің жолын табады. Қандай да бір қиыншылық болмасын адам сол қиыншылықты қалайда жеңуге әрекет етуі керек. Қиыншылыққа соншама ауқымды, ұзақ үдерісін ретінде қарамау керек, ол өткінші, уақытша нәрсе деп қабылдау қажет. Адамның рухты болуы ең жақсы қасиеттерінің бірі деп санаймын. Рухың биік болса алынбайтын асу жоқ.
Өзін-өзі тану пәнін интеграциялауда металдардың қасиеттерін атай отырып, оның адамның мінез-құлқымен байланысы жайлы, мысалы,«сабыр түбі сары алтын – сабырлының бәрі алтын» дей отырып жақсы мінезді адам болуға оқушыларды баулу, судың қасиетін, адам өміріндегі маңызын, ғалымдардың судың ақпаратты тасымалдағыш қасиеті, яғни, жағымды ойдың, сөздің судың құрамына қалай әсер ететіні, оның адамға әсері туралы ғылыми деректерді ұсынуға болады. Жаһандық мәселелерді шешеудің жолын қарастыру, жүзеге асыруда оқушыларға қажетті білім, тұлғалық даярлық, оның ішінде алған білімді өмірде пайдалану туралы ой бөлісуге болады. Менделеевтің периодтық кестесінде қанша элемент болса, әрқайсының өзіне тән ерекшелігі, өзіне тән қасиеті бар. Кестедегі элементтер өмірде қандай пайдалы болса, адамзаттың баласы да өмірден өз орнын табуға лайықты. Алайда, бәріне ортақ міндет белгілі бір мөлшерде пайда әкелу. Сол сияқты, адамдардың да мінез-құлқы, өмірге деген көзқарасы әртүрлі болады. Бірақ, сапалы білім алып, елімізге өз пайдамызды тигізу баршамызға ортақ міндет.
Математика пәні: Қосу және азайту жай ғана арифметикалық таңбалар. Егер сандарды бір-біріне қоссақ, олар көбейеді. Ал азайтсақ сандар азаяды. Сол сияқты, егер біз бір-бірімізбен қосылып, әрдайым бірге болсақ және неғұрлым жанымызда жақын жандарымыз көп болса, біз бірлік пен татулықтың арқасында көп нәрсеге қол жеткізе аламыз. Ал егер бір-бірімізден ажырап, кез келген нәрсе үшін айырыла беретін болсақ, біз ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмаймыз. Сондықтан, бір-бірімізді азайтып алмай, керісінше жанымызға жақсы адамдарды қосып жүруіміз керек.
Экология пәні: Егер өсімдікке қамқорлықпен қарап, оны әрдайым баптап күтіп, түрлі зиянкестерден қорғап, қажет мөлшерде сумен қамтамасыз етіп тұрсақ, ол, әрине, жайқалып, әдемі болып өседі. Дәл сол сияқты, балаға да жастайынан дұрыс тәрбие беріп, оған қамқорлықпен, мейіріммен қарауымыз керек. Сонда ғана көркем мінезді, адал және ел ертеңін ойлар ұрпақ тәрбиелей аламыз.
География пәні: Мұхит, өзен, жер асты сулары, мұздықтар мен атмосферадағы су булары жердің гидросфера қабатын құрайды. Судың негізгі қорын мұхит пен теңіз сулары алып жатыр. Құрлықтағы сулар тұщы болып келеді. Су түссіз, мөлдір, иісі-дәмі жоқ, ұдайы ағып жатады. Судың тірі организмдер үшін маңызы зор. Ол болмаса тіршілікте жоқ. «Су – өмір көзі», су жанға сұлулық береді, көңіліңді көтереді, тазалық көзі, шынығу көзі, су – тағам, табиғатқа сән, өмірге мән береді. Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын, адамға қорек нәр беретін байлық көзінің бірі – су. Бүгінгі таңда, өзен, көл, теңіз жағалауларының, арық жағасының таза болмауы адамдардан суға тиіп отырған зияндық. Одан су ластанады, таза су ішпеген, таза суда шомылмаған халық науқастанады. «Судың да сұрауы бар» дегендей, суды үнемдеу, су жағалауларын таза ұстау, қамқорлық жасап, денсаулығымызды сақтау өз қолымызда екендігін естен шығармау қажет. Судың қасиеттері қаншалықты көп болса, адам бойында соншалықты адамгершілік қасиеттер мен құндылықтар көп болады. Әрбір қазақтың дүниетанымы – рухани байлықпен тығыз байланысты. Кез келген дүниені рухани санаға салып ой елегінен өткізу арқылы жағымды мінезқұлық, жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіреміз.
Физика пәні: «Термодинамиканың» табиғаттағы қайтымсыздық заңдылығын қазақтың мақал-мәтелдерімен келтіруге болады «айтылған сөз-атылған оқ». Физика ғылымындағы Бүкіләлемдік тартылыс заңын «Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен...» деген өлең шумақтарымен жеткізуге болады. Сол сияқты альфа, ветта, гамма сияқты өткір сәулелерді «сөз сүйектен өтеді» деп тұжырымдап, химиядағы сынап дейтін өте тұрақсыз затты «сынаптай сырғыған уақыт» деген әдемі сөз тіркестерімен салыстыруға болады. Алтын – ең салмақты қымбат металл. Ал оның ешқашан тот баспайтындығын білеміз. Мінеки, сол сияқты «жақсы адамныңда ешқашан жақсы ойлауының арқасында оған жамандық жуымайтынын білеміз». Осылайша өзін-өзі тану пәнін интеграциялау арқылы оқушылар, студенттер рухани-адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіріп, үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға, бүгінгі таңда өмір сүрудің алгоритмін жасай білуге үйренеді, өмірлік дағды қалыптастырады. Өзіне-өзі, қоршаған ортаға, кеңістікке, өзгерістер мен жаңалыққа жаршы, жанашыр және оны өздері жасай алуға ұмтылады. Жеке адамның адамгершілік-рухани қасиетінің өзге нәрселердің қай-қайсысынан да артық екендігіне сенімді болады, өзге адамдармен қарым-қатынас жасауда адамгершілік ұстанымдары мен руханилық этномәдени өлшемдеріне сүйену шеберлігін қалыптастырады, өз ойы мен сезімін еркін білдіруге, өзгелермен қоғамдаса өмір сүруге: түйіні қиын шиеленісті жағдайлардан дұрыс жол табуға, зиянды, қауіпті құмарлықтан бойын аулақ ұстауға, жауапты шешім қабылдай білуге әрекет етеді. Өзін-өзі бағалауға, жетілдіруге, өз өмірін жақсартуға деген қабілетін оятуға, ең алдымен өзін-өзі тану негізінде өзі туралы білімін қалыптастыруға, студенттердің үнемі белсенді қарым-қатынаста болатындығы арқылы олар өзінің ішкі ойларын, көзқарасын айта алуға дағдыланады, өзін-өзі тануға, өзін-өзі жеңуге және өзін-өзін өзгертуге дайын және қабілетті болады, даралық, дербестік, өзіндік пікір қалыптастыруғы ықпал етіп, өзіңді де өзгені де құрметтей білуге үйренеді.
Информатикалық білім беру. Информатика – XXI ғасырдың қарқынды дамушы жас ғылымы. Ақпараттық технологияларды бүгінде күнделікті қолданамыз, онсыз өмір сүретін адамдарды кездестіру ықтималдығы өте төмен. Сондықтан да бүгінгі таңда мектеп оқушыларының да көңілдері ауып отырған мамандық болып жүр. Оқушылардың миын ақпараттық технологияның шым-шытырық дүниелерімен шатастыра бермей, рухани білім беретін өзін-өзі тану пәнімен жиі интеграция жасап, балаларды алған білімдерін ізгілендіру керек.
Информатика пәні мен өзін-өзі тануды интеграциялаудың бір әдісі: қазіргі таңдағы ақпараттық технологияның ең үлкен жетістігі құлтемірлер (робот) мен адамдардың айырмашылығын түсіндіру. Яғни, адам мен құлтемірдің айырмашылығы: құлтемір тек сыртқы басқарулар мен бұйрықтардың көмегімен ғана іс-әрекетін жүзеге асырады, ал адамдар өз ақылдарымен ойланып, жүректеріне салып іс-әрекеттер жасайды. Құлтемірлердің жүрегі жоқ, ненің жақсы, ненің жаман екенін ажырата білмейді, ал адамдар жұдырықтай жүрегіне құлақ асып іс-әрекет жасаса қаншама ізгіліктер жасалар еді. Екінші бір тәсіл: қаншама қосымшаларды, бағдарламаларды жазарда бар мүмкіншілігімізді пайдаланып, жақсы жұмыс істейтіндей, көптеген қызметтерді атқарып, адамдарға ұнайтындай ыңғайлы етіп жасауға тырысамыз. Енді дәл осы бағдарлама сияқты өзіміздің мінез-құлық, сөйлеу сөздерімізді барынша дұрыстасақ, байытсақ, көркейтсек керемет бағдарламалар сияқты жанымыздағы жандарға қаншама көмегіміз тиері сөзсіз.
Біз компьютердегі операциялық жүйені жаңартып (обновление) тұрғандай адамның да миындағы қажетсіз ақпараттардан арылып, рухани жан дүниені тазартып тұру қажет. Жанның толығуы тек рухани жолмен ғана іске асады. Оның қасиеттері жетілу барысында білінеді. Рухани жетілген адамның бүкіл болмысы кемел келеді. Абай атамыз тәнді жан билеу керек екенін айтады. Біз өмір сүріп жатқан дүние жақсылық пен жамандық, арлы, намыстылық пен арсыздық, намыссыздық, сұлулық пен көріксіздік, мейірімділік пен қатігездік, адалдық пен харамдық тәрізді бір-біріне қарама-қайшылықтардан тұрады. Әркімнің рухани байлығы оның ісінен, мінез-құлқынан, адамдармен қарым-қатынасынан, өмір сүру салтынан, ағайын, еңбек ұжымы, ел алдындағы абырой, сый-құрметінен айқын көрінеді. Жан тәнді нәзік болмыс арқылы билейді. Сондықтан жан неғұрлым таза болса, адамның іс-әрекетіде соғұрлым саналы болып келеді. Бұл адам өмірін мазмұнды етіп, бақытқа бөлейді деген ойдамын.
Қорытынды
Ойымызды қорытындылай келе, білім беру ұйымдарында барлық пәндерді оқытуды олардың мазмұнын рухани тәрбиемен сабақтастыра, интеграциялап оқытудың маңызы зор екендігіне көз жеткіздік. Бұл пәнді оқу арқылы адам өзінің мінез-құлқы мен қоршаған ортаға қарым-қатынасын жақсы жаққа қарай өзгерте алады. Сол арқылы өзгені де өз арнасына тарта алады. Әлемде болып жатқан барлық жақсылыққа жаршы бола алады. Ал ол жақсылықты жасаған адам қалған мың адамға үлгі болады. Өзін-өзі тану жаратылыстану және гуманитарлық бағыттағы барлық пәндермен тығыз байланысты интеграциялап өткізудің тәрбиелік, тағылымдық маңызы зор. Білім беру ұйымдарында өзін-өзі тану пәнін ингерациялау арқылы ақиқатқа жетуде риясыз сүйіспеншілікпен қызмет етуге, дұрыс іс-әрекет жасауға баса назар аударатын болса жас ұрпаққа тағылымды тәрбие, үлгілі өнеге беруге болатыны, өзін-өзі тәрбиелей отырып жүрегінде ішкі тыныштық орнату арқылы ешкімге, ешқашанда қиянат жасамауға үйрету басты ұстаным болып қалады.

  1. Төзімділік, рух беріктігі және риясыз сүйіспеншілік идеалдары бақытты отбасының негізі ретінде.

Отбасын жасайтын және нығайтатын күш –махаббат:әке мен шешенің, әке мен балалардың, шеше мен балалардың өзара сенімді, адал, шын берілген махаббаты. Алайда махаббат басқа бір жақтан, сырттан келетін шабыт немесе таң шапағы емес. Махаббат дегеніміз –орасан зор еңбек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет