Педагогика – тәрбие туралы ғылым. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуының заңдылықтары және қозғаушы күштері Педагогика – «пейдагогис» грек сөзі «пейда» — бала, гогос жетелеймін, «бала жетелеуші»


Жоғары сынып оқушыларына психологиялық сипаттама



бет9/9
Дата08.02.2022
өлшемі124,82 Kb.
#119268
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Педагогика – тәрбие туралы ғылым.
Сыныптан тыс сабақ, құмырсқа мен бидай, құмырсқа мен бидай, Шәріпхан Парзина Курстық жұмыс слайд 400 топ, Шәріпхан Парзина Курстық жұмыс слайд 400 топ, Шәріпхан Парзина Курстық жұмыс слайд 400 топ, курсовой слайд 2
Жоғары сынып оқушыларына психологиялық сипаттама.
Жоғары сынып оқушылары "Неге" деген сұраққа үнемі және табанды түрде жауап іздейді және берілген жауаптың жеткіліктілігіне және негізділігіне өз күдігін білдіріп отырады. Жастық шақтағы маңызды психологиялық процесс - өзіндік ақыл-ойдың және өзіндік "Меннің" бейнесінің қалыптасуы болып табылады.
Мектеп оқушыларының жас және дара ерекшеліктерін оқу-тәрбие процесінде ескеріп отыру олардың дамуында өте маңызды. Мектеп оқушыларын олардың қабілеттеріне қарай топтарға біріктіруге болады .
Балалар типологиясында екі ерекше бағытты атауға болады:
-қыз балалар мен ер балалардың даму ерекшеліктері;
-дарынды балалар мен психологиялық жағынан қараусыз қалған балалар.
Қыз блалар мен ер балалардың физиологиялық дамуы әсіресе өтпелі кезеңде қарқынды жүретіндіктен, тәрбиеде ерекше назар аудару қажет. Ал, дарындылық балалардық оқу еңбегінің барлық сатыларында кұрініп отырады.
Жоғары сыныпқа барғанда оқушылар біршама қалыптасып, көзқарастары мен дүниетанымы орныққан болады. Онда тәрбие жұмысын жүргізуде сенім білдіру мен өзара түсіністік негізінде ұйымдастырылған әрекеттер жоғары нәтиже беріп отырады.
Қорыта келе, бала тәрбиесінде олардың жас және дара ерекшеліктерін ескеріп отыру ұте маңызды. Өйткені, балалардың табиғаты бірдей болмағандықтан оларға деген қатынас та бірдей болмауға тиісті. Балалар даралығы айқын байқалатын кезең олардың ұтпелі кезеңдері. Сондықтан бұл кезде балаларға аса ерекше тәрбиелік қамқорлық қажет. Осы кезеңде берілген тәрбие олардың ұмірлік қалыптасуының негізіне айналады. Балалардың жас және дара ерекшеліктерін ескеру олардың физиологиялық, психологиялық, дене және әлеуметтік қалыптасуында да маңызды. Бұл педагогикалық процесті ұйымдастыруда басқа ғылымдар білімідерін пайдаланудың қажеттігін көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет