Педагогика – тәрбие туралы ғылым. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуының заңдылықтары және қозғаушы күштері Педагогика – «пейдагогис» грек сөзі «пейда» — бала, гогос жетелеймін, «бала жетелеуші»



бет3/9
Дата08.02.2022
өлшемі124,82 Kb.
#119268
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Педагогика – тәрбие туралы ғылым.
Сыныптан тыс сабақ, құмырсқа мен бидай, құмырсқа мен бидай, Шәріпхан Парзина Курстық жұмыс слайд 400 топ, Шәріпхан Парзина Курстық жұмыс слайд 400 топ, Шәріпхан Парзина Курстық жұмыс слайд 400 топ, курсовой слайд 2
Педагогиканың категориялары:
Педагогика, халықтық педагогика, этнопедагогика, адамзаттың дамуы мен қалыптасуы, тәрбие, білім беру, оқыту, ұлттық тәлім тәрбие, әлеуметтік қоғамдық қалыптасу және тәрбие. Өзін өзі тәрбиелеу, өз бетімен білім алу, қайта тәрбиелеу, өз білімін жетілдіру, педагогикалық методология, методологиялық негіздер, зерттеу әдістері, тәсілдері.
Тәрбие, білім беру, оқыту, даму, қалыптасу, педагогикалық процесс.
Тәрбие — нақты педагогикалық мақсатты, есепті міндетті шешуге бағытталған, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің мақсат бағыттылы, жүйелі өзара ықпал қызмет ету процесі.
Қоғамдағы өмір мен еңбекке даярлау барысында қажетті әлеуметтік іс-тәжірибені аға ұрпақтың жас ұрпаққа беруі, жас ұрпақты оны меңгеруі.Жеке адамның бойында белгілі бір қасиеттер мен сапаларды қалыптастыру үшін мақсатты, бағытты, жоспарлы, жүйелі жүргізілетін процесс.Ғылыми дүниетанымын, көзқарасымен сенімін, іс-әрекетін табиғи үйлестіре алатын, жан-жақты үйлесімді дамыған адамды мақсатты, жүйелі, жоспарлы қалыптастыру процессі.Жаңа ұрпақты қоғамдық өмірге, өндіргіш еңбекке даярлау мақсатын көздеп , оларға қоғамдық тарихи тәжірибені ауыстыру процесі.
Оқыту :
Оқушыларды жүйелі біліммен, іскерлік және дағдылармен қаруландыратын, олардың танымдық, шығармашылық белсенділігін арттыру, санасы мінез құлқына, дүниеге көзқарасына, сеніміне әсер етуге бағытталған оқытуш мен оқушы арасында оқыту мен оқу өзара тығыз байланысты, мақсатты, жүйелі жүргізілетін педагогикалық процесс.
Мұғалім мен оқушы әрекеттестігінің барысында білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеруге жағдай жасайтын мақсатты процесс, оқушыны тәрбиелеу мен дамыту да жүзеге асырылады. Бұл оқушы мен мұғалімнің мақсатты түрде өзара әрекет жасау процессі. Бұл процестің барысында білім беру, тәрбие беру, адамның дамуы, оның білім алуы жүзеге асырылады.
Білім беру:
Оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастың дамуына ықпал жасайтын процесс.
Оқушылардың жалпыланған қоғамдық – тарихи тәжірибені игеру және меңгеру процесі мен нәтижесі. Адам баласы жасағаан білімдер жүйесін игеруді, соның негізінде дүниеге көзқарасты, таным білім қабілетін, сана сезімін, мінез құлқын қалыптастыру.
Арнайы оқу сабақтарында ұйымдастырылатын мақсатты оқыту процесін ғана қастып қоймайды, өздігінен, әртүрлі хабар деректеррімен білім алуды да қамтиды. Білім беру – кең әлеуметтік мағынада тәрбиелеудің құрамды бөлігі.
Педагогикалық процесс жеке тұлғаны жан-жақты жарасымды дамыту үшін мұғалім мен оқушының, тәрбиелеуші мен тәрбиеленушінің бірлестікте, ынтымақтастық, өзара байланысты, мақсатты, бағытты жүргізетін қызметі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет