ХХІ ғасырда білім мазмұнының жаһандануы, инновациялық және ақпараттық технологиялардың тез даму тенденциясы білім мазмұны мен оқытудың әдіс- тәсілдеріне жаңаша көзқарасты талап етеді.
Еліміздің білім беру жүйесін дамыту стратегиясы «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» айқындалып, оның мазмұны қоғамның даму талаптарына сай жастардың бойында білімділік пен бәсекеге қабілеттілік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталып отыр. Жаңа экономикалық қатынастардың үдемелі инновациялық сипаты адам капиталын дамытуды алға қою туралы көзқарастарды тудыруда.
Бүгінгі білім беру кеңістігі педагогикалық үдерістің екі типінен тұрады – инновациялық және дәстүрлі. Педагогикалық инновация – бұл теориялық негізделген, мақсатты бағытталған және тәжірибеге бағытталған жаңалық, ол үш деңгейде жүзеге асады:
Бүгінгі білім беру кеңістігі педагогикалық үдерістің екі типінен тұрады – инновациялық және дәстүрлі. Педагогикалық инновация – бұл теориялық негізделген, мақсатты бағытталған және тәжірибеге бағытталған жаңалық, ол үш деңгейде жүзеге асады:
Инновациялық іс-әрекет-қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс- әрекетін саналы түрде өзгертеді. Инновациялық іс-әрекетке орта да әсер етеді.
Инновациялық іс-әрекет-қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс- әрекетін саналы түрде өзгертеді. Инновациялық іс-әрекетке орта да әсер етеді.
Мектеп жаңалықтың себебін, жобасының дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққа мұғалімдерді, оқушыларды, ата- аналарды қызықтыра білгені жөн. Инновациялық үрдісті күшейтін бес фактор: Мектеп басшыларының шығармашылығы, оқытудың жаңа технологияларын жасауға қабілеттілік, педагогикалық процеске қатысушылардың бір-бірімен өзара әрекеті және қарым-қатынасы, әлеуметтік-экономикалық жағдай, инновациялық үрдіске қатысушылар.
Тізбектелген сипаттамалар инновациялық үдерістің ұсынушылары мен жүзеге асырушыларына да қажет, ал бұл рөлде ұйым басшысы болуы шарт. Р.Л. Кричевскийдің пікірінше инновациялық саясатты сәтті өткізу үшін инновациялық үдерісті орындаушыларға қатысты жәйттер:
Қызметкерлердің білім деңгейі және мамандарды арнайы әзірлеу мен қайта даярлау жүйесінің болуы;
Адамдардың ақпараттың байланыстары мен хабардарлығы, яғни олардың жаңалық енгізуге байланысты адекватты ақпаратты алулары;
Жаңалықты ұйымдастырушыларға байланысты қызметкерлердің жаңалықты енгізуге мотивациялары, бағыттылығы.
Педагог инновация субъектісі ретінде. Инновация тағдыры тікелей субъектінің оған қатынасына тәуелді болғандықтан инновация субъектілері туралы мәселе маңыздылыққа ие. Субъект – бұл қоршаған ортаны танушы және қайта жасаушы, сана мен ерікке ие адам ғана емес, сонымен бірге өз белсенділігін ұйымдастыра алуға қабілетті тұлға. «Тұлғаның өз белсенділігін ұйымдастыруы мобилділігіне, іс-әрекет талаптарына сәйкестігіне, басқа адамдар белсенділігімен үйлесуіне тоғысады. Бұл жәйттер тұлғаның іс-әрекет субъектісі ретінде маңызды мінездемесін құрайды. Олар жүзеге асыруға қажетті іс-әрекетті, психологиялық сапаларды реттеудің жеке тұлғалық тәсілін анықтайды» .
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016- 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. еdu.gov.kz
Кулемзина А.В. Модель выбора образовательной стратегии в условиях современного социокультурного кризиса // Образование в Сибири. - 1996.- №1.-c. 112
Добрынина В.И. , Кухтевич Т.Н. Социальные конфликты в высшей школе М., 1993.- (Система воспитания в высшей школе: Обзорная информация / НИИВО; вып.3).-c.162
А.Т. Шарипбаева. Аймақтық білім беру жүйесіндегі инновациялық процестерді басқару. ХҒПК, Орал, 2008- с. 290
Абульханова-Славская К.А. Стратегия жизни.- М.: Мысль, 1991.-с. 210
Пригожин А.И. Нововведения: стимулы и препятствия. Социальные проблемы инноватики.- М., 1989.-с. 192
Юцявичене П. Теория и практика модульного обучения.- Каунас: Швиеса, 1989. –с. 230