Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, электронды оқулық.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа назарын аудару. Оқушыларды топқа бөлу. Түстер әлемі «Қызықты Психология» сенің ұнататын түсің қандай? Оқушыларға топқа бөлу мақсатында қызыл, жасыл, көк стикерлер таратамын.
ІІ. Үй тапсырмасы тексеру: Оқушыларға 10 тапсырма беріледі. Әр оқушы тапсырманы орындайды.
Компьютерде жұмыс істеу барысында нысандарға көбіне қандай амалдар қолданылады? (Көшіру, орын алмастыру, жою, атын ауыстыру)
Қатар орналасқан сандар деп нені атаймыз? (Шектес нысандар)
Алмасу буферінің көмегімен көшіру үшін қандай бұйрықтар жатады? (Көшіру, кірістіру)
Нысандарды жойғанан кейін дискіде орын босайтын тәсіл (Ерекшеленген нысанға Shift + Del пернелерін басқанда)
Нысандарды көшірудің қандай тәсілі алмасу буферін қолданбайды? (Ctrl пернесін басып тұрып, тышқанның сол жақ батырмасмен жылжытқанда)
Байттардың аты бар қандай да бір тізбек қалай аталады (Файл)
Қандай терезелердің мәзір жолдары, жиыру және жою батырмалары жоқ? (Сұхбат терезелерінде)
Буманы ашу үшін не істейміз? (Осы буманы тышқанның оң жақ батырмасымен екі рет шерту керек)
Windows нысандарына қандай амалдар қолданылады? (Көшіру, жылжыту, жою)
Ерекшеленген нысандар тобына қолдануға болмайтын әрекет? (Атын өзгерту)
Ой қозғау: Қызығушылықты ояту. Жаңа сабаққа ену үшін оқушыларға суреттер көрсетіледі, сұрақтар қойылады.
Экраннан қандай суреттер көріп тұрсыздар?