Персоналды басқарудың мәні мен түсінігі


Ұйымның персоналды басқару стратегиясы



бет4/38
Дата27.06.2020
өлшемі336,09 Kb.
#74601
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
Персоналды басқару ГЭ

Ұйымның персоналды басқару стратегиясы

Персоналды басқару стратегиясы – персоналмен жұмыстың мақсаты мен ережесі, нақтыланған ұйымдық және кадрлық потенциалдардың ұйымдық стратегиясы, сондай-ақ кадрлық саясаттың ерекше жиынтығы. Персоналды басқару стратегиясы қазіргі замандағы тұжырымдамасы әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде кәсіпорынның іс-әрекеті негізінде нақты адамдарды қояды және қызметкерді кәсіпорынның ұйымдық-экономикалық механизмінің шешуші элементі ретінде қарастырады. ... Персоналды басқару стратегиясының элементтері: - ұйым қызметінің мақсаты; - ұйымның жоспарлау жүйесі; - жоғары басқарушылық кадрлардың қарым-қатынасы.

Адами ресурстарды басқару стратегиясы - компания қызметкерлері арқылы бәсекеге қабілеттілікті сақтау мен жоғарылатуға бағытталған шешімдер жүйесі. Адами ресурстарды басқару стратегиясы кәсіпорын стратегиясы сияқты ішкі ресурстармен, мүмкіндіктермен, сыртқы ортамен, ұйым дәстүрімен жасалады. Адами ресурстарды басқару стратегиясы фирманың барлық персоналдары мен әр бөлімше қызметкерлерінің дамуы үшін бағытталады. Адами ресурстарды басқару стратегиясының негізгі бағыттары:

-кәсіпорынды басқарудың жаңа ұйымдастырушылық құрылымын жасау;

-басқару әдістерін жүзеге асыру;

-кадрды дамыту шараларын іске асыру;

-персоналды тарту мен іріктеу;

-еңбекақыны ұйымдастыру;

-персонал еңбегін ынталандырудың әдістері мен нысандарын таңдау;

-қолайлы еңбек шарттарын құру;

-еңбекті сақтауды қамтамасыз ету және т.б.

Адами ресурстарды басқару стратегиясын жасау жалпы стратегияның жүзеге асуына қажетті ұйымдастырушылық құзіретті салыстырудан, кәсіпорындағы адами ресурстардың нақты жағдайынан және олардың арасындағы сәйкессіздікті анықтаудан басталады. Адами ресурстарды басқару стратегиясын жасауда әр түрлі көзқарастар болуы мүмкін. Кейбір компаниялар персоналды басқаруда маңызды даму бағытын таңдауда басшылары мен мамандарының тәжірибесі мен ішкі түйсігіне сенеді.

Екінші көзқарас адами ресурстарды басқару стратегиясының басымдықтардың міндетін анықтаудан тұрады.

Адами ресурстарды басқару стратегиясын жасауда және тұжырымдауда үш көзқарас қолданылады: «жоғарыдан төмен» және «төменнен жоғары» және консалтингті фирма көмегімен.

1. «Төменнен жоғары» көзқарасында адами рестурстарды басқару стратегиясын жоғары басшылық анықтайды.

Сосын ол әрбір бөлім үшін стратегиялар мен жоспарларға бөлінеді.

Төменнен-жоғары: Бөлімше --- ► іс-шаралардың жеке стратегиясы мен жоспары ► ұйымның бірыңғай жоспарына бірігу.

2. «Жоғарыдан төмен» көзқарасында стратегиялық жоспарды басшылық жасайды және бұйрық басқарудың барлық деңгейіне түседі.

Жоғарыдан-төмен: Басшылық --- ► Стратегияны дамыту--- --- ► Әр бөлімше үшін стратегия мен жоспар





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет