ПОӘК 042-18. 10. 100/03-2010 18. 09. 2013ж №1 басылым


Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет6/18
Дата08.06.2018
өлшемі6 Mb.
#41820
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Алюминийдің, қорғасынның және қалайының электрондық конфигурациясын жазыңдар. Қай электрондар мен орбитальдар валенттілікті көрсетеді?

  2. Қалайы мен қорғасын құймаларының қолданылуы.

  3. Мына қатардағы элементтердің Ge – Sn – Pb металдық қаситетінің күшейетінін көрсететін реакция теңдеулерін жазыңдар.

  4. Алюминий, қалайы және қорғасын тұз қышқылы, азот және күкірт қышқылдарымен (сұйытылған және концентрлі) қалай әрекеттеседі? Реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Қай қышқылда қорғасын толық

ериді.

  1. Мына қатардағы иондардың Sn2+, Pb2+ тотықсыздандырғыш қасиеті мына қатардағы иондардың Sn4+, Pb2+ тотықтырғыш қасиеттері қалай өзгереді? Әлсіз тотықсыздандырғыш пен күшті тотықтырғышты көрсетіңдер. Тотығу-тотықсыздану реакциялар теңдеулерін жазыңдар.

  2. Германий топшасының элементтерінің а)негіздік қасиеттері жоғары; б)қышқылдық қасиеттері жоғары гидроксидтерін жазыңдар.

  3. Суда ерімейтін PbCl2 және Pb(OH)2 не себептен концентрлі тұз қышқылы мен сілті ерітіндісінің артық мөлшерінде ериді?

  4. Алюминийді оксидінен тотықсыздандыру арқылы алу өндірісте тиімді ме? Оны өндірісте қалай алады?

  5. Неге алюминий судан сутегін ығыстырып шығармайды? Алюминий а)концентрлі азот және күкірт қышқылдарымен; б)сұйытылған азот және күкірт қышқылдарымен; в)натрий гидроксидінің судағы ерітіндісімен қалай әрекеттеседі? Реакциялар теңдеулерін жазыңда




  1. Алюминий гидроксидінің амфотерлі қасиетін қалай дәлелдеуге болады? Реакциялар теңдеуін жазыңдар.




  1. Алюминий тұздарының гидролизі дәрежесіне аниондар табиғаты қалай әсер етеді? Алмасу реакциясы арқылы Al2(CO3)3 тұзы түзілуі мүмкін бе?



Ұсынылған әдебиеттер:

1.Бірімжанов Б.А., Нурақметов Н.Н. Жалпы химия. Алматы.: «Рауан», 1990., 2.Ділманов Б.М.Ділманова З.Б. Жалпы химияның теориялық негіздері. Алматы,2009,-194б

3.Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. М.: Высш.шк. 1982- 530с

4.Угай Я.А. Неорганическая химия. М.: «Высшая школа», 1989, -462 б

5.Шоқыбаев Ж.Ә. Бейорганикалық және аналитикалық химия. Алматы, 2003 ж,-316

6.Шоқыбаев Ж.Ә.,Өнербаева З.О. Бейорганикалық химия практикумы. Алматы,2004-164.

7.Лидин Р.А.,Молочко В.А.,Андреева Л.Л. Химические свойства неорганических веществ. Москва, 2000-480с


Дәріс 11. Комплексті қосылыстар
Мазмұны:

1. Комплексті қосылыстардың құрлысы

2. Комплексті қосылыстардың жіктелуі және номенклатурасы

3. Комплексті қосылыстардың диссоциациясы

1. Коваленттік не иондық байланыс арқылы атомдардан молекулалық қосылыс түзілсе, олар бірінші ретті деп аталады. Бірінші ретті қосылыстардың электронейтрал молекулаларының өзара әрекеттесуінен түзілген көптеген қосылыстар болады. Оларды жоғары ретті молекулалар немесе комплексті қосылыстар деп атайды: NH3 + HCl → NH3•HCl → NH4Cl

Комплекс қосылыстағы химиялық байланыстың түзілу механизмін қарастырып, комплекс қосылысқа анықтама беруге болады. Мысалы: NH4Cl молекуласы қалай түзіледі

Барлық комплекс қосылыстарда донорлы-акцепторлы (д.-а.) байланыс болады. Комплексті қосылыстар дегеніміз донорлы-акцепторлы байланыс арқылы түзілетін жоғарғы ретті қосылыстар.

Комплексті қосылыстарда:



  1. Комплекс түзуші, олар көбінесе оң зарядталған металл иондары болады, көбінесе d-элементтері жатады.

  2. Комплекс түзушінің маңайында лигандтар орналасады, олар теріс зарядталған аниондар немесе электронейтрал молекулалар.

  3. Лигандтар саны координациялық сан деп аталады.

  4. Комплекс түзуші мен лигандтар комплексті қосылыстарының ішкі сферасын түзеді, ол квадрат жақшаға алынады.

  5. Ішкі сфераға кірмеген иондар сыртқы сфераны құрайды.

2. Катионды комплексті қосылысты атағанда, алдымен катионның, одан соң анионның атын атайды. Ішкі сферада лигандалар түрінде электронейтрал молекулалар болса, олардың аттарын өзгеріссіз атайды. Мысалы: С6Н6- бензол, С2Н4- этилен, N2Н4- гидразин, Н2О- аква, NН3-аммин. Саны бірнешеу болса, олардың санын грек тілінде көрсетеді: 2-ди, 3-три, 4-тетра, 5-пента, 6-гекса, 7-гепта, 8-окта. Ішкі сфераға кіретін анион- лигандтарының аттарын атау үшін олардың әрқайсысының аттарына «О» жұрнағы қосылып айтылады. Мысалы, бромо-Br-, О2—оксо, N3—нитридо, ОНгидроксо, СNциано, СО32—карбонато, РО43—фосфато, S2O32--тиосульфато, С2О42—оксалато т.б.

Осыдан кейін комплекс түзушінің атын ілік септігінде атап, оның атынан кейін рим сандарымен жақша ішінде комплекс түзушінің зарядын көрсетеді. Ең соңында сыртқы сфераның анионның атына «ы» деген жалғау қосып айтылады.

[Ag(NH3)2]Cl- диаммин күміс (І) хлориді;

[Cu(H2O)4]SO4∙H2O- тетрааква мыс (ІІ) сульфат гидраты;

[Pt(H2O)(NH3)2OH]NO3- гидроксодиамминаква платина (ІҮ) нитраты;

[Ru(SO2)(NH3)4Cl]Cl- хлоротетраммин күкірт диоксид рутений (ІІ) хлориді.



Құрамында комплексті анионы болатын қосылысты былай атайды: алдымен сыртқы сферасының катионының атын ілік септікте айтады. Бұдан соң жоғарғы айтылған ретімен лигандтардың атын атайды. Комплекс түзушінің латын атына «аты» деген жұрнақ қосады.

K[Ag(CN)2]- калий дицианоаргентаты (ІІ);

Na3[Co(NO2)6]- натрий гексанитрокобальтаты (ІІ);

K3[Ni(NO)2(S2O3)2]- калий дитиосульфатодинитрозилникеляты (ІІ).



Сыртқы сферасы жоқ нейтрал комплекстерінің аттарын атау үшін алдымен лигандтардың аты, онан кейін атау септігіндегі комплекс түзушінің қазақша аты келтіріледі де, оның тотығу дәрежесі көрсетілмейді.

[Co(NH3)3Cl]- трихлоротриаммин кобальт;

[Ru(H2O)(NH3)4SO3]- сульфиттетраамминаква рутений.

3. Комплексті қосылыстардың диссоциациясы. Комплексті қосылыстардың сыртқы және ішкі сфераларының арасындағы байланыстар иондық болғандықтан, суда еріткенде, олар комплексті ион мен қарапайым сыртқы сфераның иондарына ыдырайды:

[Ag(NH3)2]Cl→ [Ag(NH3)2]+ + Cl-

K[Ag(CN)2] → K+ + [Ag(CN)2]-

Түзілген комплексті иондар өте аз мөлшерде өздерінің құрамына кіретін бөлшектерге (иондарға, молекулаларға) ыдырайды.

[Ag(NH3)2]+ ↔ Ag+ + 2NH3

[Ag(CN)2]- ↔ Ag+ + 2CN-

Комплексті иондардың диссоциациясы аз мөлшерде жүретін қайтымды процесс болғандықтан оларға массалар әсерлесу заңын қолдануға болады және процестер сан жағынан диссоциация константасы арқылы анықталады:

Кт.з.= ([Ag+]∙[NH3]2)/[Ag(NH3)2]+ =6,8∙10-8

Кт.з. = ([Ag+]∙[CN-]2)/[Ag(CN)2]- =1,0∙10-21

Келтірілген комплекс иондарының диссоциациялану константаларын тұрақсыздық константасы Кт.з. деп атайды. Тұрақсыздық константаларының сандық мәндері комплексті иондардың тұрақтылығын немесе беріктігін көрсетеді. Кт.з. пайдаланып, комплексті қосылыстың арасындағы реакция қай бағытта жүретінін анықтауға болады.

.

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:




  1. Комплекс түзуші заттың тотығу дәрежесі мен координациялық санын көрсетіңдер. Комплекс қосылыстарды атаңдар: K[AuBr4], K2[Cd(CN)4], [Pt(NH3)2Cl2], K[Cr(SO4)2], Na3[Ag(S2O3)2]. Комплекс қосылыстың диссоциацияларын жазыңдар.

  2. Комплекс қосылыстар жазып, оларды атаңдар: PtCl4∙6NH3, PtCl4∙5NH3, PtCl4∙∙4NH3, Co(NO3)3∙6NH3, Co(NO2)3∙KNO2∙2NH3.

  3. Қай негіз күштірек: [Cu(NH3)4](OH)2 не Cu(OH)2 ме?

  4. Қай комплекс ион тұрақтырақ: [Zn(NH3)4]2+ не [Cd(NH3)4]2+?

[Co(NH3)4]2+ не [Co(NH3)4]3+?
Ұсынылған әдебиеттер:
1.Бірімжанов Б.А., Нурақметов Н.Н. Жалпы химия. Алматы.: «Рауан», 1990., 2.Ділманов Б.М.Ділманова З.Б. Жалпы химияның теориялық негіздері. Алматы,2009,-194б

3.Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. М.: Высш.шк. 1982- 530с

4.Угай Я.А. Неорганическая химия. М.: «Высшая школа», 1989, -462 б

5.Шоқыбаев Ж.Ә. Бейорганикалық және аналитикалық химия. Алматы, 2003 ж,-316

6.Шоқыбаев Ж.Ә.,Өнербаева З.О. Бейорганикалық химия практикумы. Алматы,2004-164
Дәріс 12. Бейметалдардың жалпы қасиеттері.

Мазмұны:


1.Периодтық жұйедегі орны, электрондық құрылысы.

2.Физикалық қасиеттері.



  1. 3.Химиялық қасиеттері.

Күкірт – ағзада негізінен органикалық қосылыстар құрамында және күкірт құрамды амин қышқылдарының құрамында кездеседі. Олар цистин, метионин, инсулин т.б. Егер ағзада күкірт жетпесе ақуыз түзілуі әлсірейді.Оттегі өмірге керек барлық органикалық заттар құрамына кіреді: ақуызда, майларда. Оттегі арқылы тіршіліктің барлық процестері жүреді. Тыныс алу, аммиак қышқылдарының тотығуы, майлардың тотығуы.

Тірі ағзада 6 элемент (көміртегі, сутегі, оттегі, азот, фосфор, күкірт) ағза массасының 97,4% алады. Оларды органогендер деп атайды. Органоген №1 көміртегі. Себебі көміртегі майдың, көмірсулардың, витаминдердің, органикалық қышқылдардың құрамына кіреді. Бірақ бос көміртегі және оның монооксиді адам үшін өте улы. Натрий гидрокарбонаты, ағзада өтте майдың гидролизіне әсер етеді



Оттегінің химиялық қасиеттері.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет