Заттың, нәрсенің атын білдіріп, толық мағыналы сөзбен тіркесе жұмсалатын есімдерді көмекші есімдер дейді. Көмекші есім тіркескен сөз ілік септігі жалғауын ашық жалғауы да мүмкін, жасырын түрде де көрінуі мүмкін.
Мысалы: үйдің маңы, үй маңы, өзеннің жағасы, өзен жағасы, т.б.
Сұрақ-жауап:
- Бәйтеректің биіктігі неше метр?
- Бәйтерек 97 метр.
- «Бәйтерек» сөзі ненің атауы?
- Ағаш
- «Бәйтерек» ненің символы?
- «Бәйтерек»-Астана қаласының
символы.
Жаңа сабақ: «Астана-арман қала».
Мәтінмен жұмыс:
Астана
Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы-Астана. Ол Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан.
Аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді. Есіл өзенінің бойында Елбасы Резиденциясы, Парламент үйі «Интерконтиненталь» қонақ үйі, Жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер бой көтерді. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған. Қаланың ортасында 5 жұлдызды «Алатау» қонақ үйі салынды. Астана қаласында 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады. Қала тұрғындарының саны 518 мың адам.