Психологияның міндеттері мен мәні. Психологиядағы зерттеулердің тәсілдері



бет3/5
Дата07.02.2022
өлшемі338,92 Kb.
#85076
1   2   3   4   5
Байланысты:
Психологияның міндеттері мен мәні

Үшінші кезеңде – психологияның зерттеу объектісі мінез-құлық деп қарастырылып, сонымен бірге американ психологы Джон Уотсон (1878-1958) негізін салған бихевиоризім бағыты еді. Ол “психология бихевиористік көзқарасы тұрғысында» деген еңбегінде ескі психология тіліндегі сана, ерік, эмоция, қабылдау, бейнелеу, т..с.с. терминдерден бас тарту дұрыс деп есептеді. Оның орнына “бихевиоур” –ағылшын сөзі, қазақша ”мінез –құлық” деген мағынаны білдіреді.

Төртінші кезеңде – психикалық құбылыстардың механизмдері мен заңдылықтары зерттелінеді. Қазіргі психология ғылымының негізін қалаған атақты ғалымдар С.Л.Рубинштейн, Л.С.Выготский, А.Р.Лурия зерттеулері айрықша айтылса және XX ғ-дың 30-60-шы жылдардағы психологтар Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин; А.В.Запорожец, Д.Б.Эльконин т.б. еңбектерімен байланысты қаралады.Психикалық құбылыстың табиғи ғылыми негізін жасауда, оны материалисік тұрғыдан түсіндіруге орыстың ұлы ғалымдары И.М.Сеченовтың (1829-1905ж.ж.) рефлекстер жөніндегі пікірлері мен И.П.Павловтың (1849-1936ж.ж.) жоғарғы жүйке қызметі туралы ілімнің маңызы зор болды.
Зерттеу әдістері

Ұйымдастыру әдістері: салыстыру әдісі (әр түрлі топты жасы, қызметі, т.б. бойынша салыстыра зерттеу); лонгитюд әдісі (бір адамды не адамдар тобын ұзақ уақыт аралығында қайталап зерттеу); комплекстік әдіс (әр түрлі ғылым өкілдерінің зерттеуге қатысып, бір объектіні жан-жақты, әртүрлі құралдармен зерттеу)
  • Эмпирикалық әдістер: бақылау мен өзіндік бақылау, эксперименталды(зертханалық,табиғи,қалыптастырушы,) әдістер; психологиялық болжау(психодиагностика); тест (балалардың білімі мен икемділігі, жалпы ақыл-ойының даму дәрежесі, жекелеген жан қуаттарының дамып қалыптасуы жөнінен мағлұмат алуға көмектеседі),сауалнама, сұрақ беру, социометрия, сұхбат, әңгімелесу, шығармашылық.
  • Деректерді өңдеу әдісі: сандық (статистикалық) және сапалық (алынған материалдарды топқа жіктеу, талдау) әдістері.
  • Реттеу-түзету әдістері: аутотренинг, топ тренингі, психотерапиялық ықпал әдісі, оқу-үйрету әдісі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет