«Патриотизм» құндылығы бойынша алға қойған міндет : өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет етіп, өз Отанын қорғауды мақсат тұтатын , Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезімін нығайту. Отбасына, туып-өскен ортасына, топырағы мен табиғатына, еліне құрметпен қарау. Жаңа инновациялық технологиялар, тиімді механизмдерді енгізу, ашық азаматтық қоғам және әлемдік нарықтық экономиканың қажеттіліктеріне сәйкес өскелең ұрпаққа тәрбие және білім берудің сапасы мен деңгейін көтереді, тәрбиеленушілердің патриоттық құндылықтарын қалыптастыру.
Нәтижесінде: - белсенді қарым-қатынас жасайды: оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отырады; - индивиттік: мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамыту, қоғам алдындағы жауапкершілігі артады;
- өзіндік тәртіп орнығады: өзіндік бақылау мен бағалауды шешім қабылдауды үйренеді;
- шыдамдылық: әр түрлі пікірлкрді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеуді, қабылдауды меңгереді. Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін: - оқушылдардың сана-сезімін қалыптастырады;
- жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамытады;