Құрастырушы Ораз а-«Функционалдық сауаттылық қазіргі білім берудің мақсаты және нәтижесі ретінде»,2023 жыл 20 бет



бет11/17
Дата05.09.2023
өлшемі2,42 Mb.
#180264
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
Әдістемелік нұсқаулық
Годовой отчет, Өндірістік (педагогикалық) практика
14-тапсырма. Зат алмасуы
Заттың және энергияның алмасуы – өзара байланысты үдерістер, бұл үдерістің бір де біреуі өз алдына жеке болмайды. Нәрлі заттардың құрамындағы химиялық байланыстар энергиясының қышқылдануы барысында, организмнен бөлініп шығады және қолданылады. Ағзаның өмір сүру қызметтерінің бәрі энергияның бір түрінің екінші түрге өтуі есебінен қамтамасыз етіледі. Алайда энергияның жалпы саны өзгермейді.
1-сұрақ. Зат алмасуы
Әр түрлі мамандық иелерінің мамандығына байланысты іс-әрекеттерінде жұмсайтын энергия мөлшері де әр түрлі болады. Мысалы, интеллектуалдық еңбекпен айналысатын адам, күніне 3000 килокалория жұмсайды. Ауыр дене еңбегімен айналысатын адам, күніне 2 есе кем энергия жұмсайды.
Дене күшін талап ететін еңбекпен айналысу барысында жұмсалатын энергия мөлшері пайдалы әрекет коэффициенті (ПӘК) деп анықталады. Оның орташа мөлшері – 20-25%, спортшыларда ПӘК жоғары болады. Қышқылдану барысында 1 г ақуыз – 4,1 ккал, 1 г май – 9,3 ккал, 1 г көмірсу – 4,1 ккал бөлетіні анықталған. Тағамдық азық-түліктердегі ақуыздардың, майлардың және көмірсулардың мөлшерін білген жағдайда, олардың құнарлылығын немесе энергиялық құнын анықтауға болады.
Тәулігіне 3000 ккал жұмсайтын адам, өз ағзасының энергиялық қажеттілігін толығымен қанағаттандыруы үшін тәулігіне қайсы мөлшерді қабылдауы керек?
А. 732 грамм көмірсу.
В. 732 грамм май.
С. 150 грамм ақуыз.
D. 732 грамм ақуыз және 732 грамм көмірсу.
2-сұрақ. Зат алмасуы
Бұлшық ет қызметі, белсенді қозғалыс, дене шынықтыру жаттығулары және спорт энергияны көп жұмсауды талап етеді. Нәрлі заттардың құндылығын ескере отырып, оларды ауыстыруға болады.
8.География пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған креативті тапсырмалар жинағы
PISA-2022-нің басым инновациялық бағыты- креативті ойлау
Креативті ойлау халықаралық бағалау білім беру саясаты мен педагогикалық саясатта оң өзгерістерге ықпал етеді.
Дамытуға болатын шығармашылық ойлау қабілетін бағалау және проблемалардың шығармашылық шешімін табу.
Идеяларды іздеуде және сипаттауда оқушылардың қаншалықты дәрежеде шығармашылық ойлауға қабілетті екендігін, бұл қабілеттің оқыту тәсілдеріне, мектептің қызметіне және басқа да білім беру жүйесінің ерекшеліктеріне қалай байланысты екендігін сипаттайды.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) оқу жетістіктерін бағалаудың төртінші бағыты ретінде «Жаһандық құзыреттілік» бағытын енгізген.
PISA тесті 15 жастағы оқушылардың креативтілігін, сын тұрғысынан ойлау, көшбасшылық және алдын ала жобаланған стандартты емес жағдайға бейімделе білу қабілетін бағалайды.
Оқушылар өз бетінше шешім қабылдауды және таптаурын болған стереотиптерді ұстанбауды үйренуі керек.
Назар аударуды қажет ететін маңызды мәселелер – автоматтандыру және жасанды интеллект, … компьютерлік ойлау тұжырымдамалары мен цифрлық технологияларды ұтымды қолдана білу.
PISA зерттеулеріндегі креативтілікке арналған тапсырмалар ерекшелігі:
Тапсырмалар көбіне келесі мәселелерге шоғырланған:
• Бұрыннан белгілі білімді қолдану емес, жаңа идеяларды ұсыну процесі;
• Ұсынылған тәсілдер мен шешімдердің басқаларға ұқсамайтын ерекшелігі (жауаптар маңызды және құнды болған жағдайда);
• Баламалы шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін және соған орай мәселені жақыннан қарастыруды және нақтылауды талап ететін ашық проблемалар;
• Жауаптар емес, шешімін табу процесі мен тәсілдері.
Тапсырмаларды орындауда келесі ұсыныстарды басшылыққа алу ұсынылады:
1)Ұсынылған тапсырмаларды бар ықыласыңызбен оқыңыз және негізгі ақпаратты тауып алыңыз.
2)Есептердің суреттері, сызбалары, графиктеріне және физикалық үдерісті түсінуді жеңілдететін кестелерге көңіл аударыңыз.
3)Қандай ықшамдалған сөйлемдер, есептің шығарылуын жеңілдететінін ойлап алыңыз.
4)Схемалық сызба немесе сурет салуға тырысыңыз, ол әрқашан ойлануды жеңілдетеді. Дұрыс құрастырылған схема – есепті шығарудағы жетістіктің жартысы екені есіңізде болсын.
5)Көпшілік жағдайда есептің барлық шамаларын тиісті әріптермен белгілеп және оларға қажетті есептеулер жасап, жалпы түрде шығарған пайдалы. Егер есептің шартында шамалардың бөліктері жоқ болса абыржымаңыз, олар бәрінен де дұрысы қысқартылады.
6)Жалпы түрде шығарып алып, біркелкілігін талдап немесе бұрын шығарылған ұқсас есеппен салыстырып, оның дұрыстығына көз жеткізуге тырысыңыз.
7)Егер еспте шамалардың сандық мәндері берілсе, онда жауабы санға дейін жеткізілген болуы керек.
8)Барлық мәліметтерді бір өлшем бірлігінде өрнектеу керек.
9)Егер сізге есепті бірден шығару мүмкін болмаса, бүге- шегесіне дейін көңіл аударып, тиісті теориялық материалды тағы да зерттеп көріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет