Реферат Пәні: Әлеуметтану


I.«Қоғам» деген ұғымның мәні мен түсінігі, анықтамалары



бет2/5
Дата15.05.2023
өлшемі52,74 Kb.
#176713
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Әлеуметтану
програмирование 9 АӘ
I.«Қоғам» деген ұғымның мәні мен түсінігі, анықтамалары
«Қоғам» деген ұғым әлеуметтану ғылымының басты категориясы болып табылады.
Қоғам - жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Бұл ұғым әлеуметтанудағы ең маңызды ұғымдардын бірі болып табылатындығына қарамастан, оны қолдану әсіресе оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық және саяси институттары мен анық шеқаралары бар әйгілі ұлттық мемлекеттерге қолданыла алатын мағынасында пайдалану біркатар қиындықтар мен кикілжіндер туғызып отыр.
Белгілі социолог П.Сорокиннің атап көрсеткеніндей, қоғам деген – ол бір адам емес, ең кемінде бір- бірімен байланысты екі адам.
К.Маркс «Қоғам» дегеніміз – адамдардың өзара әрекеттесуінің нәтижесі деп есептеді. Қоғамды бар деп тану үшін адамдардың бірігуіне мынандай жағдайлар қажет: 
1. Адамдардың өмір сүруі үшін тұрақтылықты жер территориясының ортақтығы. Әдетте ол мемлекет . 
2.Қауымдасбүтіндігі мен тұрақтылығы; 
3.Өздігінен ұдайы өндіру, өзін- өзі қамтамасыз ету және өзін- өзі басқару; 
4.Халықтың дамуына қажетті белгілі бір мәдени деңгейдің болуы. 
Қоғамның анықтамасы: ол өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өзара байланысты және өзара әрекет ететін тарихи қалыптасқан формалар арқылы біріккен, тұрақтылығымен, бүтіндігімен, өздігінен ұдайы өндірілетіндігімен, өзін- өзі реттеуімен, қажетті мәдениет деңгейіне жеткен жетістігімен ерекшеленіп, сипатталатын адамдардың жиынтығы. 
Күнделікті өмірде бұл ұғым кең түрде және әр түрлі мағынада қолданылады. Мәселен, 1) таңдаулы адамдардың қоғамы; 2) театр өнерін сүюшілер қоғамы; 3) Ресей немесе Қазақстан қоғамы; 4) адамзат қоғамы, т.б. мағынада қолдануы бар. Әлеуметтану ғылымы осы аталғандардың ішіндегі үшінші топтағы «қоғам» ұғымын зерттейді. 
Көп уақытқа дейін «мемлекет» және «қоғам» ұғымдарын мазмұн және терминологиялық жағынан айырып көрсету болмады. Бұл ұғымдардың мазмұнын айыруда алғаш қадам жасаған ғалым Н. Макиавелли болды. Ол мемлекет ұғымын «қоғам» ұғымынан айырып қарау үшін «stato» деген арнайы термин енгізді. 
«Мемлекет», «қоғам», «ел» деген ұғымдарды синоним ретінде түсіну әлі де кездеседі. Әрине, бұл атаулардың арасында жақындық болғанымен, оларда айырмашылық бар. Егер біз оларға жеке тоқталсақ, қоғам – бір- бірімен өзара байланыста, қарым- қатынаста болатын адамдардың үлкен қоғамдасуы; мемлекет – сол қоғамды басқаратын билік органы; ел – әлгі аталған қоғам қалыптасып, мекендейтін белгілі бір территория. 
Ғылыми әдебиеттерде «қоғамның» мәнін түсіндіруге бағытталған анықтамалардың саны 150-ден астам. Әрине, олардың бәрі бірдей «қоғам» деген ұғымның мәні мен мазмұнын толық аша алмағанмен, бұл анықтамаларда ортақ сипатты белгілер бар. 
Мәселен, әлеуметтанудың негізін қалаушы француз ғалымы Огюст Конт қоғамды белгілі бір қызмет атқаратын, ынтымақтастық пен қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделген жүйе деп тұжырымдай келе қоғамның негізін отбасы, таптар және мемлекет құрайды деген анықтама береді. 
Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм қоғамды коллективтік санаға негізделген, жеке индивидке қарағанда жоғары, бастапқылық сипаты бар рухани нақтылық деп түсіндіреді. Яғни, қоғамның тұтастығының негізі – коллективтік, жалпыға тән сана деген тұжырымды айтады. 
Көрнекті неміс ғалымы М.Вебер: «қоғам – адамдардың бір- біріне ықпал, әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың жиынтығы» дейді. 
Американдық әлеуметтанушы Парсонстың пікірінше, қоғам – адамдар арасындағы қарым- қатынастардың жүйесі, ал, ол қарым- қатынастардың негізі – ережелер мен құндылықтар болып табылады деген. 
Ал, К. Маркс қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің нәтижесінде пайда болып, тарихи дамып отыратын қатынастардың жиынтығы ретінде түсіндіреді. 
Бұл анықтамалардың бәріне тән ортақ сипатты белгі- қоғамды өзара тығыз байланыста болатын элементтердің тұтас жүйесі ретінде қарастыру тән. Бұл – қоғам өміріне жүйелік тұрғыдан қарау деп аталады.Қоғамға жүйелік тұрғыдан қараудың негізгі принцептеріне көшпес бұрын, алдымен жүйе дегенге анықтама беру керек.
Жүйе – өзара байланыста болып, белгілі бір тәртіпке келтірілген элементтерден тұратын, өздігінен дамитын және өзін- өзі реттеп отыратын күрделі тұтастық. Кез келген тұтас жүйенің ішкі табиғатын, мазмұнын, оны құрайтын элементтердің құрамы айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет