Реферат Пәні: Әлеуметтану



бет1/5
Дата15.05.2023
өлшемі52,74 Kb.
#176713
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Әлеуметтану
програмирование 9 АӘ



Реферат
Пәні: Әлеуметтану
Тақырыбы: Қоғамның әлеуметтік құрылым ерекшеліктері

Алматы 2022


Кіріспе
Қоғам дегеніміз – адамдардың жиынтығы , олардың бірігуі, бір- біріне қатынасы.
Қоғам, адам және қоғамдық қатынастар туралы ой – пікірлер, идеялар мен ұғымдар алғашқы қауымдық қоғам дәуірінде- ақ қалыптаса бастаған. Адамдардың алдында қоғам деген не, ол қалай пайда болады, ол қалай дамиды, дамудың көздері мен қозғаушы күштері неде, қоғамды құбылыстар мен процестердің байланысы қандай, өзара әсері, себебі, қарым – қатынастар заңдылықтары бар ма деген және басқа да көптеген сұрақтар, ой – пікірлермен идеялар туады.
Қоғамдық құбылыстарды процестерді, тарихты танып білуге, өзгертуде философия тарихында материализм мен идеолизмнің арасында ұдайы қарама – қарсы күрес болып келді.
Қоғамның ілгерлеп дамуы, таптардың пайда болуы, ой еңбегімен дене еңбегінің бөлінуі, еңбекші бұқараны қанаудың күшейюі қоғам туралы ой пікірлерді, идеяларды одан әрі дамыта, тереңдете түсті. Қоғамдық өмірге, оның дамуына байланысты көз қарастар да бұрын идеолизм үстемдік етіп келді. Оның үш түрлі себебтері бар тарихты ғылыми тұрғыдан түсіндіру белгілі бір нақтылы объективтік жағдайлар талабына байланысты туындаған соның рухани нәтижесі еді. Ол қоғамның, философияның, ғылымның жаңа практикалық талабына сәйкес өмірге ойдың жетістіктеріне сүйену арқылы, соның жалғасы ретінде және ғылым, практика жаңалықтарына сүйене отырып, солардың талабына сай қалыптаса бастады.
Қоғам – әлеуметтік жүйе. Ал, әлеуметтік жүйе деп, негізгі элементтері адамдар арасындағы өзара байланыстар мен қарым- қатынастардан, өзара ықпалдасудан тұратын күрделі тұтастықты айтамыз. Жекелеген адамдар және адам топтарының арасында болатын байланыстар, қарым- қатынастар және өзара ықпалдасу тұрақты сипатта болды және тарихи дамып, бір ұрпақтан екінші бір ұрпаққа ауысып отырады. 
Әлеуметтік байланыстар – фактілердің жиынтығы. Ол белгілі бір адамдар немесе адамдар тобының арасында нақты бір уақытта бірлесе қызмет ету нәтижесінде пайда болады. Ол байланыстар объективті қажеттіліктен туындайды және белгілі бір мақсатты көздейді. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет