Республикасының білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет19/47
Дата07.02.2022
өлшемі1,41 Mb.
#85628
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   47
Байланысты:
Yassaui i Dulati

 
Әдебиет
 
 
1.
Дулати М.Х Тарих
-
и Рашиди (Хақ жолындағылар тарихы). 
– 
Алматы: М.Х. 
Дулати қоғамдық қоры, 2003.
2.
Утемиш
-
хаджи. Чингиз
-
наме. 
– 
Алма
-
Ата: Ғылым, 1992.
3.
Ислам: Қысқаша анықтамалық. 
– 
Алматы: Қазақстан, 1988.
4.
Бартольд В.В. Улугбек и его время. Соч. Т.II (у.2.) М., 1964.
5.
Энциклопедия “Ислам”

Бас редактор Р. Нұрғалиев. 
– 
Алматы: “Қазақ 
энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1995.
51 


ОӘЖ 94 (574)
ҰЛЫ ОЙШЫЛ ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИДІҢ СОПЫЛЫҚ ІЛІМІНІҢ 
МАЗМҰНЫ
 
 
Дүйсенова Д.Н.
 
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің
«Дулатитану» 
ғылыми
-
зерттеу орталығының ғылыми қызметкері
Түркі жұртының рухани 
– 
мәдени өмірінің өзегіне айналған орта ғасырдағы 
аса көрнекті ақыны, есімі ислам әлеміне танымал болған ой иесі, мұсылман 
қауымының дәстүрлерін бойына терең сіңіріп, соны жырларына алтын арқау ете 
білген сопылық әдебиеттің түркі халықтары арасындағы ұлы ойшылы Қожа Ахмет 
Ясауи болды. 
Биылғы 2016 жыл
Халықаралық ЮНЕСКО ұйымы Қ.А.Ясауидің туылғаны 
850 жыл толуына байланысты «Қ.А.Ясауи жылы», 
– 
деп белгіледі. Осыған 
байланысты елімізде көптеген іс
-
шаралар мақсатты түрде ұйымдастырылып 
өткізілді.
Қ.А.Ясауидің әлем таныған «Даналық хикметтері» түркі әдебиетінің дамуына 
зор үлес қосты, оны зерттеу барысы түрік тілдес халықтар әдебиетінің 
дүниетанымын айқындауға жол ашады.
1929 жылы Ахмет Ясауи кесенесінде болған В.А Гордлевский теріге жазылған 
көне бір нұсқаның болғандығын және оның бертін келе жоғалғандығын айтқан [1, 
382
б]. Қазіргі хикметтер ХV
-
ХVІІ ғасырлардағы көшірмелердің негізінде жарық 
көрген нұсқалардан. Бұл басылымдар жөнінде түрколог Әмір Наджип «Ясауи 
жинағы ғасырлар бойы толықтырылып, өзгеріске ұшырап отырған, қазіргі кезеңде 
ақын хикметтерінің қайсысы оның өз қолынан туған, ал қайсысы өңі өзгертілген 
немесе шәкірттері тарапынан жазылғандығын айту қиын»
, – 
деп мәлімдейді [2, 
16
б
].
Қ.А.Ясауи дүниетанымы оның ілімінің мәні мен маңызы «Диуани хикмет» 
шығармасының мәнін зерттеу обьектісіне айналдырған көптеген ғалымдар мен 
зерттеушілеріміз өз шығармаларында «Бүгіндері қолымыздағы хикметтер тіпті 
Ахмет Ясауиге тиісті болмаса да олардың рухы Ясауиге тиісті өлеңдерден еш 
айырмасы жоқ», 
– 
деген аса құнды пікірлер мен ғылыми ойлар айтқан [2, 18б
]. 
Қ.А. Ясауи ілімінің негізгі өзегі сопылық ілімдер болды. Оларды білу сопылық 
ілімнің мәні мен маңызын айқындаумен тең еді.
Сопылық сөзінің мағынасы туралы зерттеушілердің «сопылық
» 
арабша «суф» 
сөзінен келіп шыққан, жүн мата
-
деген мағынаны білдіреді», 
– 
дейді. Басқа 
ғалымдар болса, оны грек тіліндегі «сафас» 
– 
данышпан сөзінен алынғандығын 
айтады.
А.А.Крымскийдің зерттеуінше, суфи сөзі VІІІ ғасырдың ортасынан бастап 
және негізінен мұсылмандарға қатысты қолданылған [3,
334
б]. Сопылық ілім 
мұсылманның істеген ғибадаты, жасаған төрағалығы мен дін жолындағы күресі, 
Аллаһ алдында істеген істері. Хәлдің келіп оның өзгеруі Аллаһты тану үшін 
рұқсат еткен ұйғарымы еді.
Қ.А.Ясауи хикметтерінде сопылық жолдың мәртебелері мен хәл
-
мақамдары 
жан
-
жақты қамтылып сипатталады. Бұл ілімнің ұстанымы 
– 
«Тәубе». Тәубе 
52 


күнәдан арылуға бағытталған әрекет атауы. Бұл адам қателескенде немесе күнә 
жасаған сәттерде орындалады.
Тән сөйлемес, жан сөйлемес, иман сөйлер,
Жаннан безген шын ғашықтар хақты көздер
Ей іңкәрім, жолда қалдым, жолға салғыл,
Тәубе қылған қожам жайын гүлзар қылар.
Хикметтердегі тәубе тақырыбындағы жолдар тәубеге келгендердің қадір 
қасиетін жан
-
жақты танытуға құралған. Шын ғашық Алладан басқаны есіне 
алғандығы үшін тәубеге мұқтаж. Тәубеге келісімен нәпсіге шек қойып, дүние 
қызығынан бас тарту мағынасына келер екінші мақам «зуһд» (тақуалық).
Бейхабарлар білмей ғұмырын желге сатар, 
Құран
-
құр жаһаннамға кетер достар.
Ақырзаман суреттерін шайхы түзер,
Заһидтық пен тақуа қылмай, жолын бұзған.
Сопылардың бұл мақамдағы басты мақсаты тақуалықты ұстанып, нәпсіге 
шек қою және соның нәтижесінде Аллаһтың дидарын көруге талпыну. Ал, бұл 
талпыныс, келесі мақам «сабырлықтан» өтпей жүзеге аспас. Ахмет Ясауи өз 
хикметтерінде сабырлық пен ұстамдылықты уағыздай келе бір Аллаһтың 
дидарына ғашықтығын жасырмаған.
Сабырлық адамзаттың пәни дүние қиындықтарына төтеп беруі. «Аллаһтан 
жәрдем тілеңдер, әрі сабыр етіңдер: Жер Алланыкі екені даусыз. Ол құлдарына 
қалағанын мұра
қылады. Соңғы табыс тақуалардыкі»
, [7/128] – 
деп Құранда 
айтылғандай сабырлық тақуалыққа жетелер жолдағы ең жоғарғы табыс [2,384б
]. 
Қ.А.Ясауи іліміндегі сабырлық дүние мен көңіл көтеруге қарсылық әрекеті 
және оның «жетілген тұлға» мәртебесіне жетілу жолында кездескен 
қиындықтарға төтеп беруі негізгі тамыры.
Қорыта айтқанда, Қ.А.Ясауи ислам діні мен жергілікті дәстүрді 
сабақтастырып, халықтың рухани тұрғыдан кемелденуіне өз үлесін қосты. Оның 
қарымды қаламынан туған «Диуани Хикмет» атты еңбегінде елді бейбіт өмір мен 
ибалылыққа шақырды. Сауаттылық пен еңбекқорлық арқылы адамзаттың 
қараңғылықтан құтылып, жарық сәулеге енетіндігін жазды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   47




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет