Республикасының білім және ғылым министрлігі


АБАЙДЫҢ ДІНИ КӨЗҚАРАСТАРЫНА ҚОЖА АХМЕТ



Pdf көрінісі
бет36/47
Дата07.02.2022
өлшемі1,41 Mb.
#85628
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   47
Байланысты:
Yassaui i Dulati

АБАЙДЫҢ ДІНИ КӨЗҚАРАСТАРЫНА ҚОЖА АХМЕТ
 
ЯСАУИ 
ІЛІМІНІҢ ӘСЕРІ
 
Кульбаева Д.Д

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің доценті, 
философия
ғылымдарының кандидаты
Абай заманына дейінгі қазақ жеріндегі ислам тарихы он ғасырдай уақытты 
алады. Көшпенділерді ислам дініне қаратудың алғашқы қадамдары VІІІ ғасырдың 
басында Халиф Хишамның кезінде жасалды. Хишамның қолбасшыларының бірі 
– 
Кутайба Тараз, Сайрам қалаларына дейін жетіп, Мұхаммед дінін тарата бастайды. 
Абай «Бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» мақаласында 
мұсылмандықты таратудың алғашқы кезеңіне сын көзбен қарайды. Абай Кутайба 
мен Муслим бастаған араб әскерлерінің жергілікті халықтың рухани, мәдени 
қазыналарын, жазба деректері мен жазуын із түссіз жойып жіберген әрекеттерін 
айыптай сөз етеді. Олардың қазақ халқының ескі әдет
-
ғұрыптарын өзгертуге 
тырысқан қимылына былай деп

мысал келтіреді. Ол күнде Наурыз деген бір 
жазғытұрым мейрамы болып, наурызнама қыламыз деп той
-
тамаша қылады екен. 
Бұл күнде бұл сөз құрбан айтына айтылады, ол уақытта жаңа дінге кірген соң енді 
бір Бұқарадан басқа шаһарлардың да, жер
-
сулардың да, халықтың да бұрынғы 
аттарын бұзыпты. Сондықтан да
болғанға ұқсайды, әйтеуір содан қазақ атаныпты. 
«Қазақ» ұғымын зерттеу жолында ойшыл бүкіл тарихты ақтарады, діни сенім, 
наным мәселелерін көзден тыс қалдырмайды. Яғни, Абай ислам тарихын, оның 
қазақ
жерінде таралу жолдарын, жақсы және жаман жақтарын біле отырып, оны 
саналы түрде қабылдаған.
Ислам діні алғашында қалаларда тарап, алғашқы 
салынған мешіттерде уағыздалды. Қазақ жеріндегі ерте салынған мешіттердің бірі 
– 
Әзірет
-
сұлтан, яғни, Қожа Ахмет Ясауи мешіті. Ол
Түркістан қаласында Ақсақ 
Темірдің бұйрығымен салынған. Хорезм, Бұқара, Самарқан әскерлері Бартольдь 
100 


айтпақшы, тек найзаның ұшымен ғана емес, ұлы ғимараттар салып

ілім
-
білім, 
миссионерлік, қожалық, сопылық жолымен де ислам саясатын жүргізді.
Көп зерттеушілер ХІХ ғасыр соңында ХХ ғасыр басында қазақтар арасында 
ислам дінінің үлкен орын ала бастағанын жазады.
Діни мектептер мен медреселер 
көбейді. Жетісу облысында 1891 мен 1897 жылдар арасында мектеп саны 64
-
тен 
88-
ге, ал оқушылар саны 1251
-
ден 12835
-
ке дейін, яғни 10 есе көтерілді. Семей 
облысында, Абай елінде 1884
-
1885 жылдары бір жыл ішінде мектеп 10
-
нан 17
-
ге 
дейін, оқушылар саны 615
-
тен 900
-
ге дейін жетті.
Ал енді

Абай діндарлығының ерекшелігі, оның исламды гуманистік тұрғыдан 
қабылдап, ағартушылық, адамгершілікке сипат беруінің негіздерін іздесек, бірінші 
орында тарихи мезетке, ұлт психологиясына ерекше мән берер едік.
«Дінтану Абайға деген сенім тұрғысынан алғанда Абайға үлкен әсер еткен 
сопылық философия, яғни, Қожа Ахмет Ясауидің дүниетанымы (1). Өзінің 
ойларымен қайырымсыздыққа, тоғышарлық пен менмендікке қарсы болып, адамды 
тазалыққа, имандылыққа шақырды. Абай Ясауидің «Диуани хикмет» 
– 
Даналық 
кітабынан көп идеялар қабылдады. Әсіресе, оның уағыз еткен әділеттілік
мейірімділік, адамгершілік, имандылық қасиеттерін жоғары
бағалады, олардың 
бәрінде ислам дініне мейлінше сеніп, өлеңдерінде, қара сөздерінде Алла туралы, 
ислам діні туралы көптеген айшықты ойлар айтып, имандылықтың қазақ халқының 
рухани табиғатымен іштей үндес екенін орасан зор шығармашылық қабілетімен 
баяндай білді.
Ясауидің философиялық негізгі қағидалары «Даналық кітабы» мен Рисала 
еңбектерінің мазмұнынан шығады. Олардың ең бастысы, Аллаға, Ақиқатқа, рухани 
жаңаруға жету жолдарын анықтау. Бұл жолда қойған мақсатына жету үшін әрбір 
мұсылман мынадай төрт сатыдан өтуі қажет. Олар: шариғат, тарихат, хақиқат, 
мағрифат. Шариғат
– 
ислам дінінің заңдары мен әдет
-
ғұрыптарын орындау жолы. 
Тариқат 
– 
сопылық мүддеге жеткізетін жол, сопылардың рухани жетілу жолы. 
Мағрипат 
– 
дін жолын танып, оқып
-
білу, рухани жетілудің үшінші басқышы. 
Хақиқат 
– 
Аллаға жақындап, онымен бірігу, діндарлықтың ең жоғары басқышы.
Ахмет Ясауидің пікірінше, шариғатсыз, тарихатсыз, мағрифатсыз хақиқатқа 
жету мүмкін емес. Олардың әрқайсысының он шарты бар, солардың бәрін ұстап,
орындау қажет. Кәлима шариғаттың он шарты: иман, намаз, ораза, зекет, қажылық, 
несие сөз, білім алу, расулдың (пайғамбардың) 444 сүннетін білу, әдет
-
ғұрыпты 
сақтау. Тарихаттың он шарты: ниет қылу, пірге қол беру, азаптан қорықпау
сүйіспеншілік, пір мен ғалымдарға
қызмет қылу, оның жолымен жүру, насихатшы 
болу, әділетті, сабырлы, төзімді болу.
Мағрифаттың он шарты: махаббатты 
сүю, қамқор болу, рахымшыл

көмекшіл болу, дәруішті қабылдау, адалдықты 
сақтау, шариғатты тарихатқа ұштастыру, дүниеге сүйенбеу, қияметті ұмытпау, 
жұмақ, дозақты білу. Хақиқаттың он шарты: хаққа сену, иманды білу, қанағат қылу, 
сабырлы болу, өткенге өкінбеу, жоқшылыққа көну, ұстамды болу, шариғатты терең 
білу, тарихаттың сырын білу, әулие
-
әмбиелерді
сыйлау.
Хақиқатқа жеткен сопы осы төрт
қағиданың барлық шарттарын түгел 
орындаса, көктегі Алланың дидарын көруге қолы жетеді. Ясауи хикметінде бұл 
жолдың өте қиын жол екенін, кез
-
келген адам түгіл, сопы өздері жете алмайтынын 
былай деп көрсетеді:
101 


Өтті
өмірім шариғатқа жете алмадым,
Шариғатсыз тарихатқа өте алмадым.
Хақиқатсыз мағрифатқа, бата алмадым.
Қиын
жылдар пірсіз қалай өтем достар /2/
Сопылық ағым, сайып келгенде, тұғырлы екі тұжырымға негізделеді. 
Біріншісі, шынайы дүниенің, яғни, болмыстың жаратқанның жасампаздық 
құдыретінің
ізі, жемісі деп түсіну. Сол болмыстың пендесі күнәларынан арылу үшін 
бұл дүниенің қызығын тәрк етіп, өзін
-
өзі қинап, азаптау арқылы, күні
-
түні зікір 
салып экстаздық жағдайға жету, Аллаға деген махаббат сезімін ояту арқылы 
онымен тұтастану қабілетіне жетуі тиіс.
Екіншісі, дүниеқоңыздыққа салынған 
бай мен бектерді, дәулет иелерін, ишан, молдаларды мінеп
-
шенеу, сонымен қатар 
адамды барға қанағат етіп шүкіршілік қылуға, зұлымдыққа қарсыласпауға, ал 
бақуаттыларды қайырымдылыққа, мейірімділікке шақырады.
Абай сопылықтың барлық қағидаларын қолдай алмады. Шексіз тақуалық, 
өмірдің
қиындығына қарсы тұрмай, шынайы өмірдің қызықтарынан безу, отбасы 
тірліктерінен арылу, бұл дүниедегі өмір тек мәңгілікке деп түсіну ақын Абайдың 
өмірлік
қағидаларына сай келмеді.
Дегенмен, «қара
сөздердің» отыз сегізінші сөзінде Ясауиден тікелей көшкен 
тарихат жолдары белгі беріп тұр. Олар: тәубашылдық, ғибадатшылдық, сабырлық, 
шүкірлік, ғаріптік, махаббат, сүйіспеншілік, ғылым жолымен жүру және т.б. Осы 
түсініктердің бәрін талдай келе, Абай әсіресе, махаббаттың мәніне ерекше 
тоқталады. «Махаббат 
– 
әуелі адамның адамдығы, ғылым, ақыл деген 
нәрселерменен, талап, ұғым махаббаттан шығады. Ғылым 
– 
Алланың бір сипаты, 
ол хақиқат, оған ғашықтың өзі де хақлық, Һәм адамдық тұр» /3/. Бұл сопылардан 
келген ой, себебі олар махаббатты Алланың нұры деп түсініп, осы нұр жауғандарға 
махаббат сезімі туып, алдынан сан алуан жолдар ашылады. Алланы сүюден, 
махаббат одан әрі
дамып, дүниенің кеңдігін танытады, тіршілік мәселелерін 
мазмұнды етіп дүниені өзгертуге жетелейді.
Абай мен Ясауиді жақындастыратын тағы бір тақырып 
– 
адамның рухани 
болмысындағы жүректің орны. Жүрек сопылық философияның барлық ұғымдарын 
қиыстыратын, жалғастыратын ұғым. Ол Алланың нұрын елестететін құрал. 
Ақынның «адамның жүзі
– 
жүректің айнасы»,
– 
деуі де жай ғана айтылған сөз емес. 
Иманды, иман жүзді адам Аллаға ғашық адам. Ол 
«
Құдайдан
да

Мұхаммед 
пайғамбардан да көңіліне ғашықтық дертін жанына күпірлік сала көр
» 
деп тілейді. 
Өйткені, бұл жолдан басқа Алланы танып, оған жақындау мүмкіндігі жоқ.
Әрине,
Ақиқат, Алла, Абсолют шексіз, бірақ оны үнемі толассыз, тынымсыз іздеу 
сопылықтың басты қағидасы. Бұл сопылық скептицизм Абайға да әсерін тигізді. 
«Алла
тағала өлшеусіз, біздің ақылымыз өлшеулі. Өлшеулі мен өлшеусізді білуге 
болмайды. Біз Алла
тағала
«бір» дейміз, «бар» дейміз, ол «бір» демектік те 
– 
ақылымызға ұғымның бір тиянағы үшін айтылған сөз. Болмаса ол «бір» демекшілік 
те» Алла тағалаға лайықты келмейді /4/. Дегенмен Абай Алланы санамен қабылдап 
тануға болады, ол үшін оның басты сипаттарын
білу керек дейді. Сол сипаттардың 
ішінде ғылым Алланың өзін де тану жолы. Сопылықтың әсері сезілгенмен, Абай
бұл мәселені де өзінше, жаңаша шешуге тырысады. Ясауи туралы тағы бір айта 
кететін жәйт, ғұламаның алпыс үш жасында қылеуетке түсуі барлық 
102 


зерттеушілердің айтуынша, оның Мұхаммед пайғамбарға шексіз махаббатының 
соңғы дәлелі. Шын мәнісінде оның «Үмбеттердің күнәсін кеш, пәруәрдігер» дейтін 
жолдары, мұсылман қауымының Алла
алдындағы жасаған күнәларін, өзін
-
өзі 
азапқа салу арқылы жуу жолына саналы түрде түскенін аңғартады. Бұл Алла мен 
адам арасындағы елшілік, аманаттық қызмет. Бұл Иса пайғамбардың бүкіл 
христиандардың күнәларын өз мойнына жүктеп, содан арылту үшін өз
-
өзін азапты 
өлімге
қиғанындай ерен ерлік. Мұсылман әлемінде Ясауидің пайғамбардан кейінгі 
абыройы, тірі кезінде әулие дәрежесіне көтерілу себебі
осында болса керек.
Ясауи дүниетанымынан сайын далаға ең кең тарағаны тәубашылдық ұғымы 
болды, ол тек қана Абай ойларына ғана емес, бүкіл қазақ менталитетіне тән нәрсе 
болды. Абай өз заманында махаббат, тәуба, қанағат, рахым ұғымдарының 
қазақтардың
ұлттық санасына қажеттігін ұғып, олардың сопылық сарыннан 
арылған мәндерін барынша уағыздады.
Бұл ұғымдардың арасында махаббат, қанағат, рахым біржақты мәні бар, 
пікірталас туғызбайтын сипаттар. Ал

тәуба, шүкіршілік түсініктері әлеуметтік 
ортаға қарай, ғұмыр кешіп жатқан заманға қарай бір жағынан жағымды, бір 
жағынан жағымсыз сипат алып отыруы мүмкін. Отаршылық дәуірде Кенесары, 
Махамбет, Сырым, Мұстафалар барға қанағат, Алла
халқыма шүкіршілік бере гөр
деп отырғанда қазіргі ұрпақ мақтан тұтатын ұлтжандылық жолында туын көтеретін 
негіз бола қояр ма еді?
Бұл 
– 
бір сұрақ. Ал, екіншіден, Елбасы айтпақшы, Абай өз 
уақытында халқына жаны ашып орға жығатын емес, өрге
бастайтын жол іздеді. 
Осы ізденіс жолында Ясауиге де соғып оның «Даналық кітабынан» өзіне қажетті 
рухани қолдау іздеп, сопылықпен бірге өшпес, өлмес исламият жолының
қағидаларын
да тапты.
Махаббатпен жаратқан адамзатты
Сен де сүй, ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және қақ жолы осы деп әділетті!
Руза, намаз, зекет, хаж
– 
талассыз іс,
Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс.../5/.
Абай мен Ясауи шығармашылығындағы сабақтастық осы сөздерден кейін 
тіптен де даусыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   47




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет