Республикасының білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет39/47
Дата07.02.2022
өлшемі1,41 Mb.
#85628
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   47
Байланысты:
Yassaui i Dulati

 
Әдебиет
 
 
1.
Молдабеков Ж.Ж. Рухани тұлға тарихтағы бір алып
// Мұхаммед Хайдар 
Дулати: Ойшыл. Тарихшы. Жазушы. Қолбасшы: Халықаралық ғылыми
-
теориялық конференцияның материалдары. 
– 
Алматы:
1999. – 188-
189 бб.
2.
Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. 
– 
Алматы: Атамұра.
1999. – 
320 б.
3.
Дулати М.Х. Тарих
-
и Рашиди. 
– 
Алматы: Тұран.
2003. 
ОӘЖ 
930.1:323(574)
 
МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИДІҢ ТАРИХИ
-
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ 
КОНЦЕПЦИЯСЫНЫҢ «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫМЕН 
САБАҚТАСТЫҒЫ
Омаров С.Ә.
 
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің аға оқытушысы
Қазіргі
Қазақстанның тарихи, философиялық, педагогикалық ғылымдарының 
қайнар
көзі Мұхаммед Хайдар Дулатидің еңбектерінен бастау алады. М.Х.Дулати
өз
заманының жан
-
жақты ғалымы болған, Қазақстанның, Орта Азияның, 
Моғолстанның тарихын және түркі халықтарының фольклоры мен мәдениетін 
терең зерттеген. М.Х.Дулатидің «Тарих
-
и Рашиди» атты еңбегін орта
ғасыр
дәуірінің елеулі тарихи және әдеби ескерткіштеріне жатқызуға болады. Бұл 
ортағасырдағы фарси тілінде жазылған бірегей тарихи шығармасы болып 
табылады. Бұл еңбекте Х
V-XV
I ғасырдағы Орта Азия халықтарының 
этнографиясы, географиясы, тарихы, әдебиеті мен мәдениеті көрсетілген. Оның 
«Тарих
-
и Рашиди» атты еңбегінде Қазақ хандығының қалыптасуы, Жетісу мен 
Шығыс Дешті
-
Қыпшақта
болған оқиғалар, Моғолстанның құлауы, феодалдық 
қақтығыстар, сыртқы жауға қарсы қазақтар мен өзбектер, қырғыздар арасындағы 
ынтымақтастықтың қалыптасуы
жөніндегі мағлұматтар бар.
Бұл еңбекте ХV
-
XVI ғасырлардағы Oңтүстік
және Oңтүстік
-
Шығыс 
Қазақстанның
әлеуметтік
-
экономикалық жағдайы, қалалық
және егіншілік 
мәдениеті, Жетісу мен ортағасыр Қазақстанның тарихи географиясы жайлы көп 
мәліметтер кездеседі. Мұхаммед Хайдар сол заманға сай жақсы білім алған, 
шағатай, араб, парсы тілдерін толық түрде меңгеріп, ислам мәдениетін жақсы 
білген. Біздің заманымызға оның екі еңбегі 
– 
парсы
тілінде жазылған «Тарих
-
и 
Рашиди» және шағатай тілінде жазылған «Джахан
-
наме» поэмасы жетті. «Тарих
-
и 
Рашиди» еңбегінің басым көпшілігін мемуар жанрына жатқызуға болады. Бұл 
естеліктерде тарихи оқиғалар автордың өзінің өмірі және оның замандастарының 
өмірі
жайлы ойларымен шиеленіскен. Олардың ішінде тұрмыстық әсерлер
113 


Дулатидің жазған өлеңдері, адамның өмірі туралы философиялық ойлар, дәстүрлі 
шығыс педагогикаға тән адамгершілік принциптері, жан
-
жақты жетілген тұлғаны 
тәрбиелеу және жақсы жетекшінің қасиеттері жөніндегі мәселелер жиі кездеседі.
М.Х.Дулатидің тарихи хикаялары жастарды оқыту және тәрбиелеу
мәселелеріне байланысты философиялық ойларға, нақыл сөздерге, өмірден 
алынған кеңестерге бай болып келеді. Осының бәрі әсерлі метафораларға, 
эпитеттерге және орынды атауларға толы бейнелі әдеби тілмен баяндалады. 
М.Х.Дулати мұсылман түркітілдес философиясының өкілдеріне, яғни аль
-
Фарабидің, Х.А.Ясауидің, М.Қашқаридің, Ж.Баласағұнидің
идеяларына тән 
гуманистік философиялық дәстүрлердің
жалғастырушысы болып табылады. 
Әсіресе, М.Х.Дулатидің шығармашылығында Х.А.Ясауидің сопылық идеяларымен 
сабақтастығын байқауға болады. 
Х.А.Ясауидің сопылық ілімінің басты ережесі Аллаға деген сүйіспеншілік 
болып табылады. Тек осы құдайға деген
сүйіспеншіліктің арқасында ғана адам өз 
өмірінің
мәнін, жалпы адам болмысының мәнін түсіне алады. Осы принцип 
М.Х.Дулатидің дүниеге деген көзқарасының қалыптасуына ең үлкен әсер етті.
Мұхаммед Хайдар
сопылық ілімінің рухани құндылықтарына бет бұрып, 
Ясауидің идеяларына сай гуманды, адамгершілігі мол адамның идеалын іздейді. 
Бұл мәселе тек сол заманның өзекті мәселесі ғана емес, қазіргі заманның да өзекті 
мәселесі болып табылады, өйткені қазіргі жастарға тәрбие ауадай қажет. Бұл жерде 
тағы бір дәлелді көруге болады 
– 
адам мәселесін зерттегенде

біз дүниежүзілік 
философиялық және педагогикалық жетістіктерден басқа ең алдымен біздің ұлы 
ата
-
бабаларымыздың, өткен ғасырлардың қазақ ойшылдарының 
– 
билердің, 
жыраулардың, ақындардың рухани мұрасына сүйенуіміз қажет

Өз
заманының көрнекті саясаткері және Кашмирдің басқарушысы
бола 
отырып, Мұхаммед Хайдар басты назарды мемлекетті табысты басқаратын 
патшаның қасиеттеріне аударады. Өз тәжірибесіне сүйеніп және Платон мен аль
-
Фарабидің ілімін жалғастыра отырып, М.Х.Дулати мемлекетті басқарған адам ең 
алдымен ойшыл
-
гуманист және елге дана

ерге пана болғаны қажет деп есептейді.
М.Х.
Дулати өз кітабында көптеген Құран аяттарын, Пайғамбардың 
хадистерін, шығыс ақындарының өлеңдерін келтіреді. Оның өзі де өз заманының 
тамаша ақыны
болған. Мұхаммед Хайдардың тек тарихшы, ойшыл және педагог 
ғана
емес, сонымен бірге тамаша ақын болғанын дәлелдеу үшін оның өлеңдерінің 
көркемдігін көрсетуге болады. Оның жазған хикаялары ортағасырлық парсы
прозасының ең жақсы үлгілеріне ұқсайды.
Осылайша, М.Х.
Дулатидің рухани 
мұрасының жан
-
жақты сипаты бар. Ол қазіргі заманда да өзекті және қажет. Оның 
ең алғаш Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.
Назарбаев жариялаған 
«Мәңгілік ел» идеясына тікелей қатысы бар.
Қазіргі
Қазақстан 
– 
зор геосаясаттық маңызы бар, оның жетістіктерін бүкіл 
дүниежүзілік қоғамдастық мойындаған жетілген жас мемлекет болып табылады. Ең 
бастысы, біздің мемлекетіміздің үлкен потенциалы және болашағы бар. «Мәңгілік 
ел» 
– 
бұл Қазақстанның даму стратегиясы, біздің еліміздің үлкен
болашағы. 
«Мәңгілік ел» идеясы 
– 
біздің ата
-
бабаларымыз армандаған қазақ халқының басты 
құндылықтарына
негізделген біздің ұлттық идеямыз. Болашақ ұрпақтың мақсаты 
– 
қазақ
халқының ұлттық құндылықтарын сақтап қалып

болашақтың негізін құру. 
Ал осы мақсатқа жету үшін біз өз халқын, өз Отанын сүйетін, өз елінің азаматтарын, 
патриоттарын және дарынды, шығармашылық жастарды тәрбиелеуіміз қажет.
114 


Осындай тиімділікке жету үшін студенттерге олардың идеалдарын, 
принциптерін, дүниеге деген көзқарастарын қалыптастыру үшін тек білім мен 
дағдылар ғана жеткіліксіз. Олар өз елінің нағыз азаматтары болуы
үшін өздерінің 
тұлғалық қасиеттерін толық түрде дамыту керек.
«Мәңгілік ел» идеясының басты 
принциптерінің бірі 
– 
жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру болып 
табылады [1]. Тек өз елінің тарихын, соның ішінде қазақ халқының тарихын толық 
білген адам ғана өз елінің нағыз патриоты бола алады. М.Х.Дулати ең алғаш Қазақ 
хандығының пайда болуының нақты мерзімін
атап көрсетеді, ол 1465 жыл.
«Тарих
-
и Рашиди» еңбегінің аса
құндылығы 
– 
М.Х.Дулати ең алғаш толық және 
нақты түрде қазақ халқының пайда болу тарихын, қазақтардың тарихи сахнаға 
шығуын, өзге елдермен байланысын, сол кездегі тұратын жерін және өмір салтын 
қарастырады. «Тарих
-
и Рашиди» қазақ халқы тарихының ғылыми зерттеу 
жұмыстарының бастамасы деп айтуға болады. Жалпыға мәлім, қазақ 
мемлекеттілігінің қалыптасуы сол заманның ру
-
тайпалардың өмірлік 
қажеттіліктерімен тығыз байланыста болған. Олар: этникалық және жер тұтастығы, 
ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрмыстық
-
шаруашылық әрекет үшін тиімді 
жағдай жасау. Мырза Хайдардың айтуынша

бұл мәселелер Ақ Орда, Ноғай Орда 
және Әбілқайыр хандығының тұсында шешілмеген болатын.
Аталған мемлекеттердің бірлестіктерінде ешқандай саяси тұрақтылық 
болмаған. Бұл ру
-
тайпалардың тағдырына байланысты тарихи миссияны өз 
қолдарына Орыс ханның ұрпақтары 
– 
Жәнібек пен Керей алды. Мұхаммед Хайдар 
Дулати өзінің «Тарих
-
и Рашиди» атты еңбегінде болған тарихи оқиғаларды былай 
деп суреттейді: «Керей хан мен
Жәнібек хан және т.б. өздерінің саны аз 
адамдарымен бірге Әбілқайыр ханнан қашып Моғолстан жеріне келді. Бұл жерде 
олар қауіпсіздік пен тыныштыққа ие болды» [2, с. 323].
Көп тарихи деректерге және 
өз көзімен көргеніне сүйене отырып, Мұхаммед Хайдар толық түрде Алтын 
Орданың ыдырауын, Шағатай
ұлысының пайда болуын көрсетеді. Оның рухани 
мұрасында Моғолстан және оның шекарасы, XV ғасырдың ортасында қазақтың ру
-
тайпаларын
ірі мемлекет аясында шоғырландыру тарихы туралы бірегей 
мәліметтер кездеседі.
М.Х.
Дулатидің көрсетуінше, Қазақ хандығының пайда болуынан бастап 
қазақтардың рухани өмірінде тұрақты ұлттық ерекшеліктер мен белгілер қалыптаса 
бастады. Ол қазақ халқының бір этнос ретінде пайда болуы олардың ерекше ұлттық 
сипатының және ұлттық сана сезімінің қалыптасуына үлкен әсер еткенін 
суреттейді.
Жалпыға мәлім, этностардың дамуы 
– 
тарихтың өзі секілді ұзақ, күрделі, 
қайшылықтарға толы процесс болып табылады. Бұл ұлттық сана сезім мен ұлттық 
психологияның қалыптасуына да тән. Өз кітабында Мырза Хайдар сол заманның 
тарихи оқиғалары қазақ халқының қалыптасуына қалай ықпал еткенін көрсетеді.
«Мәңгілік ел»
ұғымы «Мәңгілік түркі елі» ұғымынан бастау алады. VI ғасырдың 
ортасында бүкіл Ұлы даланы біріктірген Ұлы Түркі қағанаты пайда болды. Түркі 
қағанаты Қытай, Иран және
Византия секілді сол дәуірдің ірі мемлекеттерінің 
біріне айналды. Ұлы Түркі қағанаты өз заманының құдіретті мемлекеті болды. 
Ұлы Түркі қағанаты Қытайдың, Орта Азияның, Қазақстанның, Солтүстік Кавказ 
жерлеріне үстемдік етті. VII ғасырдың басында Түркі қағанаты Батыс және Шығыс 
қағанаттарға бөлініп шықты. 
115 


Батыс қағанатының құрамына Қазақстан, Орта Азия, Солтүстік Кавказ, Қырым, 
Орал, Поволжье кірді. Түркілер өздерінің басқа өркениеттерден өзгешелігі бар 
ерекше өркениеттің негізін салды. Оның ерекшелігі көшпенді және отырықшы 
өркениеттер негіздерінің бірлігімен, тәңіршілдікпен және әлемге деген 
космоцентрлік көзқараспен сипатталады. «Мәңгілік ел» 
– 
бұл көне түркілердің 
арманы.
Түркі қағанаты тұсында түркілер осы қағанатты өздерінің мәңгілік
елі, 
мемлекеті деп есептеген. ХХI ғасыр бүкіл әлемге түркі өркениетінің әсемділігін, 
оның жан
-
жақтылығын, өзіндік ерекшелігін жаңадан ашты. Бұл заманда бұрынғы 
Ұлы Түркі өркениеттің бөлшектері қайтадан бірігіп жаңа өркениеттік парадигманы 
қалыптастырып отыр.
Біз, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ынтасымен 
құрылған Түркі елдер Кеңесінің әрекеті түркі әлеміне өзінің басты өркениеттік 
белгісін 
– 
Еуразияның халықтарын біріктіретін потенциалын жүзеге асыруға 
мүмкіндік береді деп есептейміз. Тәуелсіздік сарайында өткен, Қазақ хандығының 
550 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өткізу барысында ҚР Президенті 
Нұрсұлтан Назарбаев былай деп айтты: «Қазақ хандығы сақтар, ғұндар,
Ұлы Түркі 
қағанаты мен Алтын Орда мемлекеттерінің заңды мұрагері болып табылады».
Х

ғасырдың ортасында Жәнібек пен Керей хандарының басшылығымен Қазақ 
хандығы пайда болды, осыған байланысты көне түркілердің «Мәңгі
ел» мемлекеті 
ұғымының орнына жаңа «Қазақ елі», яғни «Қазак хандығы» деген мемлекет 
қалыптаса бастады.
Осылайша, қазіргі замандағы «Мәңгілік ел» түсінігі тек «Түркі 
өркениет» деген ұғымға сәйкес келмейді. Қазіргі «Мәңгілік ел» идеясы 
– 
бұл «Қазақ 
елі» идеясы, ол заманауи Қазақстан, оның мақсаты жақын арада 30 дамыған 
елдердің қатарына кіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   47




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет