Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Қадірлі қала тұрғындары!



бет15/19
Дата21.07.2020
өлшемі39,83 Kb.
#63512
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Спорт саласы бойынша:

Еліміздің болашағы сауатты, салауатты ұрпақтың қолында десек, өңірімізде спорт саласын дамытуды назардан тыс қалдырған емеспіз.

Қала тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында, жыл басынан бері 98 спорттық шаралар өткізіліп, қалалық құрама командалар облыстық, республикалық деңгейдегі 59 жарысқа қатысты.

Қазақстан Республикасы құрама командасы мүшелігіне Қызылорда қаласынан 169 спортшы енді.



Әлем чемпионаты мен кубоктарында, Олимпиада ойындарында 8 спортшымыз, Азия чемпионатында 15 спортшымыз жүлдегер атанды.

Спорт саласындағы ең үлкен жетістігіміз Бразилияда өткен  ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарына Қызылорда қаласынан 3 спортшымыз қатысты.

Қаламыздың тумасы ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионы Александр Зайчиков Рио Олимпиадасында қола жүлдені иеленді.

Қаламызда қысқы спорт түрлерінің дамуының айқын көрінісі жас спортшымыз Элизабет Турсынбаева мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының чемпионы, Канадада өткен турнирде қола жүлдеге ие болды.

Соңғы 4 жылда қала бойынша 62 спорттық ойын алаңдары салынды.

Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы 2020 жылға дейін бұқаралық спортпен шұғылданушы халықтың санын 30 пайызға жеткізуді тапсырды.



Қаламызды жасыл желекке айналдыруға, көркейту-көгалдандыруға ерекше көңіл бөлініп келеді.

Қызылорда қаласында 52 аллеялар мен скверлер бар. Аталған аумақтарға жыл көлемінде мыңдаған көшеттер мен гүлзарлар отырғызылды.

Қаламыздың әсем келбетін айшықтайтын түрлі архитектуралық формалар орналастырылып, жаңа демалыс орындары мен саябақтар салынуда.

Орталық алаңнан соңғы үлгідегі, түрлі жарықшамдармен көмкерілген субұрқақ салынды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет