С. К. Игибаев қазақстан тарихының өзекті мәселелері Актуальные проблемы истории Казахстана Монография


Игібаев С.К., Өскембай Ә.А., Жириндинова Қ.Р



бет6/55
Дата20.06.2023
өлшемі0,8 Mb.
#179000
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
Монография. Игибаев С.К.(1)
лекции Програмные навыки менеджера, 8 SAT 3 term -
Игібаев С.К., Өскембай Ә.А., Жириндинова Қ.Р.
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ.


ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ОҚЫТУДАҒЫ
ЖАҢАША КӨЗҚАРАС

Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин: «Нағыз ұлттық қадір-қасиет нағыз ұлттық тарихтан басталады» деген еді. Шындығында да, еліміздің Отанына деген сүйіспеншілігі мол патриоттарын тәрбиелеуде елінің тарихын терең меңгерген жас ұрпақты тарихи құндылықтар негізінде оқыту маңызды шаралардың бірі болып табылады.


Тарих - ұлттың басты құндылығы. Әр ұлт өзінің өткен тарихын өшірмей, бұрмаламай шындық тұрғыда зерттеп жазып, ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп қалдырып отыруы керек. Өйткені, ұлттық тарих сол елдің ел болып әлемдік деңгейде өз орнын сақтап қалуына көмектеседі. Ұлттық тарихы жоқ халықтың болашағы да жоқ. Осы бір мағыналы мақсатты жете бағалаған Елбасы ұлт тарихын жаңғырту үшін отандық тарихшылардың алдына үлкен міндеттер жүктеп отыр. Ұлттық тарихты ұрпаққа объективті тұрғыда жеткізу үшін кеңестік тарихшылардың қолымен жазылған тарихымызды түпкілікті қайтадан талдап жазуымыз қажет. Ол үшін мектеп пен жоғары оқу орындарына арналған «Қазақстан тарихын» жаңа әдіснамалық негізде талдап, жазу қажет. Оны жазғанда қазіргі кездегі заманауи талаптарды ескере отырып, қазақ халқының тарихын әлемдік кеңістіктегі орнын нақты көрсете отырып, ой елегінен өткізу қажет. Мұнда отандық тарихшыларға ешнәрсеге алаңдап жалтақтаудың қажеті жоқ деп ойлаймыз. Біз тәуелсіз, құқықтық, демократиялық мемлекетте өмір сүріп отырмыз. Елбасының өзі, ұлттық тарихтың объективті жазылуына барлық жағдайлар жасап отыр. Қазақстанның ұлттық тарихы - желісі үзілмей келе жатқан тарих, өйткені елімізді мекендеген халықтардың мәдениеті сабақтасып жатыр. Еуразиялық түркі тілді көшпелі тайпаларының дәстүрімен мәдениеті қазақ халқының тарихынан жалғасын тауып отыр, сайып келгенде қазақтар - еліміздің аумағындағы байырғы, жергілікті халық деген идея тарихи біліміміздің тірегі болуға тиіс. Мектепте оқытылатын Қазақстан тарихы міне, осы бағытқа негізделуі қажет.
Тарихты оқытудың басты міндеттерінің бірі - өткен тарихты сын көзімен талдай отырып, жаңа технологияларды қолдану арқылы, келешекті бағдарлайтын, шығармашылықпен іздене отырып, дұрыс қорытынды жасай алатын, тарихи деректермен өздігінше жұмыс істей білетін азаматты тәрбиелеу, тарихи дүниетанымын қалыптастыру.
Тарих ғылымындағы ежелгі көшпелі тайпаларының тарихын қазақ халқының шығу тегі - этногенезімен байланыстырған жөн. Мысалы, көптеген оқулықтарда ғұн тайпаларымен байланысты көптеген мәселелерді қазақ халқының тарихымен және мәдениетімен байланыстырмайды. Атап айтатын болсақ, ғұндардың құрамында қазақ халқының қалыптасуына тікелей қатысқан тайпалар болған: кюеше - қыпшақ, усун (үйсін), кангюй (қаңлы). Сонымен қатар, Моде (Өгіз хан) билік еткен ғүн дәуірінде қыпшақтар болғандығын тарихи деректер де дәлелдейді. Ғұндардың көшпелі мәдениетінің белгілері қазақ халқының тұрмысы мен материалды мәдениетінде өз көрінісін тапқаны да бәрімізге белгілі.
Қазақ тарихы ұзақ уақыт бойы көшпелілер тарихы ретінде қарастырылып келді. Негізіне келсек, кейбір деректерде VІІ-VІІІ ғасырларда біздің территориямызда орталықтанған қалалық мемлекеттер болып, білім мен ғылым ошақтары болғанын білеміз. Өкінішке орай, бұл деректер әлі де толықтай зерттелмей, мектеп оқулықтарына енгізілмей отыр.
Түркі халықтарына тән көшпелі өркениеттің ортақ белгілерін жүйелеп, қазақ халқы мәдениетінің бұл өркениетте алатын орны мен маңызын толық айқындау қажет.
Қазіргі кезеңде қазақ қоғамындағы құлдардың шығу тегі (әскери тұтқын, сатып алу және т.б.) мәселесіне тарихшылардың назарын аударту қажет. Олардың қазақ қоғамындағы орнын анықтау үшін, кейін оларға бостандық беріліп, өз шаруашылығына ие болуы мүмкіндігі және сол рудың тең құқылы азамат ретінде қабылдануы сияқты фактілерді ескеру қажет деп ойлаймыз. Бұл жағдай қазақ қоғамындағы құлдықтың Еуропадағы құлдықтан өз ерекшелігі бар екендігін дәлелдей түседі. Себебі, қазақ халқының құлдарға адамгершілік құндылықтарға негізделген демократиялық және өркениеттілік көзқарасы ерекше назар аудартады. Сондықтан қазақ және еуропалық құлдыққа салыстырмалы талдау қажеттіғі туындап отыр.
Бір өкініштісі, әлі күнге дейін қазақ хандығының құрылған кезеңін М.Х.Дулатидың еңбектеріне сүйеніп көрсетіп келеміз. Бұл дерек шындыққа жатпайтынын білсекте ұрпаққа осы датаны жаттатудан бас тартпай отырмыз.
Ресей империясының отарлау саясатына қарсы бағытталған ұлттық - азаттық көтерілістердің ғылымда тарихи толық бағасы берілмеген. XX ғасырдың 50-80 жылдары кеңестік тарихшылар отарлаудың мәнін анықтауда үстірт қарап, «Қазақстанның Ресейге қосылуының прогрессивтілігі» туралы тұжырымдаманы қолдай отырып, көптеген ұлт-азаттық көтерілістерге діни сипат берген болатын. Тіпті И.Тайманов пен М.Өтемісов бастаған тұтас ұлт - азаттық көтерілісті кейбір тарихшылар (В.П.Шахматов және т.б.) екі бөліп, екі түрлі баға беруге тырысқаны белгілі. Мұнда 1836-1837 жылдардағы кезеңге прогрессивті, 1838 жылдағы жалғасына антифеодалдық сипатқа ие емес ретінде баға берілді.
Алаш зиялыларының патшалық Ресей кезеңінің өзінде-ақ қазақ халқы үшін жерін сақтап, оны шаруашылыққа пайдалану туралы мәселелерді жан-жақты көтергендігі туралы тарихи деректер кездескенімен, оған тарихи талдау жасау мүмкіндігі әлі қолға алынбай, назардан тыс қалып отыр. Мысалы, Ә.Бөкейхановтың көзқарастары ерекше қызығушылық тудырары сөзсіз.
Тәуелсіздік алған жылдардан бері Қазақстан тарихының кеңестік кезеңдегі көлеңкелі жақтары мен «ақтаңдақтары» жете зерттеліп, жаңа тарихи талдаулар мен тұжырымдамалар қалыптасты. Бұл салада отандық ғалымдардың еңбегі өте жоғары болғандығы қуантарлық жағдай. Бірақ сол тарихи талдаулар мен тарихи фактілер оқулықтарда өз орнын таппаған. Мәселен, 1929-1931 жылдар аралығындағы шаруалар көтерілістері жан-жақты талданып, ғылыми айналымға тың тарихи деректер енгізілді. Осы дереқдерді бір жүйеге келтіру қажет.
Мемлекеттік хатшы М.Тажин «Тарих толқынындағы халық» бағдарламасында былай деген еді: «Қазақстанның тарихы - біздің ортақ тарихымыз. Өткен дәуренді дәріптеудің қажеті жоқ. Баяғы бір тәртіпті аңсай бермей, жиырмасыншы ғасырдағы қиыншылыққа толы тарих туралы ашық айту керек» [1, 20б.]. Бұл сөздер Қазақстанның қазіргі заман тарихының өзекті мәселелерін жан-жақты зерттеу қажеттігін көрсетеді.
Тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп отырып, бұрмаланған тарихты ертеңгі ұрпаққа қалдырсақ, біз үшін кешірілмейтін күнә болады. Сондықтан қазіргі оқушылар мен студенттерге шынайы жазылған тарихпен сапалы білім, саналы тәрбие беру арқылы олардың нағыз патриоттық сезімі жоғары тұлға болып қалыптасуына септігімізді тигізуіміз керек.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1. Тажин М. Тарих толқынындағы халық. // Ұлттық тарихты зерделеу туралы. – Алматы, 2013.

«Жаңа әлемдегі – жаңа тарих»: оқытудың қазіргі заман технологиясы» аймақтық ғылыми семинар материалдары (Семей қ., 2013 ж. – 10 желтоқсан). Семей, 2013. – Б. 6-7.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет