С. Қожахметов жəне оның педагогикалық мұраларындағы дидактиканың дамуы


Ғалымның еңбектерін келесі бағыттарға бөліп қарастыруға болады



бет2/3
Дата16.03.2022
өлшемі186,23 Kb.
#135910
1   2   3
Байланысты:
Документ Microsoft Word (2)

Ғалымның еңбектерін келесі бағыттарға бөліп қарастыруға болады:

  • жалпы педагогика жəне педагогика мəселелері;

  • оқыту технологиясы мен оқыту үдерісіндегі субъектілер;

  • педагогика тарихы.

С. Қожахметовтің 17-ге жуық ғылыми мақаласы жəне бірнеше кітаптары жарық көрген. 30-жылдары Н.К. Крупская, К.Д. Ушинский, Ж.Ж. Руссо, Я.А. Коменский, И.Г. Пестолоций, Дж. Локк, И.Ф. Гербарт туралы көлемді мақалалары жарық көрді. Ғалымның «Оқу құралдары қандай болуға тиіс?», «Педагогика классиктері», «Педагогика мəселелері»,«Оқушыларды саналы тəртіпке тəрбиелеу»,«Эстетикалық тəрбие», «Оқушылар білімінің саналы жəне тиянақты болуының дидактикалық принциптері», «Вопросы педагогики», «Сознательная дисциплина» атты зерттеулері қазақ педагогика ғылымына қосқан елеулі еңбектері болып саналады [2].
С. Қожахметовтың педагогика ғылымына қосқан үлесі көп, соның ішінде ол дидактика ұғымын жан-жақты қарастырған. Педагогика мəселелерін талдағанда ғалым қоғамдық ғылымдардың маңызды мəселелерінің бірі – мектептегі оқу-тəрбие жұмысының ғылыми негізін қарастырады. Мəселен, оқушылардың алатын білімінің саналы жəне жинақты болуының дидактикалық принциптерін, сабақтан тыс уақытта оқушылардың кітаптарды қалай пайдалана білуін, олардың эстетикалық талғамдарын қалыптастырып, тəрбиелеудің кейбір мəселелерін, оқушылардың білімдерін тексеріп, оны бағалай білудің əдістемелік жолдарын қамтиды.
С. Қожахметов өз еңбектерінде дидактикалық мəселелерді орыстың революцияшыл педагогикасы идеяларының негізінде қазақ мектебінің ерекшелігіне сəйкес қарастырған.
«Егер білім саналы түрде берілмесе, ол берік əрі тиянақты қабылданбайды. Саналы түрде меңгерілген білім мен тиянақты қабылдау бір-бірімен тығыз байланысты. Алайда ең шешуші принцип – білімнің саналылығы» деп тұжырымдады С. Қожахметов. Ғалым білім саналылығы мен оқушы ісінің барлық түрін байланыстыра қарастырды. «Адамның санасы оның тек білімі арқасында ғана өспейді, оның қызметі, тəжірибесімен де байланыста өседі» (педагогикалық мəселелері). Сананың білімнен шығатынын дəлелдей келе, əр пəнді оқыта отырып, оқушының алатын біліміне сын көзбен қарай білуге тəрбиелеу, ал оның барлық табысы өзі қабылданған білімді саналылықпен меңгеру керек екендігін ескертеді.

  1. С. Қожахметов өзінің еңбектерінде оқыту процесін, сабақты, оның құрылыстарын, сабақ сапасын, түсіндіру, үйрету тəрізді тəсілдерді қарастыра келе, оқытудың бірнеше шарттарын жүйелеп көрсетеді: «1. Мұғалімнің мəселені түсіндіруі ашық, айқын ұғымды болуы керек.

  2. Жаңа материалдар өткендегі материалдарға негізделініп, арасында тығыз байланыс жасалу керек. 3. Кейде оқушылардың алдына ойлануды керек қылатын мəселелер қойып, мұны шешуге барлық оқушыны қатыстыру керек.

  3. Ауызша айтуға мұғалім көрнекі құралдармен байланыстырып отыруы тиіс. 5. Мұғалім оқушылардың назарын аударатын əртүрлі шаралар қолдануы шарт, мысалы, сабақ үстінде оқушылардан кенеттен сұрау, даусын құбылту, дене қимылдарын өзгерту, бұл материалдар- ды келешекте оқушылардан сұрайтынын ескерту, т.б. 6. Сабақты эмоционалды түрде беру, оқушылардың сезіміне əсер ету – оларды сабақтың мазмұны арқылы көңілді, қуанышты күйге түсіру. 7. Əрбір сабақтың аяғына қысқаша қорытынды жасап, оқушылардың түсінген, түсінбегендігін де тексеріп отыруы керек. 8. Ілгері жүруге асықпай, өткен сабақты тиянақты етіп, ылғи жаттықтырып пысықтау жұмыстарын жүргізіп отыруы керек» [3]. С. Қожахметов сабаққа қойылатын дидактикалық талаптарды осылайша қарастырған.

С. Қожахметов өзінің еңбектерінде оқыту принциптерінің жүйесін жетілдірудің қажеттілігін оқытудың заңдылықтарын зерттеудің дамуымен түсіндірген. Сонымен бірге оқыту принциптерінің жүйесін оқушының іс-əрекетін тиімді ұйымдастырумен байланыстырады. С. Қожахметов оқыту принциптерін оқу процесінің негізгі компоненттерімен (міндеті, мазмұны, əдісі, т.б.) тығыз байланыста қарастырған. Дидактикалық принциптері туралы айтқанда С. Қожахметовтің «Педагогика мəселелері» атты еңбегіне сүйенеміз. Бұл еңбектің алғы сөзінде С. Қожахметовтің өзі айтқандай: «Біз дидактикалық принциптердің барлығына тоқталмай, тек олардың ішіндегі негізгісі, яғни білімді саналы жəне берік тиянақты меңгеру принципіне ғана тоқталамыз. Бұл еңбек төрт негізгі бөлімнен тұрады:

  1. Оқушылардың білімді саналы жəне берік, тиянақты меңгерудің дидактикалық принципі.

  2. Кітапты пайдалану іскерлігі.

  3. Эстетикалық тəрбие.

  4. Бастауыш жəне орта мектепте оқушылардың білімін бақылау жəне есепке алу [4].

Педагогиканың дидактика бөлімінде оқы- ту əдістерін жетілдіру мəселесіне көп кө- ңіл бөлген. С. Қожахметов сабақты баяндау, сабақты тексеру, сұрақ-жауап тəсілі арқылы жүзеге асатыны туралы да өз пікірін білдіреді. Ғалым еңбектерінде оқулыққа ерекше мəн берген. «Оқушыларға кітаппен өз бетінше жұмыс істету – мұғалімнің міндеті», – дей келіп,«кітаппен жұмыс өзін-өзі бақылауға септігі тиеді», – деп пайымдаған [5].
С.Қожахметовтің еңбектерінен оқытуда жаттығулардың да маңыздылығына үлкен мəн бергендігі көрінеді. Ол: «Мұғалімдер сабақ үстінде дидактикалық бірнеше жұмыстарды жүзеге асырады. Соның бірі – пысықтау, пысықтау кезінде оқушыларға сұрақтар қою», – дейді.
С. Қожахметов оқушы білімін есепке алуды екіге бөледі: «1. Сыныптағы оқушылардың білімін күнде есепке алу; 2. Оқу жылы аяғында 4-10 сыныптарда оқушы білімін тексеру – сынақ», – дейді [6].
С. Қожахетов дидактикада оқушылардың білімін тексеру, оқушы білімін айқындауда сұрақты дұрыс бере білудің үлкен орны бар екенін баса айтады.

С. Қожахметов өз еңбектерінде дидактикалық принцип туралы арнайы қарастырған. Оған дəлел 1939 жылы С. Қожахметов «Совет мектебіндегі негізгі дидактикалық принциптер» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.
Г.Б. Ещанова«С. Қожахметовмұраларындағы педагогикалық идеялары» атты диссертациялық жұмысында дидактикалық принциптерді 5-ке бөліп көрсеткен. Олар төмендегідей: [7]

Көрсетілген принциптерді С. Қожахметов сабақ барысында міндетті түрде қолдану қажеттігін айтады. Дидактикалық принциптер мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының беріктігіне, оқушының сапалы білім алуына, тəрбиелі азамат болуына үлкен септігін тигізеді. Əрі қарай дидактикалық тұрғыда оқушылардың қызмет белсенділігін арттыруды көздейтін жұмыстарды атқару, ол жұмыстар оқушының ынтасын арттырып, олардың пəнге қызығушылығын оятумен қатар, еркін (ерік) тəрбиелеуге, оқуға саналы қатынасын қалыптастыруға түрткі болатын жұмыстар болу керектігіне тоқталады: “Ынта адамды жұмыс істеуге жетектеуші негізгі қоздырғыш мотив, стимул болып саналады, өйткені қызықты нəрсе бізді көңілдендіреді, белсенді етеді, бізге үлкен шаттық береді. Ынта болса адам жұмысты көңілді түрде істейді. Бұл ҚазҰУ хабаршысы. «Педагогикалық ғылымдар» сериясы. №3 (37). 2012 жағдайда ол шаршауды, талығуды білмейді, сөйтіп, ынта адамның жұмыс істеу қарқынын көтереді. Адамның, оқушы балалардың ынтасын іштен туа болатын қасиет емес, ол (ынта) адамның қоғамдық материалды тілегінен туады, ал оқушылардың ынтасы тəрбие мен оқудың нəтижесі болып табылады.
С. Қожахметов өзінің ұстанған оқыту принциптерінің жүйесі кеңес мектебінің тоталитарлық саяси, қоғамдық дамуына негізделген, сондықтан сол кезеңдік ерекшеліктерімен көрінеді. Дегенмен де сол қоғамдық процестің талаптарына сай жасалған С. Қожахметовтің дидактикалық принциптері теориялық мазмұндық, əдістемелік тұрғыдан алғанда қазіргі кезде түгелдей оқу процесінде басшылыққа алынатын қағидалар болып саналады. Өйткені онда қазіргі кезге сай мұғалімнің оқу жұмысының тиімділігін арттыруға жағдай туғызатын педагогикалық ережелер, талаптар жүйесі негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет