Топырақ жамылғысын ғалымдар биогенді құрамдас бөліктердің соңғы буыны ретінде қарастырады. Өйткені ол тірі организмдер (өсімдіктер мен жануарлар) пайда болғаннан кейін ғана солардың əрекеттері арқылы қордаланып жəне үгіліп жиналған жер беті жыныстарының үйінділерінен құралған. 3)Табиғи компоненттердің заттық, энергетикалық, информациялық байланыстары.
Жауап: Территориялық табиғат кешендерін құрайтын құрамдас бөліктердіңқайсысы болсын заттық объект, олар белгілі бір заңдылықтар бойынша бір-бірімен əрекеттесу арқылы күрделене түседі. Демек, оларды текдаму үрдісі арқылы ғана танып-білуге болады. Мысалы, алғашқы тіріорганизмдер су, ауа жəне минералды заттармен қоректеніп, органикалықзаттар пайда болатын қарапайым автотрофтар тобын түзді. Кейіннендаяр органикалық заттармен қоректенетін гетеротрофты организмдер –жануарлар пайда болған. Бұл айтылған мысалдан қарапайым құрамдасбөліктердің – алдыңғы, күрделілерінің – соңғы орында тұратындығын,олардан бірнеше қарапайым құрамдас бөліктердің пайда болатынын,құрамдас бөлік өзгерістерінің жеке-дара дамымайтынын ұғыну қиынемес.
Табиғаттың қүрамдас бөліктері өздеріне тән зандылық бойынша бар болмысымен өзгеріп, дамиды. Бірақ олардың қай-қайсысы болса да жеке-дара өзгеріп, дами алмайды. Барлық құрамдас бөліктер өзара әрекеттесу арқылы тұтас бір затгық жүйеге бірігеді.