Сабақ: №1 Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнерінің түрлері. Сабақтың мақсаты



бет14/32
Дата06.12.2016
өлшемі4,75 Mb.
#3308
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32
Үйге тапсырма беру: Киіз үйді және оның ішкі көріністерін бейнеле.
Сабақ: №22

Сабақтың тақырыбы:

Қазақтың төсеніш бұйымдарын бейнелеу.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Ұлттық салт - дәстүрімізді, өнерімізді, тілімізді, дінімізді

оқушылардың бойына сіңіру арқылы олардың ой –

өрістерін, тіл мәдениетін, өзін - өзі ұстау мәнерін бағалап,

ұлттық құндылықтарды насихаттауға үйрету.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін

дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
б) Тәрбиелілік: Ізгілікке, имандылыққа, қоғамдағы жат қылықтардан аулақ

болуға, адамгершілік пен адалдық қасиетіне тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, қазақтың төсеніш бұйымдары бейнеленген фотосуреттер, қарындаш, өшіргіш, түрлі түсті бояулар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Тұрмысымызда сәндік қолданбалы өнер өте көп қолданылады. Оған киіз үйіміздің бүкіл құрылысы мен жиһаздары, ыдыс-аяқтарымыз, қару-жарақтарымыз, киім-кешектеріміз бен өрнектеріміздің барлығы жатады. Басты түрлері: киіз басу, кілем тоқу; алаша тоқу; ағаш өңдеу, ер-тұрман жасау, зергерлік өнері және былғары өңдеу өнері. Кілем тоқу өнерітұрмыс қажетіне байланысты халық қолөнерінде ертеден белгілі, ел арасында кеңінен тараған, дамыған өнер. Қол кілем түкті және тақыр кілем болып екіге бөлінеді. Түкті кілем тоқу, әсіресе Сыр бойында, оңтүстік аудандарда кеңінен дамыған. Қазіргі кезеңде шетелдердің кілемдеріне еліктеп, соларға ұқсас кілемдер тоқығандықтан, кілемнің түрлері өте көп. Олар әндіжан кілемі, бұхар кілемі, түрікмен кілемі, парсы кілемі, араб кілемі, т. б. деп аталады.

Түкті кілем. Жоғарыда аталған кілемнің барлығы түкті кілемге жатады. Түкті кілемді тоқу асқан шеберлікті қажет етеді. Жүнді өрмек жібінен сәл жуандау етіп, бірақ бос иіру керек.

Тақыр кілем - жібі терме алашаға иіргендей ширатылған түксіз кілем. Тақыр кілем өрнегіне өз атынан-ақ көрініп тұрғандай түк салынбайды, кілем түріне арналған жіп, желі жбіне ұқсас иіріліп, ширатылады. Қазақ халқы кілемді жайсаң - төсеніш, ілсең сән деп бекер айтпаған. Бұл кілемді тоқу үшін көптеген кілем жабдықтары керек. Олар: адарғы тарақ, тартпа, отырғыш, кесермен пышақ,қайшы, желі жіп, арқау, түкті жіп, түкті жүндер, т. б.

Кестелеу өнері - қолөнерінің ежелден келе жатқан бір түрі. Кесте тігу үшін зер немесе басқа әдемі жіп, мата, ине, қайшы, оймақ, біз және кергіш қажет. Иненің жуан-жіңішкелігі кесте тігілетін материалдың қалыңдығына және жіптің жуан-жіңішкелігіне байланысты болады. Жіптің ұзындығы 50-60 см-ден артық болмауы керек. Кергіште кестелеген кезде оймақтың кажеті жоқ. Қайшының ұшы үшкір, ұзындығы 10-12 см-дей болғаны дұрыс. Кестені ілмелі бізбен кестелейді. Кестелеу үшін әр түрлі жіптерді пайдалануға болады. Кестенің кейбір түрлері селбір матаға түсіріледі. Ұсақ бұйымдарды әдетте дөңгелек кергіште кестелейді. Кейінгі кезде көркем кестелеу өнері өте жақсы дамып отыр. Әсіресе Қытай мен Монғолияда өмір сүрген қазақ халқының ісмерлері көне көз кестелерімізді көркем шығармаға айналдырып, жаңа бағытта дамытуда. Мысалы, Монғолиядан келген суретші З. Мұхамеджанұлы қазақтың көне кесте өнерін жаңа стиль болмысы бойынша қазіргі заман қолөнерімен үндестірді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет