Сабақ №3 липидтер химиялық табиғаты əртүрлі майлар жəне майларға ұқсас заттар липидтер



бет2/8
Дата04.01.2022
өлшемі145,11 Kb.
#109033
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
зтс 3 липидтер

Стеридтер немесе бейтарап липидтер табиғатта көп таралған. Стеридтер жоғары май қышқылдар мен полициклдік спирттердің (стеролдар) күрделі эфирлері.

Стеридтер табиғатта кең тараған органикалық қосылыстар, олардың құрылысының негізі циклді көмірсутек – циклопентан-пергидрофенантрен немесе стерин болып табылады.

Стеридтерге биологиялық маңызы зор бірнеше қосылыстар жатады:

- стероидтар немесе стериндер;

Д тобының витаминдері;

- жыныс гормондары;

- бүйрек үсті бездерінің гормондары;

- өсімдік сапониндері мен алколоидтар;

- өт қышқылдары;

- кейбір улы заттар;

Стеридтерге холестерин, жүрек гликозидтері, гормондар т.б. заттар жатады. Холестерин – бір атомды, қанықпаған циклді спирт, құрамында 27 көміртегі атомы бар. Адам ағзасында холестериннің 1/3 бөлімі бос күйінде болса, 2/3 эфир күйінде кездеседі.

Мал ағзасында холестерол жəне стеридтер (холестеридтер) таралған, сол сияқты 7-дегидрохолестерол кездеседі. Стеридтер құрамына көбінесе стеарин, пальмитин немесе олеин қышқылдары кіреді.

Холестерол - мал жəне адамдағы барлық стероидты гормондардың алғы заты. Бұдан өт қышқылдары түзіледі, ондай қышқылдар майлардың қорытылуына жəне ағзаға сіңуіне қа тысады. Холестеролдың əлсіз амфипатиялық қасиеттері бар жəне ол жануарлар жасушасы мембранасының негізгі бөлігі. Мысалы, сүтқоректі жануарлар эритроциттеріндегі барлық ли пидтердің 40-60%-ы холестерол. Жүйке ұлпаларында, өт тастарында холестерол көп.

Холестериннің ағзаға түсуі екі жолмен жүреді.

1. Экзогенді холестерин – тағаммен түседі (ет, икра, май,

жұмыртқаның сары уызы).

2. Эндогенді холестерин – бауырда, аздаған мөлшерде теріде, ішекте синтезделеді.

Ағзада барлығы 150 г жуық холестерин болса, оның 10%-ы қанда, 90%-ы мембранада болады. Адам қанында холестериннің мөлшері 130–250 мг % аралығында болады, ол адамның жасына байланысты. Холестеролдың күрделі эфирлері холестеридтер деп аталады.

Стеридтер липоидты қосылыстардың маңызды тобын құрайды. Стеридтердің фосфатидтерден айырмашылығы - олар май қышқылдары мен стериндердің күрделі эфирлері.

Стериндер – циклді спирттер циклопентанпергидро фенантреннің туындысы.

Стериндер жануарлар мен өсімдіктер əлемінде кеңінен таралған. Стериндер бос түрде жəне май қышқылының күрделі эфирі түрінде кездеседі. Сиыр майы, шошқа майындағы жəне адам эритроциттерінің құрамындағы стериндер бос күйінде кездеседі.

Күрделі липидтер





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет