Сабақ Қазақ әдебиеті Тақырыбы Ы. Алтынсарин «Атымтай Жомарт» әңгімесі. Жомарттық пен сараңдық Мектеп: Бейнеу ауданы Бейнеу селосы



бет8/13
Дата12.09.2020
өлшемі172,95 Kb.
#78133
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
АТЫМТАЙ ЖОМАРТ
Мен Гүлайым Жүнісханқызы 2017
Топтық жұмыс

«Топтық тергеу немесе зерттеу» стратегиясы

Білім алушы әрекеті: Білім алушылар интерактивті тақтада жазылған топ аттарына назар аударып, өзінде қызығушылық тудырған топқа бірігеді. Сол топқа берілген тапсырманы орындайды.

Ойлау дағдысының деңгейі: қолдану,талдау

Бағалау критерийі: Кейіпкерді шынайы өмірмен салыстырып бағалайды.

Тапсырма:

  1. Баяндаушылар (әдеби шығарманың мазмұнын баяндайды)

  2. Зерттеушілер ( Шығарма туралы,оның авторы жайлы зерттеу жүргізеді)

  3. Сұрақ құрастырушылар (Әңгіме желісі бойынша қарапайым және күрделі сұрақтар құрастырады)

  4. Афоризмдер табу (Көркем шығармадағы мақал-мәтел,нақылға айналған сөздерді тауып, мәнін ашады)

  5. Талдаушылар (Жомарт пен сараң адамның бойындағы қасиеттерді талдай отырып,интернет желісінен суретін табады немесе сурет салады.)

  6. Дәнекерлеушілер (Көркем шығармада көтерілген мәселені, кейіпкерді қазіргі заманмен салыстырады.)

Дескриптор:

1 Шығарманың мазмұнын баяндайды.

2. Шығарма туралы, оның авторы туралы зерттейді.

3. Мәтін мазмұны бойынша әр түрлі деңгейлегі сұрақтарды құрастыра алады.

4. Шығармадан афоризмдерді, нақыл сөздерді табады.

5. Жомарт адам мен сараң адам бейнесін салыстырады.

6. Жомарт пен сараң адам бейнесін интернет желісінен табады немесе сурет салады.

6. Шығармада көтерілген мәселені қазіргі заманмен салыстырады.

Кері байланыс: ауызша жүргіземін. Қолданатын мадақтау сөздері: «Шебер орындалған!», «Құнды пікір айттыңыз!», «Дөп түстіңіз»», «Өте жақсы!»



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет