Тілдік мақсат:
|
Оқушылар орындай алады: оқылған мәтін бойынша сенімді жəне еркін жауап бере алады, өз ойларын айта біледі.
Пәнге қатысты сөздік қор ( сөз тіркестері ) мен терминдер: азан, ақсақал, лайықты, көңіл бөлген, нәресте, арнайы, қорғап, күзету, бесік, бөлейді, ыңғайлы, көздің қарашығындай.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Қазақтың қандай салт-дәстүрлерін білесіңдер?
Жаңа туған нәрестеге байланысты қандай рәсімді білесіңдер?
Неге баланы бесікке салу сыйлы әжеге тапсырылады?
Салт-дәстүр неге тәрбиелейді?
|
Сабақтың басы
6 минут
|
«Наурыз мейрамы» тақырыбын «Миға шабуыл» стратегиясы бойынша тексеру:
Наурыз мейрамы қашан тойланады?
Неліктен Наурыз мейрамы 22 наурызда тойланады? Наурыз мерекесіне ұқсас қандай мереке бар?
Наурыз қандай мейрам?
Наурыз қалай тойланады? /ән айтады, би билейді, наурызкөже пісіріледі, салт-дәстүрлер көрсетіледі/.
Сендер қандай салт-дәстүрлерді білесіңдер?
Интербелсенді тақтада суреттер беріледі/флипчарт/: шілдехана, бесікке салу, ат қою, тұсау кесу.
ШІЛДЕХАНА
БЕСІККЕ САЛУ
АТ ҚОЮ
ТҰСАУ КЕСУ
Сұрақ қою арқылы сабақ тақырыбы анықталады.
Қалай ойлайсыңдар, біз неге бұл суреттерді алдық?
/ Наурыз мерекесінде қазақ халқының салт-дәстүрлері көрсетіледі, сондықтан біз салт-дәстүрлермен танысамыз /.
Қай сурет артық? Неге? / «Тұсау кесу» артық, себебі бұл бала өскен кезде, ал қалған салт-дәстүрлер бала туғанда өткізіледі/.
Мақсаты хабарланады.
Сынып «ПАЗЛ» әдісі арқылы үш топқа бөлінеді.
|
Интербелсенді тақта, флипчарт
Салт-дәстүрге байланысты суреттер
|