Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
І.Ұйымдастыру кезені (2 мин).
|
Оқушылармен амандасып,бүгінгі сабақта кім бар жоғын тексереді.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
|
Сынып екі топқа бөлініп отырады.Оқушылар мұғаліммен орындарынан тұрып амандасады. Кезекші сабақта кім жоқ екенін айтады.
|
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Гидросфера» тақырыбын қорытындылау(10 мин)
|
Өткен тақырып бойынша екі топқа 10 сұрақтан тұратын тест сұрақтарын әр оқушыға жеке-жеке беріледі. Жауап тексеріліп бағасы қойылады журналға.
|
Оқушылар өз орнында отырып жауабын белгілеп, дәптерлерін алмастырып дұрыс жауабын тексереді.
|
ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгеру(20мин) Білемін.
|
1.Жаңа тақырып айтылып,тақтаға жазылады, кіріспе сөз Биосфера тақырыбы бойынша айтылып, ал балалар биосфера туралы не білемін графасына жазады,оқушыларға жеке парақ беріліп толтыралы. Білемін графасын қорытындылап тақтадағы(ватманға) әр оқушыдан сұрап отырып жазамын
|
Балалар орындарында сол графаға Биосфера туралы бар білгендерін жазады
Білемін Білгенім Білгім келеді
|
2.Мәтін екі топқа бөлініп беріледі де «Үштік қоғам» әдісі бойынша, яғни оқушылар өз ара ақылдасып шешен, тілші, хатшы болып сайланады. Шешен түсіндіреді, тілші сұрақ қояды, ал хатшы негізгілерін жазып отырады.
|
ІV.Қорытындылау(10 мин) Білгенім
|
Ватманға әр оқушыдан ең негізгілерін сұрап отырып толтырамын.
|
Орындарында отырып жауап беріп отырады.
|
V.Бағалау.(2 мин)
|
Кімнің қалай жауап бергені туралы қысқаша аитып бағалаймын ,яғни кім қандай сұрақ қойды немесе хатшы не жазып отырды
|
Күнделіктеріне бағасын жазады
|
VІ.Үйге тапсырма(1 мин) Білгім келеді.
|
Күнделікке жазғызу.1.Өздерің тұратын жерде қорғауға алынған қандай обьектілер бар?және презентация жасап әкелу.2.Қазақстанда «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарлардың тізімін жазу.
|
Күнделіктеріне тапсырманы жазады, сабақта алған бағаларын қойғызады
|
Сабақ аяқталды.Сау болыңыздар.
|
|
|