Сабақ мақсаты : Оқушылардың өзін-өзі танудың адам өміріндегі мәнділігі жөніндегі ұғымдарын дамыту. Міндеті



бет3/10
Дата17.02.2020
өлшемі226,76 Kb.
#58235
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
3 сынып ҚМЖ
Климов корыты, Э. Ховард бойынша стреске төзімділік, ҰБТ ата анаға Сауалнама, Ата-аналарға «Он төрт» психологиялық кеңес жадынама, «Оқытушы – оқушы көзімен», 1513916914, бжб, 171177


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектебі: Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі

Мерзiмі:

Мұғалiмі: А.Ажыханова

Сыныбы: 3 Ә

1



Тақырып: Оқу - менің еңбегім

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірім, қуаныш, достық.

абақ мақсаты: оқушыларды өз танып-білуге,құштарлыққа,талпынысқа,ізденіске үйрету.

Міндеті:

Білімділік: оқушыларға мақсатқа ұмтылушылық,мұратқа жету туралы түсінік беру;

Дамытушылық:оқушылардың ерік-күшін дамытуға ықпал ету;

Тәрбиелік:еңбекқорлыққа, табандылыққа тәрбиелеу.




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi. 3 мин. «Арманымның суреті». Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.



3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.

Әлібай Табылды «Басты нәрсе »өлеңі

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз. 2 мин

Оқу- инемен құдық қазғандай.




5.Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин.

Сапарғали Бегалиннің «Бала Шоқан» повесінен үзінді келтіру.

Оқушылардың жауаптары тыңдалады.




Жаңа ақпарат 5 мин

Адам өмір бойы білім алумен айналысады.Білім-ол мол байлық, сарқылмас қазына , таусылмайтын кен. «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген нақыл сөз бекер айтылмаған.

Білім алу-талмай оқумен, үнемі ізденіспен, қажырлы еңбекпен келеді. Оқып- білген сайын адамға дүние сыры ашыла түседі. Білімді болсаң, өзіңді, айналаңды, әлемді тани аласың. Ең бастысы-біліміңді жақсылыққа жұмсау керек.

6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12 мин.

1-тапсырма

«Білімдіге дүние жарық».-деп дұрыс айтқан.Өлеңдегі қате сөздерді табыңыз.Ол сөздерді түзетіп оқыңдар.

2-тапсырма

«Оқығанды айтпа, тоқығанды айт»,-деген нақыл сөз бар.Ертегілерді оқыңдар.Ондағы оқиғалардың шешімін тауып, айтып беріңдер.

3-тапсырма

Ә.Табылды «Кім болам» мәтінін оқып,сахналап көрсетіңіздер.

7.Дәптермен жұмыс дәптердегі 1-тапсырманы тексеру.





8.Топпен ән айту. 3 мин.

«Біз көңілді баламыз» Өлеңі:Қосжан Мүсірепов.

Әні: Ибрагим Нүсіпбаев




9.Үй тапсырмасы. 2 мин.

Мүбарак Жаманбалинов «Әріп қатесі»әңгімесін оқу.




10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

  • Балалар, енді бір сәт тынышталайық.

Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, бір-бірлеріңе жылы лебіздеріңді білдіріңдер.Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектебі: Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі

Мерзiмі:

Мұғалiмі: А.Ажыханова

Сыныбы: 3 Ә

9



Тақырып: Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірім, қуаныш, достық.

Сабақ мақсаты: оқушылардың отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті түсініктерін кеңейту.

Міндеті:

Білімділік : оқушылардың отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық :оқушылардың эстетикалық талғамдарын

дамытуға ықпал ету;

Тәрбиелік : Оқушыларды отбасында қалайша татулық орнатуға сезініп,бағалай білуге тәрбиелеу.




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi. 3 мин.

«Арманымның суреті». Барлығымыз көзімізді жұмып, қандайда бір арманымызды көз алдымызға елестетеміз. Ең маңызды армандарыңды таңдаңыздар. Енді көзімізді ашып өздеріңнің армандарыңның суретін саламыз.Соңында суреттері бойынша өз ойларын сұрап шығамын.


3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.

Оқулықтағы Мүбарак Жаманбалинов «Әріп қатесі»әңгімесін сұрау. Оқушылардың жауаптары тыңдалады.

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

Ата- ана бас ұзтаз.




5.Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин.

Сырбай Мәуленов «Ата», «Әже», «Әке», «Апа», «Қарындасым» өлеңдерін оқу

  • Ата-әженің мейірімі қандай әсерге бөлейді?

  • Әке мен ананың жылылығы деп нені айтамыз?

  • Отбасында қалайша татулық орнатуға болады?

  • Бауырмалдық дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Өзің туғандарыңа сүйіспеншілігіңді қалай білдіріп жүрсің?

Оқушылардың жауаптары тыңдалады.




Жаңа ақпарат.

Отбасы- тәлім- тәрбие мектебі.Адам өнеге- үлгіні отбасынан алады. Халықтың салт- дәстүрін, әдет- ғұрпын отбасынан үйренеді. Үлкенді құрметтеу, кішіге қамқорлық жасау, адалдық, әдептілік, еңбексүйгіштік отбасының өнеге- үлгісі болып табылады. Отанды сүю, ана тілін құрметтеу, табиғатты аялау да отбасынан басталады.

Отбасы- сүйіспеншіліктің, шаттықтың ордасы .

6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12 мин.

1- тапсырма. Жұмбақтардың шешімін табыңдар. Жұмбақтардың шешуінің бірінші әріптерін пайдаланып сөз құрастырыңдар.

2-тапсырма. Диологты жалғастырып айтыңдар.

3- тапсырма. Ата- алдындағы баланың парызын жалғастырып жазыңдар.

7.Дәптермен жұмыс дәптердегі 1-тапсырманы тексеру.





8.Топпен ән айту. 3 мин.

А.Қоразбаевтың «Жан ана» әнін орындау.




9.Үй тапсырмасы. 2 мин.

«Мейірім » әңгімесін оқып келу.




10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

  • Балалар, енді бір сәт тынышталайық.

. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, бір-бірлеріңе жылы лебіздеріңді білдіріңдер.Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!





Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектебі: Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі

Мерзiмі:

Мұғалiмі: А.Ажыханова

Сыныбы: 3 Ә

10



Тақырып: Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірім, қуаныш, достық.

Сабақ мақсаты: оқушылардың отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті түсініктерін кеңейту.

Міндеті:

Білімділік : оқушылардың отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық :оқушылардың эстетикалық талғамдарын

дамытуға ықпал ету;

Тәрбиелік : Оқушыларды отбасында қалайша татулық орнатуға сезініп,бағалай білуге тәрбиелеу.




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi. 3 мин.

«Арманымның суреті». Барлығымыз көзімізді жұмып, қандайда бір арманымызды көз алдымызға елестетеміз. Ең маңызды армандарыңды таңдаңыздар. Енді көзімізді ашып өздеріңнің армандарыңның суретін саламыз.Соңында суреттері бойынша өз ойларын сұрап шығамын.


3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.

Оқулықтағы Сырбай Мәуленов «Ата», «Әже», «Әке», «Апа», «Қарындасым» өлеңдерін сұрау.

Оқушылардың жауаптары тыңдалады.

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

Ата- ана бас ұзтаз.




5.Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин.

Нұрғали Қайырбаевтың «Мейірім» әңгімесін оқып тыңдату.

  • Кішкентай Айнұрдың бойында қандай қасиеттер бар еді?

  • Айнұрдың атасы мен әжесінің қасында қалғысы келуінің сыры неде?

  • Жақын адамдардың арасында қандай сезім болады?

  • Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Өзің отбасындағы жауапкершілікті қалай атқарып жүрсің?

Оқушылардың жауаптары тыңдалады.




Жаңа ақпарат.

Бәрі де отбасыдан бастау алады.Отбасы – алтын ұя. Отбасы- сүйіспеншілік ортасы.Адам баласы отбасында дүниеге келеді,осында тәрбие алады.Өмірге қанат қағады.Адам отбасымен бақытты,себебі отбасында аялы алақанды сезінеді,жылы, ұлағатты сөз естиді.Мейірімге бөленіп қамқорлық көрсетеді.

«Отбасы-татулық мекені» деп айтады.Өзара түсіністікпен келісім, қамқорлық пен сыйластық отбасын бақытқа бөлейді.

6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12 мин.

1- тапсырма. «Отбасы тақырыбына «Бес жол өлең (синквейн) құрастырып жаз.

2-тапсырма.Ата-аналарыңа арнап ашық хат жазыңдар.Ашықхатты безендіріңдер.

3- тапсырма. Ә.Табылдының «Сыйласым» мәтінін оқып, сахналаңдар.

7.Дәптермен жұмыс дәптердегі 1-тапсырманы тексеру.

«Отбасы тақырыбына «Бес жол өлең (синквейн) құрастырып жаз.







8.Топпен ән айту. 3 мин.

А.Қоразбаевтың «Жан ана» әнін орындау.




9.Үй тапсырмасы. 2 мин.

«Мейірім » әңгімесін оқып келу.




10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

  • Балалар, енді бір сәт тынышталайық.

. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, бір-бірлеріңе жылы лебіздеріңді білдіріңдер.Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!





Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектебі: Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі

Мерзiмі:

Мұғалiмі: А.Ажыханова

Сыныбы: 3 Ә

11



Тақырып: Бастаулардың бастауы...

Құндылық:

Қасиеттер: мейірім, қуаныш, достық.

Сабақ мақсаты: Оқушыларды қарым-қатынас мәдениетіне үйрету, олардың әдеп, әдеп сақтау ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеті: Білімділік: Оқушылар әдеп, әдеп сақтау туралы түсініктерін тереңдету;

Дамытушылық: Оқушылардың этикалық қарым-қатынастарын дамытуға ықпал ету;

Тәрбиелік:Оқушыларды ізетті, ілтипатты, сыпайы болуға тәрбиелеу





Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi. 3 мин.

«Арманымның суреті». Барлығымыз көзімізді жұмып, қандайда бір арманымызды көз алдымызға елестетеміз. Ең маңызды армандарыңды таңдаңыздар. Енді көзімізді ашып өздеріңнің армандарыңның суретін саламыз.Соңында суреттері бойынша өз ойларын сұрап шығамын.


3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.

«Мейірім » әңгімесін сұрау.

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

Отбасы- жылықтың ұясы.




5.Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин.

Қастек Баянбайдың «Үйің» әңгімесін тыңдату.

  • Туған үй несімен қымбат?

  • Туған үйі адамға не үйретеді?

  • Туған үйге оралғанда адамдар қандай әсерге бөленеді?

  • Туған үйіңді қалай қадірлейсің?




Жаңа ақпарат

Әрбір адамның өз туған үйі бар. Әркімге өз туған үйі бәрінен де ыстық. Сондықтан адам қашанда өз үйін аңсап тұрады. Туған үй жаныңды жылытады, қуаныш сыйлайды, көңіліңді көтереді. Туған үйде өзіңді сағына күтетін адамдар бар. Туған үйдің жылуы адамға қуат береді.

Туған үй- береке- бірліктің, татулықтың ордасы.

6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12 мин.

1- тапсырма. Туған үйге қатысты жылы сөздерді топтастырып жазыңдар.

2- тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойып, мақал-мәтелдерді оқыңдар.

3- тапсырма.Өз үйлерінің суретін салыңдар.

4-тапсырма.Суреттерге қарап, әңгіме құрастырып айтыңдар.

5- тапсырма. Отбасы ережесін құрастырып жазыңдар.

6-тапсырма.Өз отбасыңдағы жақындарыңның бойындағы жақсы қасиеттерді тізіп жазыңдар.

7.Дәптермен жұмыс дәптердегі 1-тапсырманы тексеру.





8.Топпен ән айту. 3 мин.

«Қошақаным қайда екен» Өлеңі: Сабырхан Асанов.

Әнін жазған:Әсет Бейсеуов





9.Үй тапсырмасы. 2 мин.

Қасым Қайсенов«Үйді сағындым» әңгімесін оқып келу.




10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

  • Балалар, енді бір сәт тынышталайық.

. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, бір-бірлеріңе жылы лебіздеріңді білдіріңдер.Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет