ІІ бөлім “ Шығарманы тану-жаңа білім табу”
Сабақтың тақырыбы: С.Мұқанов “Лашын” 2-бөлім
Әңгіменің тақырыбы: Саятшылық өнер
Негізгі ойы: Ата кәсіп құсбегілікті дәріптеу
Сабақтың ой-дәні:“Лашын құсқа ауа қадірлі, жүйрік атқа дала қадірлі,ата-анаға бала қадірлі “
Төмендегі жоспар бойынша оқушыларға әңгімелету, лашынның құс алуы жайлы бейнефильм көрсету:
Жоспар:
1.Балтабай ауылында
2.Саятшылық
3.Лашының құс алуы
4.Шілдеде құс алу
Білім көкжиегі (оқулықпен жұмыс)
І топ
Мәтіннен Ахметтің портретін тауып оқы
ІІ топ
Лашын құсты суреттеген жерін тауып оқы
ІІІ топ
Дабыл аспабы жайлы деректі тауып оқы
Таным дерек: Дабыл аспабы жайлы
Этнография деп халықтың байырғы тұрмыс-салтын зерттейтін саланы айтады.
Этнографиялық бұйым немесе құрал деп байырғы тұрмыс-салтта қолданылған заттарды айтады. Мысалы: дабыл- этнографиялық құрал. Өйткені ертеде халық оны аңшылықта қолданған.
Зердеңе тоқы !Мәтінмен жұмыс
Шығармада
кездесетін
өлең жолдары
|
Шығармадағы
құс атаулары
|
Теңеу сөздер
|
Тұрақты тіркестер
|
Эпитеттер
|
Ахмет құс салуға шығатын кезең
|
|
|
|
|
|
|
Керекті сөздер: Жарау ат ,Құлақ естір жерде жоқ , Қыран құс қисық ұшып,түзу ілер ,сүңгуір қайықтай, өткірлігі ұстарадай, Қаз, Шабдан мұртты, Құс салып, айдын көлді дабылдаттым ,Лашын, Дуадақ, Таңату мен көтерілуінің арасы ,Күннің еңкеюі мен батуының арасы ,Айдын көл,
Көз көрім жер, Үйрек
“Құс аулау” ойыны
1- топ Үйректер сұрағына 10 20 30
2- топ Қаздар сұрағына 10 20 30
3 -топ Дуадақтар сұрағына 10 20 30 ұпайларын таңдау арқылы жауап берді .
Сауалдары:
1- топ Үйректер сұрағы 10 С.Мұқанов кім?
Үйректер сұрағы 20 Аңшы құстарды ата ?
Үйректер сұрағы 30 Дабыл деген не?
2- топ Қаздар сұрағы 10 Ахмет қазақ халқының қандай кәсібімен айналысады?
Қаздар сұрағы 20 Құстар жайлы мақал-мәтелдер айтыңыз
Қаздар сұрағы 30 Құстарда жауынан қорғану үшін қандай сезім мұшелері жақсы дамыған?
3 -топ Дуадақтар сұрағы 10 Ахметтің лашыны неше түлекте?
Дуадақтар сұрағы 20 Ахмет құс аулауға неге шілдеден кейін шығады?
Дуадақтар сұрағы 30Құстың отқа шығар кезі қай кез?
РАФТ стратегиясы
І топ
Роль -Оқушы бала
Аудитория -Сынып бөлмесі
Форма - Хат
Тақырып- Лашын- саят құсы
ІІ топ
Роль -Құсбегі
Аудитория -оқушылар
Форма - үндеу
Тақырып Саят құстарын қорғаңдар !
ІІІ топ
Роль -Жазушы
Аудитория -оқушылар
Форма - ертегі
Тақырып -«Саятшылық -өмірдің бір қызығы»
Ендеше біз қиялға ерік берелік,
Ұйқастарға шумақ құрап көрелік!
1 топ
---------саятшылық,
--------саят құрып.
--------аңға шығу,
-------қандай қызық.
ІІ топ
---------ұлттық өнер,
---------ой бөлінер.
----------таза ауада,
------------жан сүйсінтер.
ІІІ топ
------------Сәбит аға,
-----------кемел дана.
---------ақылшы ұстаз,
--------------Ұлы мұра .
Сәйкестендіру
А .Құнанбаев Лашын
С.Мұқанов Қызғыш құс
М.Өтемісұлы Қыс
М.Әуезов Шілде
С.Торайғыров Ақын қонақтар
Қорытындылау
“Тұжырым” кестесі
Ахметке мінездеме
|
Шығармадан
алған әсерім
|
Кейіпкерге баға
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |