5.1.1.14 ондық бөлшек түрінде жазылған сандардың теңдігін түсіну, мысалы, 1,3 және 1,30;
5.1.2.25 бөлшектерді бір жазылу түрінен басқа жазылу түріне ауыстыру.
Сабақ
мақсаттары
Ондық бөлшектің анықтамасын, ондық бөлшекті жай бөлшекке және жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырудың алгоритмін біледі, тең ондық бөлшектерді анықтай алады.
Ондық бөлшектермен амалдар орындау үшін ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыруды қолданады.
Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыруда күрделі есептерді шығаруда іс жүзінде қолданады.
ондық жазылуында үтірден кейін 2 цифр тұрады; (отырады)
- дұрыс бөлшек; (отырады)
Жаңа білімді меңгеру кезеңі.
Топтық жұмыс
Саралау тәсілі: "Диалог және қолдау көрсету" (Оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қою. Қолдау көрсетемін және ынталандырамын)
Қандай заңдылық байқадыңыз? Бұл бөлшектердің қандай қасиеттері бар?
Осы заңдылықты ереже түрінде жалпылаңыз.
Мұғалім оқушылардың ой жұмысын «Егер ондық бөлшектің соңына нөлді тіркесе немесе алып тастаса, онда берілген бөлшекке тең бөлшек шығады» тұжырымына бағыттайды.
Ойлау дағдыларының деңгейі:Білу және түсіну
АВ кесіндсінің ұзындығы 6 см немесе 60 мм. Ұзындықтың екі мәнінде дециметрмен жазыңыз. Сізде не шықты?
6 см = 60 мм болғандықтан, АВ = 0,6 дм = 0,60 дм.
Сандары бар карточкалар
Презентация
Слайд 7
Слайд 8
Слайд 9
Слайд 10
Слайд 11
Слайд 12
Слайд 13
Слайд 14
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Саралау іріктеу тапсырмалары, нақты оқушыдан күтілетін нәтиже арқылы, оқушыға көрсетілетін жекелеген қолдау, оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып, оқу материалы мен ресурстарды таңдау арқылы көрінеді (Гарднер бойынша интеллект теориясы).
Саралау сабақтың кез келген кезеңінде уақытты ұтымды пайдалану арқылы қолданылуы мүмкін.
Белсенді оқу –әрекеті:
"Бес сұрақ"," Сұраққа жетіп ал","Ой қозғау"
"Миға шабуыл", «Ойлан – жұптас – бөліс» әдістері
Саралау тәсілі: "Жіктеу"әдісі (аралас топ) «Қарқын», "Диалог және қолдау көрсету" .
Оқушының жұмысын бақылау және диалогты қолдану арқылы жүргізіледіОқушылар тақырыпты меңгеру барысында топтық, жеке жұмыс орындауда қалыптастырушы бағалау түрлері: «Мұғалімнің мадақтауы»,"Шапалақ", «Бағдаршам», «Екі жұлдыз, бір тілек », «+, - », "От шашу", "плюс, минус, қызықты" әдістері. Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы бағаланады. Сабақ соңында рефлексия қолданылды.
Денсаулық сақтау технологиялары.
Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.
Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары