Файлдарды біріктіру. COPY командасы сондай-ақ бірнеше файлдарды бір файлға біріктіруге мүмкіндік береді. Біріктірілуі тиіс файлдардың аттары COPY командасында «+» белгісі арқылы берілуі тиіс.
Мәтіндік файлдарды құрау.Мысалға, пернетақтадан мәтін теру арқылы notes.txt файлын құрау керек болсын делік. Ол үшін: COPY CON notes.txt командасын еңгізу керек. Бұдан кейін керекті мәтін теріледі. Мәтін терілеген соң Ғ6 функционалдық батырмасын немесе Ctrl-Z комбинациясын тереміз де, Enter-ді басамыз.Осы кезде экранға келесі хабарлама шығу керек: 1file(s) copied. Құралған файл ағымдағы дискінің ағымдағы каталогында орналасады.
RENAME- файлдар атын өзгертуге арналған ішкі команда.Мысалдар: REN D:\TEST\test.doc rez.doc (D: дискісіндегі TEST подкаталогында орналасқан test.doc бастапқы файлын rez.doc файлына атын өзгерту. Нәтижесінде rez.doc алынған файлы сол дискінің сол подкаталогына орналастырылады)
REN *.doc *.txt (doc кеңейтілуі бар ағымдағы каталогтың сол аттары бар, бірақ txt кеңейтілулерге өзгертеді)
MOVE- файлдарды тасымалдау қызметін атқарады. Сондай-ақ бұл команда файлдардың аттарын өзгертуге де арналған.
MS DOS операциялық жүйесінен шығу. Exit командасы msdos –тан шығу үшін пайдаланылады.
Тапсырма:1 тапсырма. А: дискісіне (немесе кез келген басқа дискіге келесі каталогтар құрылымын құрыңыз: