Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар: Тапсырмаларды қысқаша теориялық түсініктемеде көрсетілген командаларды пайдалана отырып, орындаңыз.
Теориялық түсініктеме: MS DOS 1981 жылы Microsoft фирмасы IBM-нің тапсырысы бойынша құрылған.
MS DOS - MicroSoft Disk Operating System сөздерінің бас әріптерінен шыққан, ол Microsoft фирмасының дискілік операциялық жүйесі дегенді білдіреді.
MS DOS операциялық жүйесін жүктеу: Жүктеу жолы: «Пуск» - «Выполнить» - Command – OK.
А немесе D дисклерін қарау Командалық жолға келесі сөзді теру керек: Cd (бос орын) А:(дискетті қарау үшін); Cd (бос орын) D: (D-дисклерді қарау)
DOS-та каталогтармен жұмыс
Ағымдағы дискіні ауыстыру. Ағымдағы дискіні ауыстыру үшін диск атауын теріп, содан кейін қос нүктені теру керек, мысалы:
А: - А: дискісіне көшу
В: - В: дискісіне көшу
С: - С: дискісіне көшу
Команданы енгізгеннен кейін ENTER пернесін басу керек.
Ағымдағы каталогты өзгерту. Каталогты өзгерту үшін Cd (Change Directory) командасы қолданылады. Команда форматы: Cd (дисковод:)жол
Каталогты қарау. Каталог мазмұнын көру үшін Dir командасы қолданылады. Параметрлері: /P – Мазмұнды толық экранда көру. /W –кең форматта мәліметтерді шығару: файлдар мен каталогтар атын көрсетеді(каталог атаулары квадрат жақшаның ішіне жазылады). /О – сұрыпталған түрде экранға шығару: ең алдымен каталог атаулары алфавиттік ретпен шығады, содан кейін файл атаулары алфавиттік ретпен шығады.
Каталог құру. Жаңа каталог құру үшін Md (Make Directory) командасы қолданылады. Команда форматы: Md (дисковод:)жол
Каталогты жою. Каталогты жою үшін Rd (Remove Directory) командасы қолданылады. Команда форматы: Rd (дисковод:) жол