Сабақтың аты Қозғалыс материяның ажырамас бөлігі Сілтеме Жоспар Жалпы мақсаты



Дата18.03.2017
өлшемі54,9 Kb.
#11958
түріСабақ
Күні:

Сыныбы: 9

Пәні: физика

Сабақтың аты

Қозғалыс материяның ажырамас бөлігі

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

  • қозғалыс материяның ажырамас бөлігі жайлы мағлұмат беру

  • қозғалыс заңдарының формуласын есеп шығаруда қолдана білуге үйрету

  • өзін-өзі бағалауға баулу

Күтілетін нәтиже

  • қозғалыс материяның ажырамас бөлігі жайлы мағлұмат алады

  • қозғалыс заңдарының формуласын есеп шығаруға үйренеді

  • өзін-өзі бағалай алатын болады

Негізгі идеялар

Қозғалыс табиғатта кез-келген өзгерісті білдіреді. Денелердің қозғалысын физиканың негізгі бөлімі – механика зерттейді. Механика кинематика және динамика деген бөлімдерден тұрады.

Кинематика – механиканың қозғалыстарды сипаттайтын шамалар арасындағы байланысты қарастыратын бөлімі.

Кинематикада денелердің қозғалысын анықтайтын себептер қарастырылмайды,

оларды динамика қарастырады.

Дене кейбір дегене қатысты тыныштықта болғанымен, басқа бір денеге қатысты қозғалыста болады, сондықтан денелердің тыныштығы салыстырмалы болып табылады.

Материяның негізгі қасиеттерінің бірі –қозғалыс. Материясыз қозғалыс, қозғалыссыз – материя болмайды.

Материяның қасиеттерін, оның өзгерістерін зерттеу барысында көптеген физикалық шамалар енгізіледі. Бұл шамларадың арасындағы ең маңызды байланыстар ашылады да, олар математикалық қатынастар арқылы өрнектеледі. Сөйтіп, материя қасиеттерін сипаттайтын заңдар тағайындалады.


Тапсырмалар

Топтық жұмыс «Жигсо»

Тапсырмалар

Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман»

Тапсырмалар

Жеке жұмыс «Тест тапсырманы орындау»


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

    1. Сәлемдесу

    2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

    3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандарына байланысты 3 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5 минут)

  1. 8-сынып курсын еске түсіріп шолу жасау


ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)

  1. Физика ғылымында дененің қозғалғанын қалай білеміз?

  2. Механикалық қозғалыс дегенді қалай түсінесіңдер?

  3. Материя дегенді қалай түсінесіңдер?


ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Бақылаушының бағалау парағы




Бағалау өлшемдері

Көш

басшы


Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

1

Тақырыптың ашылуына үлес қосу













2

Міндетін атқару













3

Топтық жұмысқа атсалысуы

































Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.


Ү. Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман» (5 минут)

(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)

Берілген сөздерге шағын эссе жазады


  1. Қозғалыс

  2. Материя

  3. Табиғат

Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру

V. сергіту сәті (3 минут) (видео)
VІ. Жеке жұмыс «тест жұмысын орындау» (10 минут)

.Механикалық қозғалыс дегеніміз не?

а) Санақ денесімен байланысқан координат жүйесі ;

б) Өлшемі мен пішінін ескермеуге болатын дене ;

в) Басқа денелерге қатысты кеңестіктегі орын ауыстыруы;

г) Орын ауыстырудың жолға қатынасы;

2.Ұзындық бірлігі.

а) Дж;. б) Метр; в) секунд; г) Вт

3.Орын ауыстырудың формуласы

а) s=v t; б) v=s/t E) s=u0t+at r) s=u0t + at0

4.Серпінді дегеніміз не?

а) Орын ауйыстырудың жолға қатынасы;

б) Бірдей уақыт аралығындағы жылдамдық;

в) Жұмыстын жолға көбейтіндісі;

г) Жүкті алып тастағаннан кейінгі деформация;

5.Еркін түсу үдеуінің сандық мәні ?

а)10,1 Дж; б) 8,7 Вт, в) 9,8 м/с , г)9,7м/с

6.Бұрыштық ығысуы қандай әріппен белгіленеді ?

а) U ; б) S ; в) T ; г) φ

7. « Динамика» қандай мағына береді?

а) Суреттеу; б)Күш; в) Ғалым; г) Жазамын.

8. Исаак Ньютон қай жердің ғалымы?

а) грек ; б)француз; в)ағылшын; г)қытай.

9.Жылдамдықты өлшеуге арналған прибор

а) термометр; б) барометр; в) амперметр; г) спидометр.

10.Төмендегі ғалымдардың қайысысы дене еркін түскенде бір қалыпты үдемелі қозғалыста болатынын ж/е үдеуі барлық денелер үшін бірдей екенінін тапқан?



а) Архимед; б)Галлилей; в) Ньютон; г) Гьюгенс; д) Гук.
Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)


Кейінгі тапсырмалар

Күнделікті өмірде тапсырмаға байланысты өзің байқаған құбылыстар жайлы шағын эссе жазу.

Кейінгі оқу

§1 Қозғалыс материяның ажырамас бөлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет