Күні: 22.01.16 Сыныбы: 4 «А» Пән атауы: әдебиеттік оқу
Тақырыбы: Дүрбелең. Оспанхан Әубәкіров.
Мақсаты: Оқушыны Оспанхан Әубәкіровтың «Дүрбелең» атты өлеңімен таныстырып, мәнерлеп оқуға, мәтінге сүйене отырып Бектайдың ісіне баға бере білуге баулу; өлеңнің түйінін ашуға жағдай жасау; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.шығармашылық жұмыс
Көрнекілігі: суреттер,плакттар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері:
- Арайланған таңды сүйетін кім? - Мен.
- Алтын сәулені сүйетін кім? - Мен.
- Жарқындаланысүйетінкім? - Мен.
-Жуынбаған кім?-
- Туған жерді сүйетін кім? - Мен.
- Ата-ананысүйетінкім? - Мен.
- Құрметтіқонақтардысүйетінкім? - Мен.
Болашағы елімнің кім? - Мен.
-Сабақ оқымаған кім?-
Топқа бөліп алу.(сурет арқылы)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Кубик арқылы.
Әңгімедегі басты кейіпкер кім деп ойлайсың?
Көксерек туралы ауыл адамдары қандай пікірлер айтты?
Көксерек «ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін ұға алмады» дегенді қалай түсінесің?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
Әңгіме немен аяқталды деп ойлайсың?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:
1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, сендер өтірік ауырып көрдіңдер ме?
Көрсеңдер оның жағдайы қалай болды?
Ү. Жаңа сабақ:
Дәптермен жұмыс.
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Түп-түзу боп отырып,
Көркем етіп жазайық.
Қаңтардың жиырма екісі.
Дүрбелең
Оспанхан Әубәкіров.
Оспанхан Әубәкіров 1934 жылы 4-мамырда Алматы облысының Жамбыл ауданында Сүйінбай атындағы совхоздың Үшбұлақ бөлімшесінде дүниеге келген.1986 жылы дүниеден өткен.
2 класта Оспанхан Әубәкіровтің қандай ертегісін оқып едік? (Сүт қалай ұйықтады?
.Мақалмен жұмыс:
Ұйқы деген дұшпан бар
Тұла бойды талдырар,
Жолдан,істен қалдырар.
5.Тыйым сөз: .Ақты төкпе.т.б
Не арсыз? (Үш арсыз : ұйқы, күлкі, ас)
(Оқушыларға өздері білетін тыйым сөздер айтқызу.)
Топтастыру стратегиясы.
Топпен жұмыс.
1-3топ
Сүзбе
сүт
айран құрт
қаймақ ірімшік
май
2-4 топ
теппе сүтті төкпе
тыйым сөздер
басынан ұрма теріс мінбе
Бүгін, Оспанхан Әубәкіровтың «Дүрбелең» атты өлең оқи отырып Бектайдың қылжағы жайлы білеміз.
Оқулықпен жұмыс. түсініп, жалғастырып, рөлмен оқу. Топпен жұмыс.
Оқушылардың өздерінің оқуы.
1- қатар. күлдіріп оқып беру керек.
2- қатар. жылатып оқып беру керек.
3- қатар. Мәнерлеп оқып беру керек.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру:
Бектай неге үй ішін әуреге салды? Үйге кім келді? Дәрігер не деді?
Дәрігер Бектайдың істеген қулығын білді ме?
Оны өлеңнің қай жолынан аңғаруға болады?«Үндеме»дегендей,Ол бізге ымдады.
2.Топпен жұмыс.Шығармашылық жұмыс.
а)Әр топ Дүрбеленнің суретін салады .
ә)Бір шумақ өлең жазу
ҮІІ. Қорыту. Бүгін не жайлы өттік?
1. Сатира-күлкіге,әзіл-сықаққа құрылған шығарма.Мұндай сипатта жазатын ақын-жазушыны «сатирик»деп атайды.
Мына сызба бойынша талдау жаса.
Оспанхан Әубәкіров
Автор туралы
Шығармалары
Басты кейіпкерлері
Не үйрендік?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу. 2. Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |