Гүлді өсімдіктердің қосарлы ұрықтануының маңызын талдайды.
Тілдік мақсаттар
Академиялық тілдерін дамыту. Пәндік лексика және терминология:Аталық,аналық жіпше, ұрықтану, тозаң, тозаң түтігі, ұрық қалтасы, орталық жасуша,жұмыртқа жасуша ,тозаң саңылауы ,қосарлы ұрықтану,эндосперм,спермий,партеногенез,триплоид,диплоид.
Тақырыпта кездесетін терминдер мен тіркестерді дұрыс айтады(оқылым,айтылым) Тыңдау барысында естілген терминдер мен тіркестерді орынды қолданады(айтылым,тыңдалым) Жазылым бойынша ұсыныстар: Эндосперм,спермий,партеногенез,триплоид,диплоид. Диалог/ жазылымға арналған пайдалы сөз тіркестер: Гаметалардың қосылуы..........деп аталады.Тозаңқаптың ішінде ...... дамиды.Тозаңдану ....созылады.Гаметелар қосылғаннан соң .......пайда болады.Бұл процесті .........ұрықтану деп атайды.Орталық жасушадан......дамиды,жұмыртқа жасушадан .......дамиды.
Құндылықтарға баулу
«Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы»құндылықтарына сәйкес оқушылардың шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауға баулу.
Табиғат байлығын қоршаған ортаны сақтау.
Қоғамыздағы ұлттық бірлік,бейбітшілік пен келсім.
Пəнаралық байланыс
5.2.4.1. Жаратылыстану
-Тірі табиғаттағы үдерістер
Математика
-Математика пәнімен байланыс қосарлы ұрықтану үдерісі кезінде хромосома сандарының қосылуын тусіндіру барысында жүзеге асады
Сабақтың жоспары
Жоспарланған уақыт кезеңдері
Сабақ барысы:
Ресурстар
Сабақтың басы
7мин
Сәлемдесу,түгелдеу.
Өткен тақырыптан миға шабуыл
1.Гүлдегі ең басты мүшелер?
2.Қосарлы ұрықтануды кім ашты?
3.Айқас тозаңдану дегеніміз не?
Интербелсенді тақта, слайд
Сабақтың ортасы
30 мин
Сабақ түсіндіру 1-тапсырма.Жеке жұмыс Дескриптор:
-Жіберілген сөздерді жазады
-Терминдерді орынды қолданады
Кері байланыс:
Оқушылар оқиды,дұрыс,жарайсың деген бағалау
Оқулық биология (жоба)
7 сынып
2017 ж
Е. А. Очкур, Ж.Ж. Құрманғалиева
189 бет
Интербелсендітақта, слайд
2-тапсырма. «Жұптық жұмыс» әдісі Бойынша суретте келтірілген бөліктердің атауын жазыңыздар (аталық,аналық,күлте,тостаған,жіпше, тозаңқап,мойын,жатын,сағақ, табан).
Дескриптор:
-Сурет бойынша гүл бөліктерінің аттарын анықтап, жаза алады.
Кері байланыс:
10 баллдық шкаламен бағалау
Сабақтың соңы
5 мин
Үй тапсырмасы:
Рефлексия: Оқушылар бүгін не оқып-үйрендік?
Нәтижесінде түзіледі:
жатыннан ____________________
тұқымбүршігінен ________________
тұқымбүршіктің қабығынан _______
зиготадан _____________________
Бағалау дескипторлары:
Оқушылар мақсатқа жетеді егер:
Нәтижесінде түзіледі:
жатыннан — жеміс;
тұқымбүршігінен — тұқым;
тұқымбүршіктің қабығынан — тұқым қауызы;
зиготадан — тұқым ұрығы (2n);