Глоссарий жаратылыстану



Дата31.10.2022
өлшемі17 Kb.
#155781
түріОқулық
Байланысты:
Глоссарий Жаратылыстану
Лекция 1, Мысалдарды оқыту әдістемесі, Оқу жоспары, Кушмурзина Д.Х. Әдебиеттік оқу әдістемесі

ГЛОССАРИЙ 
Жаратылыстану - бүкіл жаратылыстану пәндерінің негізінен білім беретін пән. Кіріктірілген пән болғандықтан, оны оқып үйретудің ең негізгі мақсаты-адам, қогам, табиғат, яғни реалды дүниенің ірі үш құрамдас бөлігі туралы оқушыларда біртұтас көзқарас қалыптастыру және ондағы адамның ролін түсіндіру.
Жаратылыстануды оқыту әдістемесі - осы пәннің мазмұнына сәйкес бастауыш сынып оқушыларына білім беру, тәрбиелеу, дамытуынды іске асыратын білім беру жүйесінің әдісі.
Жаратылыстануды оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым – ол педагогикасымен, оның бөлімдері дидактикамен, тәрбие теориясымен тығыз байланыста бола отырып, солардың заңдылықтарына байланысты дамиды.
Дидактика - білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым.
Оқу жоспары - оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімі; оқытуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір сыныптар бойынша оқу жылындағы оқу тәртібін, әр апта бойынша әр пәнге берілетін сағат санын көрсететін мемлекеттік құжат.
Оқу бағдарламалары - әр пәннің мазмұнын, мақсатын, білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптарды, окушылардың білімін бағалау жолдарын көрсетеді. Сонымен қатар, пәннің тарауларын, оларға бөлінетін сағат санын, сол тарауда қаралатын басты-басты мәселелерді, пәнаралық байланыстарды көрсететін мемлекеттік құжат.
Оқулық- оқу пәнінің мазмұнын бағдарламаға сай жүйелі баяндайтын кітап.
Оқушының жекебастық сапасы- білімділік, адамгершілік, маңайымен қарым-қатынас мәдениетті,өзін-өзі баскару.
Даму - оқушының өз білімін кез келген қалыптан тыс жағдаяттарда қолдана білу білігі.
Кіріктіру- арқылы бірнеше білім аймағы: қоғам, жаратылыс - тану, тарих.
Жеке бастың физиологиялық сапасы – көру, есту, сезіну, байқау.
Жеке бастың интелектуалдық сапасы- ойлау, ой қорыту, қортындылау, пікірінің қисындылығы мен жүйелілігі.
Жеке бастың эмоциялық сапасы– көңіл-күй, қиялдау, пәнге шығармашылықпен қарау.
Оқыту үрдісі - білімді, біліктілік, пен дағдыны, меңгеретін, оқушылардың дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы.
Оқыту- мақсатты үрдіс.
Оқытудың міндетті - окушыны қоршаған ортамен (табиғат, қоғам) және адам дамуының негізгі заңдылыктарымен қаруландыру.
Оқытудың алдына қоятын ортақ мақсаты - білімдендіру, білім қорын молайту, тәрбиелеу, дамыту.
Білім стандарты — білім мазмұнының міндетті минимумын, оқушының оқу жүктемесінің шегіне жеткен (максимальный) көлемін және оқушы дағдыларына қоятын талап деңгейін белгілеп береді.
Оқушылардың негізгі іс-әрекеті - оқу, білім алу.
Оқушылардың дамуы - іс-әрекет нәтижесінде жүзеге асады.
Оқыту әдісі - мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру.
Оқу әдісі - білім алу мақсатына жету жолы.
Оқыту тәсілі - оқыту әдісінің бөліктері.
Оқу құралдары - оқу кітаптары, көрнекі және техникалық құралдар. Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың ең басты формасы.
Сабақтың құрлымы - сабақтың кезеңдерге бөлінген бір - бірімен сабақтас орындалатын бөліктері.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет