Сабақтың міндеттері: Мектептегі буллинг құрбандары. Буллинг жарақатының алдын- алуы



Дата05.04.2022
өлшемі16,63 Kb.
#137948
түріСабақ
Байланысты:
жоба


Тақырыбы: «Буллинг және оның алдын- алуы» әдістемелік сабақ.
Мақсаты: Мектептегі буллинг себептері және алдын алу жұмысы.
Сабақтың міндеттері:
1.Мектептегі буллинг құрбандары.
2.Буллинг жарақатының алдын- алуы.
Қажетті құралдар: Интерактивті тақта.


Сабақтың барысы:
Буллинг: Оқушыға бір немесе бірнеше оқушылар тарапынан ұзақ уақыт агрессивті іс-әрекет қолдануы.
Буллингтің белгілері:

  • Агрессия

  • Ұзақ уақыт бойы іс- әрекеттердің қайталанбауы

  • Жәбірленушінің әсершілдігі

Буллингтің түрлері:

  • Физикалық 

  • Вербалды

  • Қорқыту

  • Шеттету

  • Бопсалау

  • Мүлікті бүлдіру

  • Кибер буллинг


Буллинг құрбаны:

  • Мінез ерекшелігі тұйық, ұялшақ, сезімтал, мазасыз, сенімсіз, өзін- өзі сыйлауы төмен;

  • Түр әлпетінің ерекшеліктері: сепкіл, құлағы үлкен т.б.

  • Әлеуметтік дағдылардың төмен дамуы- досы жоқ, ешкіммен араласпайтын бала.

  • Мектеп қорқынышы- сабақты нашар оқитын т.б.

  • Ауыратындар- кекеш, дислалия т.б.

  • Жаңадан келген балалар.

Буллингті айыру белгісі:

  • Мектептен көңіл- күйі түсіп келеді;

  • Себепсіз жылау;

  • Сыныптастары туралы ештене айтпайды;

  • Сыныптастарының үйіне, туған күн кештеріне бармайды;

  • Көп ауырады;

  • Ақша көп сұрайды

  • Көп сөйлемейді.

Педагогтың буллинг жағдайында жүрген балаға көмек көрсету:

  • Педагог осы жағдайдағы сезімін жақсы түсінетінін білдіру. Сонда оқушы өзін жалғыз сезінбейді, қолдау мен көмек алатынына көз жеткізу.

  • Өзін бағалауының көтерілуін қажет етеді. Сен болған оқиғаны айтып нағыз батырлық жасадың” оның батырлығын бағалаңыз.

Ата- аналарға жадынама

  • Егер бала буллинг жағдайына түскенін мәлімдеп берсе, ата- ана сабырлы болып, ашуды көрсетпеуі қажет, өйткені ата- ана ашу мен мазасыздығын байқатуы- әлсіздіктің белгісі. Балаға оны түсінетінін жеткізе отырып оны жұбату қажет. Бәрін білгішсініп ақыл үйретуден аулақ болу, өйткені баланың өзін- өзі бағалауы, өзіне деген сенімі одан ары қарай жоғалып кетуі мүмкін.

  • Шұғыл түрде әрекет жасау: баланың көзінше мұғалімге телефон шалып сөйлесу.

  • Мұғаліммен сұхбат жүргізу барысында өзін сабырлы ұстау (эмоцияларға ерік бермеу), дегенмен ата- ана ретінде балаңызға жауапты екенін білдіре отырып келеңсіздіктерге жол бермейтінін жеткізу.

  • Балаға зорлыққа жол бермейтінін көз жеткізу. Ата- ана қамқорлығын сезген бала өз ойын басқаға жеңіл аударады. Өзіне сенімділікті оята алады.

Буллингтің алдын- алуының психологиялық көрінісі:

  • Буллингті болдырмау шартын құру.

  • Баланы сәйкес күйзеліс әсерінен жылдам және сауатты бөлектеу.

  • Дені сау және сол сияқты соматикалық немесе психикалық патологиясы бар балаларда және жасөспірімдерде қудалауға қарсы тұруға денсаулықтың және тұлғаның күшін нығайту.



Ұсыныс:
Мектептерде буллинг жайлы түсінік қалыптастыру
Буллингтің алдын алу мақсатында тәрбие жұмыстарын жүргізу
Балалардың қарым қатынасын қадағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет