Сабақтың тақырыбы : Махамбет Өтемісұлының өлеңдерң ерекшеліктері Сабақтың мақсаты



Дата01.04.2017
өлшемі71,21 Kb.
#12800
түріСабақ
9 «г» сынып 22.01.2014ж.

Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлының өлеңдерң ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Махамбет өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктерін ұғындыру тақырыбы, жанры және маңызы жайында айту.
2) Дамытушылық: Патриоттық тақырыптағы өлеңдерді нақышына келтіріп мәнерлеп оқу, өлеңдеріндегі айтпақ ойды табу. Әдеби кітаптар оқуға үйрету.
3) Тәрбиелік: Ерлікке, елдікке, батырлыққа баулу, елін, жерін сүюге, патриот болуға шақыру.
Сабақтың көрнекілігі: Махамбеттің суреті, тірек кесте буклет, сұрақ-жауап парақтары, плакат, көркем әдебиеттер, т.б.

Сабақтың типі: Бекіту сабағы.
Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ.
Сабақтың әдісі: Мәнерлеп оқу.
Пәнаралық байланыс: тарих, география.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын даярлау, жаңа сабаққа назарларын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Сұрақ-жауап әдісі бойынша Махамбет туралы не білетіндіктерін сұраймын.
Өткен тақырыптарды пысықтау мақсатында Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылық қызметі жайлы сұрақ-жауап таратып беремін

Тексеруге арналған сұрақтар. 
№1 
1.Махамбет қай жылы, қай жерде дүниеге келген? 
2.Махамбет пен Жәңгірхан туралы не айтасың? 
№2 
1. Исатай жасағы кімнің ауылын шауып алып, кімнің ауылын ойрандайды? 
2.Исатай қашан қайтыс болады? 
№3 
1.1840ж. Махамбетті кімдер ұстап алғысы келеді? 
2.1841ж Махамбетті тез ұстауға кім бұйрық шығарады? 
3.1941ж не болды? 
4.Кіші жүздің сұлтаны Арыслан Жанториннің бақылауына неге жіберді? 
№4 
1. Генерал – губернатор не деп жар салды 
2. Махамбетті кім өлтірді? 
3. Қай жылы, неше жасында қайтыс болды? 

ІІІ. Жаңа сабақ:
Сабақ жоспары:
1. Сұрақ-жауап жұмысы.
2. Жаңа сабақ.
3. Өзіндік жұмыс
4. Шығармашылық жұмыс
5. Қорытынды.
6. Үйге тапсырма
7. Бағалау.
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып, тақтадағы плакатқа түсірілген тірек кесте бойынша Махамбеттің ерлікке, елдікке шақыратын және Исатайға арналған өлеңдеріне тоқталамын.
Махамбет Өтемісұлының өлеңдері.
Талдау:
Махамбет өлеңдерінің тақырыбы, мазмұны идеясы, көркемдік ерекшеліктері.
Ерлікке, елдікке арнаған өлеңдері:
«Мұнар күн» «И. деген ағам бар»
«Ұлы арман» «Арғымаққа оқ тиді»
«Біртіндеп садақ «Тарланым», «Соғыс»
асынбай» «Мінген ер», «Мінгені
«Ереуіл атқа ер И-дың Ақтабан-ай» салмай» «Исатай сөзі»
«Жалғыз дүние» «Арыстан одан кім
«О, Нарын!» өткен?»
Күрделі мәселе:
Елдегі әділетсіздік.
Батырдың аңғалдығы.
Исатай қазасы.
Әсер етуші факторлар:
Халық қамы, ел жағдайы.
Үстем тап өкілдерінің зорлығы.

Мұғалім: Балалар Махамбет: «Өтемістен туған он едік 
Онымыз атқа қонғанда, 
Жер қайысқан қол едік» - деп жырлаған екін. 
Қазір слайдқа көңіл аударып Өтемістің он ағайынының есімдерін көрулеріңе болады. (слайд көрсету) 
Өтемістен туған он: Бекмағанбет,Махамбет,Тоқтамыс,Қожахмет,Ыбырайым,Әйіп,Хасен, 
Ысмайыл, Сүлеймен,Досмайыл. 

А) Жаңа сабақты пысықтау үшін: Шаруалар көтерілісінің шығу себептері, көтерілістің мақсат-мұраты ақынның қандай шығармаларында көрінгендігін, сол шығармаларына сүйене отырып талдау жасаймыз.
Ақын шығармаларында Исатай бейнесі қалай сомдалғандығы жөнінде айту. Өлеңдеріне талдау жасай отырып, Махамбет романтизімнің ерекшеліктерін айтып беру.
Жырларда Махамбеттің өз тұлғасы қалай көрінгендігін айту.
М. Өтемісұлы шығармаларының тақырыбы, жанры және маңызы жайында айтып беру.
Ә) Тіл дамыту үшін. Және сергіту мақсатында ерлік, батырлық туған жер туралы мақал-мәтелдер айтқызу. Ол үшін арнайы дайындалған семантикалық карталарды әр-топқа бір-бірден үлестіріп беремін де, берілген мақал-мәтелдердің жалғасын тапқызамын.Балалар мәнерлеп оқып, мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріп шығады.
Мақалдар:

Семантикалық карта №1

Көлінен безген қаз оңбас. Ер үйірін сағынса, айыл-тұрман тағынар. Өз жеріңдей қайда бар. Сайының тасы болайын.Пәлен жерде пайда бар,Өз елімнің басы болмасам да,
Елінен безген ер оңбас,Ат үйірін сағынса, Артқы аяғын қағынар.


Семантикалық карта №2
Мақалдар Би басына дау келсе, билігі кетер басынан. Құс жаңылып торға түсер. Ер жарасыз болмас. Шешен тар жерде сөз бастайды.
Ел шарасыз болмас,
Батыр мың қол бастайды,
Ер басына дау келсе, ерлігі кетер басынан.
Ер жаңылып қолға түсер,


Семантикалық карта № 3
Мақалдар Бақ-бақ еткен текені қар жауғанда көрерміз. Арыстан болсаң жау үшін. Тәуекел ет те тас жұт, Арғымақ аттың құйрығы, әрі жібек, әрі қыл,
Түлкідей болсын әдісің.
Ер жігіттің белгісі, әрі мырза, әрі құл.
Батырсынған жігітті, жау келгенде көрерміз.
Ажал жетпей өлмек жоқ.

ІІІ. Өзіндік жұмыс. Махамбет Өтемісұлының өлеңдерін мәнерлеп оқу, жатқа айту.


IV. Шығармашылық жұмыс: «Ер қандай болу керек?» деген тақырыпта эссе жазғызу. Шектеулі уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде оқушылар өз ойларын хатқа түсіреді. Уақыт біткен соң жазған эсселерін оқыту, бағалау.

V. Жаңа сабақты сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытып, бекіту.

Мұғалім: Фариза Оңғарсынованың өлең жолымен сабағымды аяқтағым келеді. 
Махамбет 
Махамбет... 
Білмеймін жел ме,сел ме 
Жырда онымен бір тұлға теңесер ме? 
Әділетсіз дүниенің қабырғасын 
Махамбетше сөгер жан кездесер ме? 

VI. Үйге тапсырма беру: Махамбеттің өзіңе ұнаған 10 өлеңін жаттап кел.


VII. Оқушылардың білімдерін бағалау. Бағаларын күнделіктеріне, журналға қою. Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларды мадақтау

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет