Модуль 3
Шетел және қазақ жазушыларының шығармаларындағы әдеби ертегілер
Сабақтың жоспары
Поурочный план
The plan of the lesson
Күні / Дата / Date:
Топ / Группа / Group:
Пән / Предмет / Subject: Балалар әдебиеті
Сабақтың тақырыбы / Тема занятия / Theme: Шарль Перро әдеби ертегілері
Сабақтың үлгісі / Тип занятия / Type of the lesson: аралас
Сабақтың түрі / Вид занятия / Kind of the lesson: Дәріс
Мақсаты / Цели занятия / Objectives:
-білімдік / образовательная /educational: Студенттерге мектепке дейінгі балаларды шетел жазушыларының бағдарламаға енген көркем әдеби ертегілерге талдау жасауға үйрету.Әдеби қонақ үйі түрінде өткізе отырып, студенттерді жаңа жағдайда, еркін,ашық, жайбырақат отырып, ойларын жеткізуге қалыптастыру.Ш.Перро ертегілерінің ерекшеліктеріне тоқталу және тәрбиелік мәнін ашуға қалыптастыру.
-дамытушылық / развивающая / developing: Танымдық іс-әрекеттерін дамыта отырып, балалардың жеке жұмыс жасай білудің қабілеттерін қалыптастыру.
-тәрбиелік / воспитательная / bringing-u: Өз беттерінше ізденуге, танымдық іс-әрекеттерін белсендіруге, сөз байлықтарын молайтып, көркем сөз тазалығы мен мәнерлеп сөйлеуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар / Оборудование / Resources: тақта, портрет, ертегі кітаптары
Сабақтың жоспары \/ План занятия / Plan
1.Ұйымдастыру.
2.Мақсатқа жету
3.Тақырыпты хабарлау.
4.Тест алу
5. Видио (бальдан үзінді)
6. «Қызыл телпек» ертегісін сахналау (француз тілінде)
7. «Золушка» ертегісі
8. Видио «Етік киген мысық»
9. Бағдарлама мазмұны (кітаппен)
10.Рефлексия
Сабақтың барысы / Ход занятия
I.Ұйымдастыру бөлім: үш тілде амандасу, таңғы шеңбер
II.Мақсатқа жету. Эпиграф : 17 ғасырдың классицизм әдебиетінің жетекші біреуі Шарль Перро болды.Ол кісі осы дәуірдің әдебиетшісі,осы заманның шындығын қалаған ақын деп айтамыз.Дәл шындықты ала отырып бала әдебиетіне сәнде мән де бере білген үлкен жарқын кеуде ақынның ертегілерінің ерекшеліктерін анықтау.
III. Тест жұмысын орындау: тесттер бар
IV. Жоспармен таныстыру: 1. Классицизм әдебиеттегі жетекші бағыттардың бірі
2. Шарль Перро – әдеби ертегілер құрастырушы
3. Сиқырлы ертегілер Шарль Перро, француз халық ертегілерінің мотивімен құрылған
4. «Қызыл телпек», «Золушка», «Етік киген мысық» ертегілеріне талдау жасау.
V. «Әдеби қонақ үйі» кешіне келіп отырмыз:
1. 1- жүргізуші :
2. 2.- жүргізуші:
VІ. Студенттермен жұмыс:
Ш.Перро портреті( интерактивті тақтадан шығады)
Ш.Перро кім?
Қандай еңбектерін білесіңдер?
Классицизм бағыты деген не?
Видио бальный биден үзінді
Біз өзімізді 17 ғасырда өмір сүріп жатқан сияқты елестетейік
Француз халқының салт дәстүрі(киіну үлгісі)
Ертегі «Қызыл телпек» сахналау (студенттер француз тілінде)
Ертегіден қандай әсер алдық, ?
Тілдерінің ерекшелігі неде?
Ертегі «Күлше қыз» сахналау
Ертегінің жазылу мотивінің желісі қандай?
Тәрбиелік мәні не?
Ертегілерден үзінді: Қай ертегіден аттарын табу?
Ертегілерді қай топтарда оқылатыны топтастыру
Ортаңғы, ересек және даярлық топ.
Видио қарау: ертегі «Етік киген мысық»
Ертегілерді қай топтарда оқылатыны топтастыру
«Күлше қыз», «Қызыл телпек», «Көк сақалды», «Бармақтай бала», «Рике с хохолком», «Етік киген мысы», «Ұйқыдағы ару»
VІІ.Әдебиет / Литература / Literature: Сетин Ф.И «Орыс балалар әдебиетінің тарихы» 1990ж. «Қазақ балалар әдебиетінің тарихы» Ш. Ахметов - 1976ж. «Қазақ фолклорының тарихы» А. Қоңыратбаев – 1986ж.
Қымбатты студенттер! Біз сендермен шетел және қазақ әдеби ертегілерін бастаған едік.Осы ертегілерді қаншалықты меңгердік және үйреніп түсінгендеріңді тест жұмысы арқылы тексергім келіп отыр.Шетел ертегілерін не үшін оқимыз?Шетел және қазақ ертегілерінің айырмашылығы қандай? Мемлекеттік үлгі қалып стандартта біз шетел шығармаларын оқу арқылы оның тарихымен, салт –дәстүрі ,әдет –ғұрыппен танысамыз.
Тест жұмысын орындау:
№
|
Сұрақтар
|
Дұрыс
|
Дұрыс емес
|
1.
|
Қазақ халық ертегілері: «Аяз би», «Ер төстік»
|
|
|
2.
|
Балалар әдебиетінің асыл мұрасы: ауыз әдебиет
|
|
|
3.
|
Шетел ертегілеріне жататын : Қаңбақ шал, Түлкі мен бөдене, Ұр тоқпақ
|
|
|
4.
|
Тұсау кесу мен бесік жыры – балалар фольклорының басталуы
|
|
|
5.
|
Балалар әдебиетінің атасы- Ы.Алтынсарин
|
|
|
6.
|
«Қазақ хрестоматия» кітабының авторы: А.Байтұрсынов
|
|
|
7.
|
Ертегінің басынан аяғына дейін ұйықтап жататын: күлше қыз
|
|
|
8.
|
Классицизм бағытының жетекшісі болған – Ш.Перро
|
|
|
9.
|
Қазақ эпосы, батырлар жыры: Тазша бала, Әке мен бала т.б.
|
|
|
10.
|
Ертегілердегі ұлттық ерекшеліктер: салт дәстүр, әдет –ғұрып.
|
|
|
11.
|
Шағын фолклор жанрларына:бесік жыры,тұсау кесер,жаңылтпаштар, жұмбақтар және ертегілер.
|
|
|
12.
|
Тұрмыс салт – жырларына:бақташылық, ұлыстың ұлыс күні,үйлену,жаназалау жатады.
|
|
|
13.
|
Ауызба ауыз тараған: проза, поэма, пьеса
|
|
|
14.
|
Барлық әлем халық ертегілерінің ұқсас тұстары: жақсылық жеңісі,әділеттің үстем болуы,үлкендердің еңбегін құрметтеу.
|
|
|
15.
|
Халық ертегілерінің құрылымы:басталуы,сюжеттің өрбуі,қайталануы,аяқталуы.
|
|
|
Тесті бағалау критерилері:
15 сұраққа кім жауап береді соған фишка беремін:
1 сұраққа жауап бермеген:
2сұраққа жауап бермеген:
3сұраққа жауап бермеген:
«Әдеби қонақ үйіне» студенттерді шақыру, жайғастыру.
Жоспармен таныстыру: Бүгін біздің ашық сабағымыз дәстүрсіз, « Әдеби қонақ үйі» формасы түрінде өтеді. Әдеби қонақ кеші болғаннан кейін өздеріңізді еркін ұстап, өз ойларыңызды еркін,толық айтып, көңілді отырып,әр біздің тапсырма,пікірлерімізге қосылып отыруларыңызды сұраймын.
Жүргізуші: Қымбатты ханымдар! Бүгін біз сендермен Европадағы халық ертегілерінбалалар әдебиетіне мұра етіп қалдырған француз елінің ең алғаш шыққан жазушысы Ш.Перроның «Әдеби қонақ үйі» кешіне келіп отырмыз.
Жүргізуші: Бүгінгі кешімізді бастайық.Қазір сіздердің алдарыңызға Ш.Перроның портреті шығады.Осы кісінің портретіне қарап,бұл ақын туралы не айтып бересіңдер: Ақынның қызметі ,классицизм бағыты деген не? Және ертегілері жайында әркім өз ойларыңды ортаға салуға шақырамын.( фишка беріп, білімдерін бағалау)
Жүргізуші: Ш.Перро туралы жақсы айтып бердіңдер кешімізді жалғастырамыз.
Жүргізуші: Ханымдар қазір біз өзімізді 17 ғасырда өмір сүріп жатқан сияқты елестетіп көрейік.Сол дәуірде өмір сүрген Перроның халқының салт- дәстүрі мен әдет –ғұрпын салыстырайық. Көзімізді жұмдық, мен аш дегенше ашпаймыз.Жақсы ма.(Осы кезде шам сөндіріліп,свеча жағылып, видио қосылады, көздерін ашады)
Жүргізуші: Осы дәуірдің халқы салт- дәстүрінің ерекшелігі бар ма?Не сезіндіңдер? Француз еліне барып қайтқандай сезім болды ма? ( фишка беріп бағалау)
Жүргізуші: -Енді біз қазір сендермен Ш.Перро сиқырлы ертегілеріне шолу жүргіземіз.Ертегілерінің ерекшеліктері неде?Қазір француз халық ертегілерінің мотивімен құрылған «Қызыл телпек» ертегісінен үзінді, француз тілінде көреміз.Тамашалайық. ( фишка беріп бағалау)
Б.Ғаниқызы: Қазір біз сендермен 3 ертегіден үзінді көреміз: Қызыл телпек француз тілінде- «Күлше қыз» қазақ тілінде және орыс тілінде «Етік киген мысық» Қарап болғаннан кейін бұл ертегілерге талдау жасаймыз, қандай тәрбиелік мәні ерекшелігі бар айтып берулерің керек.
Жүргізуші: Әлемге әйгілі бүлдіршін мен үлкендердің сүйіп тыңдайтын «Күлше қыз» ертегісінен қойылымды тамашалайық. ( фишка беріп бағалау)
Жүргізуші: Өте жақсы, қыздарымызға рахмет, орындарыңызға отырыңыздар
Жүргізуші: Енді Ш.Перроның тағы бір ертегісін тамашалайық. Орыс тілінде видио «Етік киген мысық» мұқият тыңдап, қараймыз.Өйткені бұл ертегілерге талдау жасаймыз.
Жүргізуші: Құрметті ханымдар кішкене көңілімізді көтеріп, дем алайық. Ағылшын тілінде «Саған өмір қызық болса былай ет» қимыл ойынын ойнап жіберейік.
Б.Ғаниқызы сөйлейді:Құрметті ханымдар, біз сендермен Ш.Перроның 3 ертегісінен үзінді 3 тілде тамашаладық.Енді ертегілерінің ерекшеліктері неде? Балаларды ертегілерін оқыта отырып неге тәрбиелейміз? Қандай тақырып, мазмұнда келеді екен.Ертегінің құрылымы?Ертегінің сюжеті қалай дамыған, тәрбиелік мәні неде? ( фишка беріп бағалау)
Жүргізуші: Ш.Перро ертегілерін жақсы сипаттап, талдап бердіңдер, тәрбиелік мәнінің зор екендігін делелдеңдер. Рахмет.
Б.Ғаниқызы:Қазір біз сендер Перроның ертегілерін қаншалықты білетіндеріңді тексереміз.Флирчатпен жұмыс жасаймыз.Қазір тақтада ертегілерден үзінді шығады, ал сендер қай ертегіден екенін тауып жазуларың керек.Жақсы ма.
Қай ертегіден тауып, жазып бер:
Өзі сұлу,әдемі, оның аты "Күл" деген сөзден басталады. ______
2.Әжесіне тоқаш алып,қонаққа бара жатқанда, оны қасқыр көріп, аңдып, алдапжұтып қояды. _________________________________________________
3.Адам жас емес, бірақ оның көк сақалы болған және ол ең қатаң екені туралы хабарланған. _______________________________________________
4.Ол ертегі жаңа емес, бұнда ханшайым үнемі ұйықтаған.Бұл қандай ертегіден? ________________________________________________________
5.Мейірімді, жақсы сөздер жемчугпен әсем гүлге айналды. Ал қатаң және дөрекі сөздер бақа мен жыланға.... Қане бұл қай ертегіден, тауып ал?______________________________________________________________
6.Бұл бала оның қызық мінезін сақтап қалды. Бойы кішкентай болса да, өзі пысық. Бұл ертегі туралы кім оқыды? _________________________________
7.Өзім оған сұлулық бермеген, бірақ оны керемет ақылымен марапаттаған. Міне оның бақытты болуына ақылы көмектескен. Кім оның атын атап береді? _______________________________________________________________
( фишка беріп бағалау)
2. Жүргізуші:Енді қазір тағы флирчатпен жұмыс жүргіземіз.Тыңдап алыңдар.
Б.Ғаниқызы: Мен қазір бағдарлама мазмұны бойынша қандай ертегілерді мектепке дейінгі балалармен оқитынымызды білесіңдерме, жоқ па тексеріп көрейін.
Ортаңғы топ: Қызыл телпек, ересек топ: Золушка, даярлық топ: Етік киген мысық
Жүргізуші: Осымен ханымдар бүгінгі әдеби қонақ кешіміз аяқталды.Бүгін біз сендермен Ш.Перроның балаларға арнап жазған ертегілерінің ерекшеліктерімен, қасиетін және тәрбиелік мәнінің терең екендігіне көзімізді жеткіздік деп ойлаймыз.Біздің кешімізге келіп қатысқан үшін көп рахметімізді айтамыз.
Б.Ғаниқызы:
- Кімнің ертегілерімен таныстық?
- Ш.Перро ертегілерінің моралдық тәрбиесінің мәні?
- Ш.Перроның ертегілерін атап беріңдерші?
Рефлексия:
Сабақта мен жұмыс істедім
|
Белседі\ көңілді
|
Сабақта мен өз жұмысыма
|
Қанағаттандым\ қанағаттанбадым
|
Сабақ маған өте
|
Ұзақ \ қысқа
|
Мен сабақ үстінде
|
Шаршадым\ шаршамадым
|
Практикалық сабақ маған
|
Түсінікті\түсініксіз
Қызықты \ қызық емес
Керек \ керек емес
|
Классицизм – әдебиеттегі жетекші бағыттардың бірі.
Көркем әдебиеттің негізгі түйіні,түпкі қазығы –шындық,өмір шындығы.Бірақ жазушылар өмірдің бір жағын ғана талдай алып,оны өзінің творчестволық елегінен өткізіп қалыптасқан көркем жүзеге салу үшін,әркімнің әртүрлі әдісті қолдануы және шындықты әр түрлі суреттеуі мүмкін.
Жазушылардың өмір құбылысының керекті жағын талдап алып,оны өз елегінен өткізіп, өз көзқарасты тұрғысынан суреттеу қажеттілігінен барып,әр түрлі творчестволық әдіспен тәсілдер туады.Бұл әдістермен толық танысу әдебиет тарихын тексергенде ғана мүмкін нәрсе.Біз сол әдістерді тек негізгі белгілерін ғана көрсете аламыз.17-18 ғасырларда Европа әдебиетінде классицизм бағыты туды.Бұл бағыттың классицизм деп аталатыны себебі:Европа әдебиет ерте заманындағы Грек және Рим заманының классик әдебиттерін өзіне үлгі тұтты.Ертедегі Грек,Грим әдебиеттерінің әсері тек сол кезде ғана болып қойған жоқ,онан кейін де болды.Осы кездің классицизм әдебиетінің жетекші біреуі Шарль Перро болды.Ол кісі осы дәуірдің әдебиетшісі,осы заманның шындығын қалаған ақын деп айтамыз.Дәл шындықты ала отырып бала әдебиетіне сәнде мән де бере білген үлкен жарқын кеуде деп атасақ та қателетейміз.Бұл әдіске тән ережелерге көркем шығармалардың бағынуы шарт еді.Көркем творчество сарайы маңындағы жоғары қауым қоғамның ұнатуына,солардың қалауына бейім болуы керек болды.Классицизм ге тән негізгі ерекшелік – көркем шығарманың құрлысын бір тәртіпке бағындыру.Ш.Перроның да өз дәуірінің классицизм – әдебиеттегі жетекші бағыттың бірі болды.өз шығармаларында шындық бағыттарын көрсете келе ол сиқырға жылылыққа ,мейірділік пен оқиғасын аяқтай білген.
2.Ш.Перро – әдеби ертегілерді құрастырушы.
Ш.Перро 1862 жылы дүниеге келген.Отбасы баласының оқығанын қалап,7 жасар Шарлды коллежге береді.Тарихшы Филлип Арьес өзінің мектептес досының айтуы бойынша сабақты кілең беспен оқыған көрінеді.Коллеж бітіргеннін кейін 3 жылдай қолда жеке меншікте білім алады.Сөйтіп ол юрист дипломын алып шығады. 23 жасында ол Парижге қайтып оралып ол өзінің мамандығы бойынша адвокат қызметін атқарады.Сол кезде ертегі тыңдау,оны мәнерлеп айту оның үлкен мақсаты болды.Ол ақырындап ертегі жаза бастады.Ертегіге сұраныс көбейе бастады.Ш.Перро өз ертегілерінде сол өмір сүрген 17 ғасырдың ауа-райы мен стильдің мағынасын бірге білді.Француз елінен ең алғашқы шыққан ақыны ертегі таратушы Ш.Перро.Қазіргі біздің дәуірдің халықтары көбісі Шарль туралы,оның сол кездің ең мықты ақыны,ғылыми еңбеккері және сол ғылыми еңбеккердің авторы екенін білмейді.Бүкіл әлемге әйгілі жуан кітабына балаларға арналған «Золушка», «Қызыл телпек», «көк сақал» ертегілері басылып шықты. Француз халық ертегілерінде әр түрлі оқиғалар мен қиял-ғажайып сиқырлы оқиғаларды суреттейді. Ертегілердегі оқиғалар кейде сиқырлы, кейде ғажайып, көңілді әрі қызықты француздың тарихи даму ерекшелігімен байланысты болып келеді. Француз ертегілерінде көбінесе жабайы аңдар, үй жануарлары және қарапайым қыз балалардың мейірімділігі әдептілігі жағынан жиі кездеседі. Бұл ертегілерде қиял-ғажайып оқиғалар да жиі кездеседі және де қиял мен шындық жиі ұшырысады. Ертегілерде кәдімгі тұрмыстық заттар ғажайып қасиеттер көрсетеді. Ғажайып оқиғалар тұрмыстық жағдайда өтеді. Бұл ертегілерде керемет қасиетке ие нәрселер бар: бұл орман адамдары, олар аңдар мен құстар тілін түсінеді, бұларда адамға көмек көрсететін ғажайып заттар бар. Ертегілердің негізгі мәні қайырымдылық пен ізгілік. Ғажайып оқиғаларға әуестік бұл елге тән қасиет. Осы қасиет халық поэзиясында ертегілерде де кездеседі. Мысалы: «Қызыл телпек» ертегісінде қыз бен қасқырдың кездесуінде туған іс-әрекет балаларға қызық әрі тартымды және көптеген қызықты жағдайлар жасау арқылы мағынасы балаға түсінікті.
Қиял - Ғажайып ертегілер - халық арманын қиял-ғажайып бейнедегі кейіпкерлер арқылы тілге тиек етеді. Қиял - Ғажайып ертегілер алғашқы қауымдық қоғамда туа бастаған деген болжам бар. Оны ертегілерде кездесетін өте ертедегі қоғамдык өмірдің қалдыктарынан байқауға болады. Мысалы, матриархат заманына тән аналық ру мен көптеген әдет - ғұрыптардың көріністері (жұптық ұйым, аналық мекен, аналық неке, кувада, авункулат, т.б.), ерте замандағы анимизм, тотемизм, магия сияқты діни нанымдар мен сенімдер, т.б. Бірақ көне дәуірдің бұл көріністерін кейінгі заманда халық тек қиял деп түсінген. Сол себепті ертекшілер әңгімесін ерте уақытта болған деп ескертеді. Қазақтың Қиял - Ғажайып ертегілері жанрлық жағынан біркелкі емес. Оның құрамында алғашқы қауымға тән қарапайым миф, хикая, әңгімелермен бірге батырлық ертегілер кездеседі, сондай-ақ, тұрмыс-салтқа байланысты шығармалар ұшырасады.
3. «Сиқырлы ертегілер» Ш.Перро,француз халық ертегілерінің мотивімен құрылған. Демек бұл кісінің мағынасы жағынан балаға қызық,әрі татымды болып келеді. ертегілерміз жанр жағынан , яғни дараланбаған. Француз ертегілердің тағы бір ерекшелігі - үнемі оқиға желісі терең тәбиелік мәні зор болуы, яғни бір жанрдың екіншіге ауысып отыруы. Осы себепті ертегілерінің біразы шындық өмірінен алынып,бірақ соңы сиқырлы шапшаң,әрі жеңіл аяқталады.Әр ертегісінің мазмұны бір-біріне ұқсамайды желісі жағынан да түрлендіріп отырған.
4. «Қызыл телпек», «Золушка», «Етік киген мысы» ертегісіне талдау жасау.Бұл ертегілердің мазмұнын оқытып сұрақтар арқылы тексеремін.Бұл ертегілердің мазмұнын таза анық оқып қана қоймай ,ертегінің не туралы бала тәрбиесіндегі мәнін ,сапасын ролін айтып талдау жасай білу.
1.Қызыл телпек ертегісінің авторы кім?
2.Қызыл телпек қайда баратын болды?
3.Шешесі «Қызыл телпекті қайда жұмсады?
4. Жолда кімге кездесті?
5.Қасқыр қандай қулық жасады?
6.Қасқырдың үйге келгендегі іс-әрекеті?
7. «Қызыл телпек» әжесінің бауырына жатқанда не байқады?
8. «Қызыл телпек» пен әжесін кімдер құтқарып алды?
V.Бекіту. Ш.Перр осы дәуірдің әдебиетшісі,осы заманның шындығын қалаған ақын деп айтамыз.Дәл шындықты ала отырып бала әдебиетіне сәнде мән де бере білген үлкен жарқын кеуде деп атасақ та қателетейміз.Бұл әдіске тән ережелерге көркем шығармалардың бағынуы шарт еді.Көркем творчество сарайы маңындағы жоғары қауым қоғамның ұнатуына,солардың қалауына бейім болуы керек болды.Классицизм ге тән негізгі ерекшелік – көркем шығарманың құрлысын бір тәртіпке бағындыру.Ш.Перроның да өз дәуірі әдебиеттегі жетекші бағыттың бірі болды ма.
Рефлексия:
Сабақта мен жұмыс істедім
|
Белседі\ көңілді
|
Сабақта мен өз жұмысыма
|
Қанағаттандым\ қанағаттанбадым
|
Сабақ маған өте
|
Ұзақ \ қысқа
|
Мен сабақ үстінде
|
Шаршадым\ шаршамадым
|
Дәріс маған
|
Түсінікті\түсініксіз
Қызықты \ қызық емес
Керек \ керек емес
|
V.Үй тапсырмасы: Үйде осы сиқыр ертегілерге байланысты кітапшалар істеп алып келу.
Қызыл телпек
Ш.Перро
Баяғыда бір кішкентай сүйкімді қыз болыпты. Ол анасы мен әжесінің еркесі екен. Әжесі оған қызыл телпек сыйлапты. Қайда барса да, сол телпекті басынан тастамайды екен. Бір күні анасы бауырсақ (пирожок)пісіріп, Қызыл телпекке " Әжеңе бауырсақ апарып бер! ", дейді.
Қызыл телпек жолға жиналыпты.
Орманда келе жатса, алдынан қасыр шығады.
— Қайда барасың, қызыл телпек?- дейді қасқыр.
— Әжеме. Оған бауырсақ пен май алып барамын.
-Әжеңнің үйі қай жерде?- деп сұрайды қасқыр.
— Диірменнің ар жағындағы ауылда, шетінен санағанда біріншісі-әжемнің үйі.
-Жарайды, мен де әжеңнің жағдайын білгім келеді. Мен — мына, ал сен ана жолмен бар. Әжеңе кім тезірек жетер екен, байқайық, — дейді де қасқыр, ең жақын жолға түсіп алып, қызыл телпектің әжесінің ауылына қарай жүгіреді.
Қызыл телпек болса, асықпай, жолда әжесіне гүл тереді. Диірменге жақындап қалған кезде, қасқыр бірінші болып әжесіне жетеді. Қызыл телпектің әжесінің үйінің есігін қағады: Тук-тук!
— Кім бұл?-дейді әже.
— Мен ғой, немереңіз қызыл телпек. Сізге қонаққа келдім, дорбамда бауырсақ пен май бар.
Науқастанып жатқан әжей қасқырдың сөзіне сеніп қалады.
— Ілмешекті тартсақ, есік ашылады! — дейді қасқырға.
Үш күннен бері нәр татпаған қасқыр өте аш еді. Үйге кірген ол әжейді жұтып қояды. Сонан соң, қызыл телпектің келуін күтеді.
Есікті қаққан дыбыс естіледі.
-Кім бұл?- дейді қасқыр. Даусы қырылдап, дөрекі естіледі.
Қорқып кеткен қызыл телпек әжесі салқын тиіп ауырып жатқандықтан, даусы қарлығып қалған болар деп ойлайды.
— Бұл мен ғой, немереңіз. Сізге бауырсақ пен май әкелдім, — дейді қызыл телпек.
Даусын сәл-пәл жіңішкертіп, Қасқыр былай дейді:
— Қызым, ілмешекті тарт, сол кезде есік ашылады.
Қызыл телпек үйге кіреді. Қасқыр болса, әжесінің төсегіне тығылып үлгереді.
— Қызым, бауырсақты үстелдің үстіне, ал майды сөреге қойып, өзің жаныма кел!- дейді.
Қасқырға жақындап:
— Әже, сіздің қолыңыз неге үлкен?
— Сені құшақтау үшін, балам.
— Құлағыңыз неге үлкен?
— Сенің сөздеріңді есту үшін, қызым.
— Әже, көздеріңіз неге үлкен?
— Сені анық көру үшін, балам.
— Ал, тістеріңіз неге үлкен?
— Тезірек сені жеп қою үшін, қызым!- деп, қызыл телпекті ұстап алып, жұтып жібереді.
Осы кезде үйдің жанынан отын шабуға бара жатқан жұмысшылар өтіп бара жатады. Үйден шыққан абыр-дабырды естіп, көмекке ұмтылады. Қасқырды өлтіріп, ішін жарады. Қасқырдың қарнынан қызыл телпек пен әжесі аман-есен шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |