Бастауыш сыныптарда ертегілерді оқыту Орындаған: Қайратқызы Аружан Тобы: пмнок-81 Қабылдаған



бет1/5
Дата08.02.2022
өлшемі1,58 Mb.
#98102
  1   2   3   4   5
Байланысты:
әдебиеттік оқу 5 лекция
тема 5 кайраткызы аружан, казахстанкий педагог, №4 история моей специальности, алима құзыреттілік, дүниетану 11 лекция, 1 аралық бақылау., Sau Module 8, 8th form, ойын адиси, БиологияSliv 2021, Fizika-II-n s a

Бастауыш сыныптарда ертегілерді оқыту
Орындаған: Қайратқызы Аружан
Тобы: ПМНОк-81
Қабылдаған: Иксатова Б.К
Қазақ фольклорындағы мазмұны терең, тілі бай, тақырыбы әр алуан, оқиғасы қызғылықты шығармалардың бірі – ертегілер. Ол әдеби мұраның ең көне түрі болса да, осы күнге дейін өскелең ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуде маңызы жойылмаған жанр. Ертегі – көркем фантастикалық шығарма. Мұнда ақылдылық пен ақымақтық, арамзалық пен адалдық, жақсылық пен жауыздық қатар көрсетіледі.
Ертегіні оқытуда аса көңіл аударатын мәселелер төмендегідей:
-ертегінің жанрлық ерекшелігін таныту, әдеби-теориялық ұғымдар беру;
-сюжет пен композициядағы бір тұтастық;
-шығарманың ұйқаспен келуі, баяндау, суреттеу, портретпен келуі;
-шығармадағы бейнелі сөздердің мол кездесуі;
-ертегідегі сөздердің ұлтымыздың салт-санасымен, әдет-ғұрпымен бірге жасасып келе жатқан көнерген сөздердің кездесуі;
-ертегдегі психологиялық кейіпкердің арман-тілегі, жақсылықты, мәнді де, сәнді өмірді армандауы;
-ертегі кейіпкерлерінің қарапайымдылығы, ақылдылығы, данышпандылығы;
-адамдарға табиғат құбылысының жақтастығы сияқты мәселелерге аса көңіл бөлгенде ғана оқырман ертегіні бар жан дүниесімен сезіне алатындығына шүбә жоқ.
Қиял-ғажайып ертегілері
Хайуанаттар жайындағы ертегілері
Тұрмыс-салт ертегілері
Қазақ ертегілері мазмұнына, оқиға желісіне, сипатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Солардың ішіндегі ең бастылары:
1. Ертегіні оқу барысында «Бұл ойдан шығарылған, өмірде кездеспейді» деудің қажеті жоқ. Себебі балықтың, жан-жануардың сөйлемейтінін балалар өздері де біледі. Бірақ ертегідегі оқиғаға сеніп, ондағы кейіпкерлердің іс-әрекетіне бірде күліп, бірде қайғырып, бірде қуанып отырулары, оларды армандауға үйретеді.
2. Оқушыларды кейіпкерлерге қарапайым мінездеме беруге үйрету ертегілердің пайдасы мол.
3. Қара сөзбен берілген ертегі мәтінге жақын үлгімен мазмұндалады. Кейде мұғалім ертегіні оқымай-ақ, мазмұнын қызықты етіп айтып та береді. Ертегі баланы жоспар құруға үйрету үшін де қолайлы.
4. Жануар туралы ертегі оқығанда алдын-ала дайындықтың онша керегі де жоқ.
5. Кейбір ертегіні пьесаға айналдырып, қуыршақ жасатып, сыныптан тыс сабақтарда орындатуға болады.
Ертегілерді оқуда мыналарды есте сақтау қажет:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет