құзырлылық, құзыреттілік дегеніміз 12 жылдық біліммен тікелей байланысты. Себебі 12 жылдық білім беру жағдайында оқушы тек қана білім алушы ғана емес, сонымен қатар:
Сондықтан да 12 жылдық мектепте құзіреттілік тәсіл жаңа тәсіл болып табылады. Тәуелсіз еліміз іргелі, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ілігеміз деп ұмтылып жатқанда, сол мақсатты болашақта жүзеге асыратын ұстаз ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық қабілетті мол тұлға болумен қатар ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге енгізуге дайын,оқу тәрбие ісіне жанашырлық танытатын, қоғамның ең озық бөлігінің бірі бола білуі тиіс .
12 жылдық білім беруде әр мұғалім баламен жұмыс жасауда, яғни жүргізілген әр сабағын жаңаша өткізуге оқушының пікірін бақылап олардың өзіндік шешім шығара білуіне көп ықпал жасайды. 12 жылдық білім беру жүйесінің құрылымдық өзгеруіне терең бойлап, оның әдіснамалық тұрғыда күнделікті тәжірибеде көрінуін талдау – білім беру саясатының маңызды бағытына айналуда. Осыған сәйкес педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мен кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптар жаңа сипатқа ие болуда. Білім беру жүйесінің қайта құрылу үрдісінде жағымды сипаттамалар мен кедергілер де бақылануда. 12 жылдық білімге көшу қазіргі мұғалімнен объективті жаңа нәтижемен сипатталатын ойлау қабілетін қажет етеді. Педагогикалық іс – әрекеттің шығармашылық бағыттылығы мұғалім қызметіне төмендегідей талаптар қояды:
1) Өзінің әлсіз және мықты жақтарын жаңа формация мұғалімі ретінде объективті бағалай білуі керек,
2) Интеллектуалды әркеттің жалпы мәдениетін, тіл табысу мәдениетін игеруі тиіс;
3) Болып жатқан интеграциялық үрдістерден, әлемдік білім кеңістігінің даму тенденцияларынан хабардар болуы тиіс.
12 жылдық мектептің басты ерекшелігі- баланың жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылығын толық іске асыруына ықпал ететін, өзін-өзі танып, келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, саяси өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін психологиялық-педагогикалық институт ретінде қалыптасуында болып отыр. Оның жаңа құрылымына тоқталатын болсақ, 12 жылдық білім беру жүйесі 5+5+2 сатыларынан тұрады.
Бүгінгі күні осы құрылым мен жаңа мазмұнға негізделген жалпыға міндетті білім стандарттары әзірленуде.
1-саты- бастауыш мектеп (1-5 сынып), білім алу 6 жастан басталады, ұзақтығы -5жыл. Осы жастағы балаларды оқыту біздің тәжірибемізде бұрыннан бар. Білім берудің бастауыш сатыдағы оқыту кезеңін бес жылға ұзарту мәселесі баланың физиологиялық, психологиялық дамуы мен дене бітімінің қалыптасуындағы жас ерекшеліктер ескеріле отырып, осы бағыттағы көптеген ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес қарастырылады.
2-саты-(6-10 сынып) жалпы орта білім беру дайындығының негізін қалап, оқушының қоғамдағы өзгерістерге сай әлеуметтік-психологиялық бейімделуі мен ғылыми дүниетанымын кеңейтуді, сондай-ақ жеке тұлғалық сапаларының қалыптасуын қамтамасыз етуді көздейді. Оқытудың бұл кезеңі оқушының үшінші сатыдағы бейіндік оқыту түрін саналы түрде таңдауына бағдар беретін бейіналды дайындықтың енгізілуімен ерекшеленеді.
Ал 12 жылдық білім берудің 3-сатысында (11-12 сыныптар) бейіндік оқыту енгізіледі. Мұндағы басты мақсат- оқытуды даралау мен саралауға бағдарланған оқытуды енгізу арқылы жоғары сынып оқушыларының қажеттілігі, қызығушылығы мен қалауына сәйкес тұлғалық және өмірлік өзін-өзі анықтауына әсерін тигізетін бейіндік оқытуды жүзеге асыруға жағдай жасау
12 жылдық білім берудің басты мақсаты: өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсендіруге дайын өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалптастыру болса педагогикалық құзіреттілікті дамыту, үнемі іздену-мұғалімнің басты міндеті. Әдебиет: