Сабақ № Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың практикалық негіздері



бет1/24
Дата28.02.2023
өлшемі2,6 Mb.
#170445
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Практ сабактар - КОЭБ
osh sor informatika 9-klass kaz, third-conditional-worksheet-1-62780-downloable-2290390, Ìàòåðèàëû èòîãîâîé àòòåñòàöèè ïî ïðåäìåòó «Ðóññêèé ÿçûê è ëèòåðà


6B05201 - ГЕОЭКОЛОГИЯ мамандығы
студенттерінің практикалық сабақты орындауға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ

Пәннің коды мен атауы: ЕРО 4303 – ҚОӘБ-дың кезеңдері мен рәсімдері


Кредит: 5
Семестр: 7

Практикалық сабақ № 1. Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың практикалық негіздері


Практикалық сабақты талқылауға қатысты қарастырылатын сұрақтар



  1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау туралы ҚР Экологиялық Кодексі негізінде қарастыру

  2. Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың кезеңдерi

Қоршаған ортаға әсерді бағалау – шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған орта мен адам денсаулығына ықтимал салдарлары бағаланатын, Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптары ескеріле отырып, қолайсыз зардаптарды (табиғи экологиялық жүйелер мен табиғи ресурстардың жойылуын, жұтаңдауын, бүлінуін және сарқылуын) болдырмау, қоршаған ортаны сауықтыру жөніндегі шаралар әзірленетін рәсім.
Қоршаған ортаға әсерді бағалау міндеттілігi
1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тікелей немесе жанама әсер етуі мүмкін болатын кез келген шаруашылық және өзге де қызмет түрлері үшін міндетті болып табылады.
2. Қоршаған ортаға әсер ететін шаруашылық және өзге де жобаларды, қоршаған ортаға әсерін бағаламай әзірлеуге және іске асыруға тыйым салынады. Әсерді бағалау нәтижелерін жоспарлау алдындағы, жоспарлау құжаттамасының, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылады.
3. Жобаланып жатқан және жұмыс істеп тұрған объектілердің перспективалық қызметі осы Кодекстің талаптарына сәйкес қоршаған ортаға әсерін бағалауға жатады.
4. Жобалардың тапсырыс берушісі (бастамашысы) мен әзірлеушісі қоршаған ортаға әсер етуге жүргізілген бағалау нәтижелерін ескеруге және қоршаған орта мен адам денсаулығына неғұрлым аз зиян келтіретін нұсқаның қабылдануын қамтамасыз етуге міндетті.
Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың кезеңдерi:
1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қала құрылысының және құрылысты жобалаудың кезеңдері ескеріле отырып, дәйекті түрде жүзеге асырылады.
2. Қоршаған ортаға әсерді бағалау мынадай кезеңдерді қамтиды:
1-кезең. Аумақты бағалау (қоршаған ортаның жай-күйін шолу), объектіні орналастыруға арналған учаскені оңтайлы таңдауды негіздеу үшін орындалады;
2-кезең. Инвестициялардың негіздемесіне (жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесіне) ілесе жасалатын қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау;
3-кезең. Әсерді бағалау, ол жобаны іске асырудың немесе шаруашылық және өзге де қызметті одан әрі жүзеге асырудың ықтимал әсерлерін толық және кешенді талдау, баламалы нұсқаларды негіздеу және қоршаған ортаны қорғауды басқару жоспарын (бағдарламасын) әзірлеу мақсатында орындалады;
4-кезең. Жұмыс жобасы құрамындағы "Қоршаған ортаны қорғау" бөлімі, ол қоршаған ортаға қолайсыз әсерлерді болдырмау жөніндегі техникалық шешімдерді қамтиды;
5-кезең. Жобалаудан кейінгі талдау, ол шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру басталғаннан кейін бір жыл өткен соң объектінің қоршаған ортаға қауіпсіздігін растау және табиғат қорғау іс-шараларына түзету енгізу үшін жүзеге асырылады.
3. Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың 3-кезеңінде сәйкес қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтері әзірленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет