Бірнеше жылдар өтіп, Олжас 10-сыныпқа келді. Үйдің іші. Анасы үй шаруасымен айналысып жүреді. Анасы: Олжас маған су әкеліп берші, кір жуып тастайын. Олжас: Қойш, мен кетіп барамын. Анасы Олжастың шалбарының қалтасынан темекі тауып алады да шошып кетеді. Анасы: Темекіні қайдан алды екен, менің балам темекі тарта ма? Жоқ, мүмкін емес. Бұған ақшаны қайдан алады. Мүмкін қасындағы біреу берген болар қалтаңа сала тұр деп, жә, келгесін сұрармын. Мектеп. 3-4 бала мектептің тасасында темекі тартып тұрады. Мұғалім тасадан шыға келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |