Олжас: Апай, кешіріңіз, менің қателік жасағаным рас, оны мойындаймын. Мұғалім: Менің алдымда мойындағанша, бағанадан бері анаңды ренжітпей неге мойындамадың? Олжас: Кешіріңіз, енді қайталамаймын. Бала мен анасы. Анасы: Иә, ұлым, бұған дейін жасаған қателіктеріңнің барлығына да кешіріммен қарап келдім. Сен өсіп келе жатырсың, бұрын кішкентай болғасын балалықпен жасайтын шығарсың. Сені есейді ме десем, мен қателесіп жүр екенмін. Ұл бала болғасын саған әкеңнің тәрбиесінің жетпей жатқандығы ма? Ешкімнен қалдырмай, сені азамат етуге тырысып келемін. Өзгенің аналары көрген бақытты, олар естіген жақсы сөздерді маған қимадың ба? Қатал тағдыр бір жылатса, сен қоса жылатып қинағың келді ме? Өмір бойы жылап өтсін, зарлап өтсін дегенің бе? Жаймен айтқан ақылымды ұғынбадың ба? «Баланың табанына кірген шөңге ананың маңдайына қадалсын» демей ме? Бүгінгі жасаған қателігің сенің өміріңе сабақ болады деп ойлаймын. Осы айтқанымның бәрін де түсінерсің деп ойлаймын.