1.Оқушылармен амандасу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
3.Жаңа тақырыпқа шолу
Программалау тілінде де математикадағыдай өрнектерді орындаудың өз ережесі бар.
1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.
Құндылыққа баулу
Өз бетімен АКТ-ны қолдана алатын, шығармашыл, инновациялық өзгерістерге бейім, ізденімпаз тұлға қалыптастыру.
Сабақтың ортасы
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Python-да арифметикалық өрнектерді орындау ережелері:
Өрнекте жақша болған жағдайда жақша ішіндегі амал бірінші орындалады.
Егер өрнекте бірнеше жақша болса, онда амалдарды орындау ішкі жақшадан басталады.
Амалдардың орындалу реті.
Оқулық § 3.4, 86-бет,1-кесте
Кестеден көрініп тұрғандай, дәрежеге шығару амалы мен көбейту бір өрнекте келсе, онда бірінші дәрежеде көтеру амалы орындалады.
Арифметикалық амалдарды орындаудың тағы бір ережесі-өрнектер бір қатарға жазылуы тиіс. Өрнекте кездесетін бөлшек сызығы жақшалар арқылы бір қатарға жазылады.
Инкремент және декремент.
Программаны жазу кезінде ең көп қолданылатын амалдардың бірі- айнымалының мәнін белгілі бір санға арттыру немесе кеміту. Python тілінде мұндай амалдарды орындау үшін (+ =) инкремент (арттыру) және ( - =) декремент (кеміту) операциялары қолданылады.
Амалдарды орындау барысында айнымалыларға басқа айнымалылардың мәнін жүктеуге болады. Python тілінде арифметикалық амалдарды жазу мүмкіндігінше қысқартылған.
Амалдардың программада қысқартылып жазылуы. Оқулық § 3.4, 87-бет,2-кесте
Амалдарды орындаудың қарапайым стандартты функцияларын қарастырайық. Оқулық § 3.4, 88-бет, 3-кесте.