Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының құрылу тарихы. Сабақтың мақсаты



Дата03.04.2018
өлшемі119,99 Kb.
#40075
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының құрылу тарихы.

Сабақтың мақсаты:

  • Қазақ хандығының құрылуы, оның алғашқы аумағы мен алғашқы қазақ хандары туралы қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы туралы, қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының тарихи маңызы туралы оқушыларға жан-жақты түсінік беру;

  • Тарихи құжаттарды оқу арқылы оқушылардың қазақ хандығын құру туралы өз пікірлерін айтып, мәселені тарихи шындық тұрғысынан бағалау қабілеттерін қалыптастыру;

  • Қазақ хандарының мемлекет құрудағы көреген саясатына оқушылардың назарын аударып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пән аралық байланыс: құқық, әдебиет.

Әдісі: түсіндірме, сұрақ-жауап, өз беттерінше жұмыс

Көрнекілік:карта, қосымша мәліметтер, сызба, суреттер.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі


  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

  • Ой қозғау сұрақтары:

      1. Хандықтың негізін қалаушылар кімдер?

      2. Қазақ хандығы қай жерлерде құрылды?

      3. Алғашқы қазақ хандығының аумағы

      4. Қазақ хандығы қашан құрылды?

      5. Халқының этникалық құрамы

      6. Көрші елдермен қарым-қатынасы жасады?

      7. Хандықты басқару ісі

      8. Хандықтың ішкі жағдайы

    • «БҮҮ» әдісі бойынша тапсырмалар бөліп беремін.

    • Сабақ соңында өзім сараптама жасаймын.

өз беттерінше жұмысты ұйымдастыру

-картамен жұмыс

-сызбамен жұмыс

-қосымша мәліметтермен жұмыс


Оқушыларға: Мемлекет болып қалыптасу үшін қандай шарттар қажет?-деп сұрақ қоямын. Жауабы:

Басқару ісі

Халқы


  • Шекарасы

  • Тілі, діні

  • Заңы

  • Әскери ісі

  • Ішкі-сыртқы саясаты т.б.



Оқушыларға:

  • Қазақ хандарынан кімдерді білесіңдер, олар қанша жыл билік құрды?

1465-1473 жж. – Керей хан. Керей – Болат сұлтанның баласы.

1473-1480 жж. – Жәнібек хан – Барақ ханның баласы.

1511-1518 жж. – Қасым хан билігі. Әз Жәнібектің ұлы

1538-1580 жж. – Хақназар Қазақ хандығының ханы болды, Қасымның баласы.

1580-1582 жж. – Жәнібектің немере інісі 80 жастағы Шығай таққа отырды. 

1582-1598 жж. – Шығай қайтыс болып, орнына баласы Тәуекел отырды. 

1598-1628 жж. – Есім хан билігі. Шығайдың баласы, Тәуекел ханның інісі.



1771-1781 жж. – Үш жүздің ханы Абылай билігі.














Қазақ хандығының байрағы








Астанасы

1465-1469 Созақ
1469-1511 Сығанақ
1511-1521 Созақ
1521-1599 Сығанақ
1599-1729 Түркістан

Тіл(дер)і

Түркіше (әдеби)
Қазақша

Заңдары

Қасым ханның қасқа жолы
Есім ханның ескі жолы
Жеті жарғы


Қазақ хандығы — қазақтардың XV және XIX ғасырлар аралығында қанат жайған, тәуелсіз ұлттық мемлекеті. Қазақ хандығы қазақ халқының ғасырлар бойы сақтап, қорғап келген мемлекеттігінің нышаны. Ол ұлан – байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктуде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші роль атқарды.

Сабақты бекіту:



      1. Жәнібек пен Керей кімнің ұрпақтары?

      2. Қазақ хандығы қай жерлерде құрылды?

      3. Қазақ хандығы қашан құрылды?

      4. Қазақ хандығының этникалық құрамы неліктен үнемі толығып отырды?

      5. Қазақ хандығы қандай елдермен қарым-қатынас жасады?

Қорытынды.

2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын Қазақстанымыздың тарихы қаласы Тараз қаласында атап өтеміз. Сонау тарихи белестер жаңа қазақстандық патриотизмды ұрпақ жанында сіңіруге септігін тигізеді. Ел бірлігі - біздің барша табыстарымыздың кілті болып табылады. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтанышымыз да, гүлденген келекшекке сенім де «Мәңгілік ел» деген құдіретті ұғымға сиып тұр. Отанды сүю – бабалардан мирас болып қалған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдыру.



Бағалау.

Үйге тапсырма: «Тарихым асыл қазынам» тақырыбына эссе жазу
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет