І. Сергіту.
ІІ. Топқа бөлу. Сұрақтар беру арқылы топ жетекшісін анықтаймын, санау арқылы топқа бөлініп, өздеріне тиісілі қызыл, сары, көк түстердің бірін топ жетекшісі таңдап алады.
ІІІ.Дүкендегі оқиға. Видео ролик көрсету.
ІҮ. Қимыл іс-әрекетке құрылған тапсырмалар орындау. Тапсырмалармен таныстыру.
1 - топтың тапсырмасы:
1) М. Әуезовтың шығармалар жинағының 75 - бетін ашып қараңыз.
2) Сіздің үйге қонақ келеді. Дүкенге барып азық- түлік сатып алу үшін, тізім жасаңыздар.
3) Дүкенге барып сатып алыңыз. Ол үшін дүкенші және тұтынушы диалогын құрастырыңыз.
2 - топқа тапсырма:
Есік жақтан санағанда бесінші компьютердің жанында тапсырма бар.
Асханаға барып, түскі ас мәзірін біліп келіңіздер. Асханадағы қайнаған су қойылған үстелдің астында тапсырма бар.
Асхана сатушысымен сатушы мен тұтынушы диолгын құрастырыңыз.
3 - топтың тапсырмасы:
Тапсырма ортаңғы терезенің алдында
Не қанша тұрады? сұрағына жауап іздеңдер. тағамдардың бағасын көрсетіп жазыңдар ( плакатқа бағанға сызып толтырыңдар) тапсырманы орындап болып тақтада топпен түсіндіріңдер
Бүктеп келесі адамға бер. Мысалы: Кеше мен .................. дүкеніне бардым.
Ү. Диктант жазу. Қабырғада әр топқа арналған мәтіндер ілінген. Топ болып мәтіндегі сөйлемдерді бір парақтың бетіне қатесіз, жазып шығуы керек. Топтар бір-бірінің жұмысын тексеріп бағалайды
1-топ
Әдетте, біз қажетті азық түлік тағамдарын қаладағы көтерме дүкендер мен гипермаркеттерден сатып аламыз. Көтерме дүкендерде азық-түліктер мен заттар арзан болады. Осылайша менің ата-анам отбасы бюджетін үнемдейді. Қалада «Арзан», «Дастарқан», «Магнум», «Метро» және басқада гипермаркеттер бар. Дүкенге ата-анам жұмыстан шыққан кешкі уақытта не демалыс күндері барамыз. (45сөз)
2-топ
Біз дүкенге шығар алдында қажетті азық- түліктің тізімін жасаймыз. Дүкенде көп заттарды сатып алғың келеді. Ал тізім жасау қажетсіз шығыннан сақтандырады, отбасының бюджеті үнемделеді. Сонымен қатар қажетті заттарды сатып алуға мүмкіндік тудырады және жарнамадағы тағамдарды сатып алудан сақтандырады. Әрине азық-түлікті үйдің жанындағы дүкендерден алуға болады. Бірақ онда бағалар қымбатырақ.(49 сөз)
3-топ
Біздің отбасылық бюджетіміз ата-анамның табысынан құралады. Ол ата-анамның еңбегінің нәтижесі. Олар табысқа қол жеткізу үшін еңбек етеді. Табыстың көзі еңбекте. Ата-анам отбасының айлық кірісі мен шығысын есептеп, үнемі отбасы бюджетін жоспарлап отырады. Көбінесе отбасы бюджетін бір айға жоспарлайды. Бюджет – белгілі бір уақыт ішіндегі барлық кіріс пен шығыстың жиынтығы. (48 сөз)
|