Пәні: химия Күні: Сабақтың тақырыбы: Көмірсулардың жіктелуі
Мақсаты: 1. Білімгерлерде көмірсулар, олардың жіктелуі, қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру
2. Білімгерлерге химиялық жаттығулар орындату арқылы тез, еркін ойлау дағдысын қалыптастыру
3. Білімгерлерді топпен жұмыс жасату арқылы ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу
өзін-өзі бағалату арқылы әділдікке үйрету
Күтілетін нәтиже : 1. Білімгерлер көмірсуларды жіктей алады
2. Білімгерлердің тез, еркін ойлау дағдысы қалыптасады
3. Топпен жұмыста өзін-өзі бағалай алады
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың әдістері: АКТ, СТО әдісінің элементтері, Блум таксономиясы
Ресурстар: интерактивті тақта, презентация, стикер, маркерлер, А3 форматы, өзін-өзі бағалау парағы, карточкалар
Сабақтың барысы:
Кезеңі
Уақыты
Жұмыс түрі мен мазмұны
Табыстылық критерийі
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Білу
2 мин.
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгелдеу. Сабақтың мақсатымен таныстыру. Түрлі-түсті қағаз арқылы топқа бөлу
1 топ: «Глюкоза» (ақ)
2 топ: «Сахароза» (сары)
3 топ: «Крахмал» (қызыл)
4 топ: «Целлюлоза» (жасыл)
Өздерінің іс-әрекетін мақсатқа бағыттай алады
Сынып оқушыларымен сәлемдесіп, жағымды психологиялық ахуал туғызады. Білімгерлерді түрлі-түсті қағаз арқылы 4 топқа бөледі. Өзін-өзі бағалау парағын таратып беріп, түсіндіреді
Сәлемдеседі, назарларын сабаққа аударады. Топқа бөлінеді