Сабақтың тақырыбы М.Әуезов "Біржан сал Абай ауылында" 2-сағаты Сілтеме



бет4/6
Дата07.02.2022
өлшемі64,57 Kb.
#92221
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
М.Әуезов

Мағынаны тану- жаңа білімді табу
(Біржан сал туралы бейнеролик көрсету)


Сабақтың эпиграфы
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй!..

Оқушылар бейнеролик бойынша көргендерін ортаға салады

Білу


"Кейіпкерлер қонақта"

5 мин

Абайдың отауы.. Ән айтылып жатыр.
Абай (Біржанға қарап):-Өзгені не қылайын ,Біржан аға, ел мақтаған бір ақын болушы еді. Тілін безеп, жанын жалдап, тіленіп байды сауып,сөз қадірін кетірген. Үн түзеген бір әнші болушы еді. Кім көрінгеннің қосшысы. Ондайлар ән қадірін түсіріп, бір атым насыбайдан арзан етеді. Сен әнді керісінше босағадан өрлетіп, төрге шығардың, соныңа ғана қуанам. Осының өзі қадір-қасиетіңді тануға жетіп тұр.
Біржан:- Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушым сен болсайшы, Абай!
Абай:-Бай боп, қадірлі болмайды, жігіт өнерлі боп, қадірлі болады. Өнерлі болсаң өр бол, дейді , Біржан аға! Жалқы бол, жарлы бол, ол-кемшілікемес. Өнерлі ақын, асқақ әнші болсаң-ел көңіліндегі мұңды айтып, көзіндегіжасты тыйсаң, сенен қадірлісі болмас!
Біржан : Айтқышсың ау, Абай!
(Қолындағы домбырасын қағып-қағып жіберіп, “Жанботаны” шырқауға кірісті).
Ән аяқтала бергенде жастар шуылдасып,қошемет көрсетті.
--Жарайсың!
- О-хо, бәрекелде!
-Бұлай айтпасаң, Біржан болармысың!
Абай(орнынан тұрып):
- Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй!..



Оқушылар арнайы дайындалған көріністі ортада сахналайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет