Сабақтың тақырыбы Сағат саны Күні Оқу мақсаттары



бет3/4
Дата01.04.2017
өлшемі0,58 Mb.
#13273
түріСабақ
1   2   3   4




Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Мотивациялық кезең

І. Ұйымдастыру.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

2 минут


Психологиялық дайындық.

Стикердің түстері арқылы топқа бөлу.



Оқушылар стикердің түстерін таңдайды. Стикердің ішкі бетіне жазылған сандар арқылы 3 топқа бөлінеді.

Негізгі бөлім.

Үй тапсырмасын тексеру

8 минут

Шешендік сөздерден өтілген тақырыптар бойынша жұптық жұмыс жүргізу тапсырылады. «Гармошка» әдісі арқылы бір-біріне сұрақ жазып үлестіреді.


Бір-біріне қойылған сауалдарға жауап жазу.

Қол шапалақтау арқылы бағалау.




Жаңа сабақты ашу

2 минут

Интерактивті тақта арқылы шешендік толғау, шешендік дау, шешендік арнауға берілген шешендік сөздердің үлгілері беріледі.

Шешендік толғау.

Ай, Жәнібек хан!

Айтасам білмейсің,

Жайылып жатқан халың бар,

Аймағын көздеп көрейсің.

Қымыз ішіп қызарып,

Мастанып қызып терлейсің.

Өзіңнен басқа хан жоқтай,

Өзеуреп неге сөйлейсің?

Қорған салдың бейнет қып,

Қызметшің атыр ішіп-жеп.

Он сан ноғай бүлінді,

Мұны неге білмейсің? /Асан қайғы/

Шешендік арнау.

Үлкен алдында иіліп сөйле,

Кіші алдында сызылып сөйле.

Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,

Сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді.

/Бөлтірік шешен/



Шешендік дау.

Орта жүз бен Кіші жүздің арасында бір мал дауы болып, Орта жүз адамдары неше рет келіп, малын ала алмайды. Соңғы рет келе жатқанда, Сырымға жолығып, жөн сұрапты.
—    Уа, азаматтар! Жол болсын! Билеріңде тыным жоқ, биелеріңде құлын жоқ, неткен жолаушысыңдар? — дейді Сырым. Жолаушылар жай-мәнісін айтады. Сырым қосыла жүреді. Кіші жүздің ханына келіп ел дауын айтады, бірақ, екі елдің арасы бітімге келе алмайды. Сонда Сырым екі ел арасының бітімін көздеп, ханға:
—           Бір дауды шеше алмасаң сен не ғып хан болып отырсың, құлаққа құлақ, тұяққа тұяқ емес пе? — дейді. Хан сөзден тосылып, малдың тұяғына тұяқ, басына бас беріп, Орта жүзді разы ғып қайырыпты.


«Миға шабуыл»

Шешендік сөздер қандай түрде берілген?

Берілген шешендік сөздердің бір-бірінен қандай айырмашылықтар бар деп ойлайсыңыздар?

Жанр дегенді қалай түсінесіздер?



Берілген сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.

Марапаттау.



Операциялық кезең

Жаңа сабақ бойынша тапсырмалар

10 минут

І топқа «Шешендік арнау»,

ІІ топқа «Шешендік дау»,

ІІІ топқа «Шешендік толғау» тақырыптарына постер қорғау тапсырылады.


«Екі жұлдыз, бір тілек айту»





10 минут

«Домино» стратегиясымен жұмыс. «Қасқакөл дауы» атты шешендік сөз оқушыларға үлестіріледі. Соның ішінен оқушылар әрқайсысы бір ашық, бір жабық сұрақ жазулары керек. Сұрақ жазылғаннан кейін қасындағы жұбы жауабын жазу үшін сұрақ сағат тілімен отырған топта айналып шығады. Жауап тексеріліп болған соң, ортада қалады да, келесі топ келіп соның ішінен сұрағы мен жауабын табады. Әр топтан қандай ұтымды сұрақ пен ұтымды жауап болғаны сұралады.

Оқушылар әуелі жұптасып, сосын топтасып жауап жазады. Бірін-бірі бағалайды.




Сергіту сәті

3 минут

5минут


«Зейінді тұрақтандыр» тренингі арқылы оқушылардың назарын сабаққа аудару. Мұғалім өз есімінен басталатын сөздерді сатып алатындығын айтады. Оқушылар қай сөзді айтып тұрғанына назар салу керек.

Мысалы, Менің атым – Гаухар Жеңісқызы. Мен дүкеннен гүл мен гаршок сатып алдым


«Ортада қаламсап» стратегиясы арқылы тақырыптық түйінді сөздермен тақырыпты қорыту.

Оқушылар мұғалім айтқанын мұқият тыңдап қайталап айтады.
Оқушылар бүгінгі өткен тақырыптар бойынша түйінді сөздер айтады.



Рефлексиялық кезең

Бағалау. Кретерий бойынша бағалау.

Жиынтық бағалау.

2

минут


Мұғалім бағалау бетшелеріндегі кретерийлер бойынша оқушыларды жиынтық бағалайды.

Не үйрендім?

Не үшін үйрендім?

Қалай үйрендім?

Оқушылар тақырыпты қалай меңгергендіктері туралы дәптерлеріне жазады.




Кері байланыс.

2 минут

«Басбармақ» арқылы бүгінгі сабақты қалай меңгергендіктерін бағалау сұралады.

Жоғары – «Мен түсіндім»

Көлденең – «Мен түсінгендеймін»
Төмен «Мен түсіндім»


Басбармаққа стикер жапсыру арқылы бүгінгі сабақты қалай меңгергендіктерін білдіреді.





Үйге тапсырма

1минут

Қосымша шешендік сөздер оқып келу.







Сабақтан кейінгі рефлексия


Не сәтті өтті?

Неліктен?


Не сәтсіз өтті?

Неліктен?


Сабақта кездескен қиындықтарды шешу үшін

не істеймін?




Оқушылар берілген тапсырмалар, стратегиялар бойынша жүйелі жұмыс жүргізді. Топтық, жұптық жұмыстарда белсенділік танытты.

-

-

Дескрипторлар

Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздердің жанрлық түрлері




А деңгейлі оқушы

1 ұпай – шешендік сөздердің мазмұнын түсінеді, бірақ жеткізіп айта алмаса;

2 ұпай - шешендік сөздердің мазмұндық жағынан 3 түрге жіктелетін біледі, бірақ жанрлық түрлеріне ажырата алмаса;

3 ұпай- шешендік сөздерден мақал-мәтелдер, қанатты сөздерді ажырата білсе;


В деңгейлі оқушы

1 ұпай – шешендік сөздердің мазмұнын толық жеткізіп айта білсе;

2 ұпай – шешендік сөздердің идеясына талдау жасай білсе;

3 ұпай – ашық сұрақтарға толық жауап бере білсе;


С деңгейлі оқушы

1 ұпай – «жанр» ұғымына түсінік бере білсе;

2 ұпай - жанрлық түрлеріне ажырата білсе;

3 ұпай – шешендік сөздер бойынша ұтымды ашық сұрақтар құрастыра және ұтымды жауап бере білсе;



Бағалау парақшасы


р/с

Оқушының аты

Миға шабуыл

Постер қорғау

Домино


Ортада қаламсап


Қорытынды бағалау

Бағалау кретерийлері:

Миға шабуыл:

Әр дұрыс айтылған нақты жауапқа – 1 ұпай

Әдеби тілде жеткізе білуі – 3 ұпай

Постер толтыру:

Түйінді ой айтқандар – 3 ұпай

Ойын толық тұжырымдай білгенге – 2 ұпай

Көркем әдеби тілде жеткізе білу – 3 ұпай

Домино:

Өз пікірлерін дәлелдеп жеткізе білгенге – 3 ұпай



Дұрыс жауап берсе – 2 ұпай

Ортада қаламсап:

Өз ойларын жеткізе нақты жеткізе білгенге – 3 ұпай

16-20 ұпайға - «5»

9-15- ұпайға – «4»

3-8 ұпайға – «3»



1

Аружан
















2

Асылжан
















3

Дина
















4

Мұхтархан
















5

Бекарыс
















6

Бақдәулет
















7

Айсана
















8

Анар
















9

Парасат
















10

Дарын
















11

Айкөркем
















12

Мәди
















13

Айбек
















14

Нұрбақыт
















15

Асылхан
















16

Нұрасыл
















17

Әлішер
















18

Жігер


















Мұғалімнің аты-жөні

Жалмұқашева Гаухар Жеңісқызы

Индер ауданы Кулагино орта мектебі

16.10.2014

9-сынып

20 -сабақ

Қазақ әдебиеті

Сабақтың атауы

Қазақ шешендерінің көрнекті өкілдері

Сілтеме

Оқу бағдарламасы, Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Т.Ақшолақов, Т.Жұмажанова, С.Қалиев «Мектеп» баспасы,

тақырыпқа қатысты бейнебаян.



Жалпы мақсаты

А оқушы

В оқушы

С оқушы

Тақырыптың мазмұнын меңгерту, өзін-өзі бағалауға дағдыландыру

Қазақ шешендері туралы қосымша ізденісуге баулу

Қазақтың би-шешендерінің қоғамдағы ролі туралы пікірлерін қалыптастыру, кретерийлер бойынша бағалауға баулу

Күтілетін нәтиже

А оқушы

В оқушы

С оқушы

Тақырыптың мазмұнын түсінеді

Қазақ шешендері туралы қосымща дерек келтіре алады

Қазақ тарихындағы би-шешендердің қоғамдағы ролі туралы өз ойларын ортаға сала алады.

Негізгі идеялар

Қазақ шешендерінің қоғамдағы рөлін айқындау

Тапсырмалар

Ашық және жабық сұрақтар құрастыру, мәтінмен жұмыс

Оқыту әдістері

«Ротация», «Мағынаны тану», «Өрмекші торы», «Кір жаятын жіп», «Ромб», «Бағдаршам» әдістері

Дерек көздері

Оқулық, ғаламтордан алынған дереккөздері, постер, маркер.




Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Мотивациялық кезең

І. Ұйымдастыру.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

2 минут


Оқушыларды 1,2,3сандары арқылы топқа бөлу. Бағалау бетшелерін үлестіру,топ басшыларын тағайындау.

Оқушылар сандар бойынша топқа бөлінеді.

Негізгі бөлім.

Үй тапсырмасын тексеру

8 минут

Үйге берілген шешендік сөздердің жанрлық түрлерінен «Ротация» әдісі бойынша 5 сұрақтан тұратын тест дайындау тапсырылады.

Бірін-бірі бағалау.

Сұрақтардың жауабын келесі топ мүшелері тексеріп шығады.



Жаңа сабақты ашу

8 минут

Интерактивті тақта арқылы үш би туралы бейнебаян көрсетіледі.

«Мағынаны тану» кезеңі

Мұғалімнің жетек сұрақтары арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады және теориялық түсінік беріледі.


Интерактивті тақтаға назар аудару

Операциялық кезең

Жаңа сабақ бойынша тапсырмалар

10 минут

Үш топқа үш бидің шешендік сөзі беріледі.

«Кір жаятын жіп» әдісі бойынша шешендік сөздердің ішіндегі көркем бейнелі сөздерді табу тапсырылады.

1-топқа - Төле бидің шешендік сөздері;

2-топқа - Қазыбек бидің шешендік сөздері;

3-топқа- Әйтеке бидің шешендік сөздері бойынша


Оқушылар шешендік сөздердің ішінен көркем бейнелі сөздер мен тіркестерін тауып, «кір жаятын жіпке» тізеді.

Кретерий бойынша бірін-бірі бағалау.



Сергіту сәті

8

минут


«Өрмекші торы» әдісі арқылы оқушылар тақырып бойынша сауал тастайды. Сол сауалдың жауабын табу арқылы бір-біріне жіпті беріп, өрмекшінің торы шешіледі.

Ашық және жабық сұрақтарға жауап беру.

Формативті бағалау.






5

минут


«9 ромб» әдісі арқылы тақырыпты бағалау. Ромбтың жоғарғы жағына тақырыпқа қатысты тірек сөздерді жазу арқылы тақырыптың өзектілігі анықталады.

1-топқа: Наурыз жыры, шешендік сөздер, толғау,арнау, Қаз дауысты Қазыбек, би-шешендер.

2-топқа: Қыз Жібек, ұтымды ой, тапқырлық, шешендік дау, жер дауы, жесір дауы.

3-топқа: Құн дауы, Төле би, Әйтеке би, Бөлтірік шешен, Майқы би, үлгі –өнеге түрінде айтылатын сөздер, Қамбар батыр.



Оқушыларды формативті бағалауға қатысады. Топ басшыларының бағалауы.

Рефлексиялық кезең

Бағалау. Кретерий бойынша бағалау.

Жиынтық бағалау.

1 минут

Оқушыларды кретерийлер бойынша жиынтық бағалау.

Топ басшыларының бағалауы.

Кері байланыс.

2 минут

«Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс жасау.

Оқушылар бүгінгі тақырыпты қалай түсінгендіктері туралы түстер арқылы білдіреді.




Үйге тапсырма

1минут

Үш бидің шешендік сөздерін оқып, мәлімет жинақтап келу.







Сабақтан кейінгі рефлексия


Не сәтті өтті?

Неліктен?


Не сәтсіз өтті?

Неліктен?


Сабақта кездескен қиындықтарды шешу үшін

не істеймін?



Оқушылар топтық, жұптық тапсырмаларды жүйелі орындады.

Топ басшыларының асыра бағалаған тұстары болды.

Бағалау кретерийлері бойынша бірін-бірі бағалауды жетілдіремін.

Дескрипторлар

Сабақтың тақырыбы: Қазақ шешендерінің көрнекті өкілдері


А деңгейлі оқушы

1 ұпай – қазақ шешендері туралы мағлұматтары бар;

2 ұпай – шешендердің өмір сүрген кезеңдерін меңгерсе;

3 ұпай- қазақтың би-шешендерінің қоғамдағы ролін түсіндіре білсе;


В деңгейлі оқушы

1 ұпай - қазақтың би-шешендерінің қоғамдағы ролін түсіндіре білсе;

2 ұпай – ашық сұрақтарға толық жауап бере білсе;

3 ұпай – қазақ шешендерінің шешендік сөздеріне талдау жасай білсе;


С деңгейлі оқушы

1 ұпай – қазақтың би-шешендерінің қоғамдағы ролін түсіндіре білсе;

2 ұпай - өз бетімен шешен, билер туралы ізденіс таныта алса;

3 ұпай – жұптық, топтық жұмыста белсенділік танытса;



Каталог: uploads -> doc -> 063b
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
063b -> Сабақтың тақырыбы 5-сыныпта «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында»
063b -> Сабақтың тақырыбы: «Қазанғап күйлеріндегі орындау ерекшеліктер»
063b -> Дауыссыз дыбыстар Сабақтың мақсаты
063b -> Медеубаева Ақгүл Зерттеуші: 7- сынып оқушысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет