Сабақтың типі: Қазақ халқының қоөнері тарихи сипаттама. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі: Әнгімелеу



бет3/15
Дата25.12.2016
өлшемі2,16 Mb.
#4377
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Сабақтың тақырыбы:Музыкалық аспаптардың құрылыс ерекшеліктері.Күй домбырасын және Қылқобыз жасау технологиясы. Домбыра жасау тарихы.(теория)

Білімділік: Оқушыларды шертер аспабын жасау технологиясының әдісімен таныстырып, бұйым жасап үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, іскерлікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың қауіпсіздік ережесін тиімді пайдалану арқылы шертер жасау технологиясымен дұрыс жұмыс жасау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндірме, практикалық

Сабаққа қолданылатын стратегиялық әдістер: Интерактивті әдістер, СТО технологиясының әдіс-тәсілдері

Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, видео ролик, сызба, сурет.

Құралдары: ара, қашау, егеу, зімпара т.б.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Сынып тазалығын тексеру.

3. Оқушы назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Қылқобыз жасау технологиясы (оқушы өзі жасаған бұйымын таныстыру)

Жеке оқушымен жұмыс (зерттеу жұмысы)

III. Үй тапсырмасын бекіту

Суретпен жұмыс (сұрақ жауап арқылы оқушылардың өткен тақырыпты қалай меңгергенін анықтау).

1 Қобыздың қанша түрі бар? (Тоғыздан астам)

2 Қобыз неше бөліктен тұрады? (10)

3 ХІХ ғасырдың соңында Жетісу өңірінен табылған қобыз? (Нар қобыз)

4 Қылқобызға анықтама бер? (Қазақтың шанағын тізеге сүйеп, ысқымен тартылатын екі шекті өте көне саз аспабы)

5 Домбыра, қобыздың кәдесыйлық түрінің басы мен түбі ағаш діңінен бірігіп ойылатын бұйымның биіктігі қанша мм шамасында? (140-150мм)

6 Жіңішке имек ағаштан, екі ішегі аздап есіліп өңделген жылқының құйрық қылының бірнеше талшықтарынан жасалатын аспап? (Ысқыш)

Қылқобыздың нақтылы өлшемі туралы кесте толтыру.

1 Қылқобыздың жалпы ұзындығы 670 мм

2 Шанағының диаметрі 60 мм

3 Мойнының ұзындығы 220 мм

4 Қобыз түбінің ұзындығы 200 мм

5 Қобыз алақанының ұзындығы 90 мм

6 Шанақтың жалпы жалпақтығы 180 мм

IV. Жаңа сабақ.

Шертер аспабын жасау технологиясы

Шертер – қазақ халқының үш ішекті көне музыкалық аспабы. Оның мойны қысқа, шанағы қақпақсыз ашық, жылқы қыылынан жасалған ішектер тағылған ежелгі нұсқасын өнер зерттеушісі Б.Сарыбаев поляктың белгілі саяхатшысы Б.Залесскийдің 1865 жылы Парижде бастырылған альбомынан тапқан. Б.Сарыбаев мұны қазақтың музыкалық аспап нұсқасының негізінде дүниеге қайта келтіріп қана қоймай, оның жетілдірілген түрін де жасап, оркестрлерге қосты. Ал қазіргі шертердің түрі бұрыңғы түпнұсқаның жалпы түрін жоғалтпай, жаңадан өңделіп кең таралды.

Шертердің құрылысы домбыра пішінімен бірдей. Жалпы ұзындығы – 675 мм. Шертер негізгі он бес бөліктен құралады: алақан, құлақтары, мойны, ішектері, қақпағы, тиегі, өкше тиегі, ілгегі, шанаққа тартылған көнтері, табалдырық тиек, қосымша мойын беті, шанақтың астыңғы бөлігі, шанақ, көнтерінің қайырылған шетіне желімделген шпон ағашы, үн тесіктер.

Шертердің жаңа түрі 12-суретте көрсетілген. Оның шанағының 80 мм-і қақпақпен, ал қалған 160 мм-і көнтерімен қапталады. Ал 11, б-суретте шертердің жанынан қарағандағы көрінісі бейнеленген.

10-суретте шертердің қосымша мойнына тағылатын пернелердің өлшем бірліктері көрсетілген. Мұндағы пернелер саны 19, яғни домбыраның пернелер санына сәйкес. Өлшем бірліктері миллиметрмен алынды. Қосымша мойын беті қалыңдығы 3-4 мм қатты ағаштан жасалынады. Оның жалпақтығы суретте көрсетілгендей 25х30 мм-ге тең, ал ұзыңдығы – 330 мм.

Шанақтың жалпы жалпақтығы – 210 мм, шанақ түбінің жалпақтығы – 140 мм (11, ә-сурет). Бұл – шертердің құрама түрінің өлшемдері. Ал оны, негізінен, бүтіндей шауып жасауға мүмкіндік мол. Сондықтан оның сырт пішінінің әртүрлі бейнесін 12-суретте ұсынып отырмыз. Негізгі өлшемдерінің барлығы бірдей, олардың тек сырт пішіндері ғана өзгерген. Бұл аспапты жалғыз оқушы 20 сағат ішінде жасап шыға алады.

Қызығушылықты ояту кезеңі.

Интерактивті тақтаның көмегімен шертер аспабы туралы видео ролик көрсету.

Шертердің домбырадан қандай айырмашылығы бар?

Не кордіңдер не қызықтырды

Ағашты қолмен кезіндегі қауіпсіздік ережелері

Жарақат алу себептері дұрыс емес саймандарды қолданудан немесе құрал-саймандарды дұрыс пайдалана алмаудан болуы мүмкін.

Жұмысқа дейін:

1. Жұмыс киіміңді киін (фартук, халат)

2. Жұмысқа қажетті құрал-саймандарынды түгелдеп, мұқият тексер.

3. Жұмыс орныңды, саймандарыңды еережеге сай орналастыр. Жұмыс орнында артық ешқандай зат тұрмасын.

Жұмыс кезіңде:

1. Дайындаманы верстакқа мықтап бекіт.

2. Әр амалды өзіне тиісті сайманмен атқар. Саймандардың қайралған әрі жарылмаған болсын.

3. Нұсқау карта бойынша әр амалдарды өзіне тиісті құралдарды пайдаланып атқар.

4. Жұмыс орныңды әрдайым тазалап отыр.

5. Жұмыс кезіңде әр нәрсеге алаңдама.

6. Құрал-сайманың бүлінсе міндетті түрде ауыстырып ал.

Жұмыстан кейін:

1. Жасап жатқан бұйымыңды, материалдарды кезекшіге немесе мұғалімге тапсыр.

2. Жұмыс орныңды ретке келтір. Қолмен сыпыруға, ауызбен үрлеуге болмайды. Верстактың қысқыш қораптардың арасын 2-5 мм етіп қой.

3. Өзіңді ретке келтір.

4. Шеберханадан мұғалімнің рұқсатымен шық.

Сарамандық жұмыс

Жеке

Жұмыс киімін кию: фартук, жеңқап



Жұмысқа қажет материалдар: ағаш өңдеуге қажетті құралдар

Жұмыстың мақсаты: қазақ халқының шертпелі музыкалық аспабы – шертер жөніндегі білімдерін бекіту; іс жүзінде шертер макетін жасау әдістерімен таныстыру; сызбаны орындау кезінде симметрияны сақтауға үйрету; дағдылар мен шеберліктерді дамыту; шығармашылық белсенділікті қалыптастыру.

1. Қауіпсіздік техникасы жөніңдегі ағымдағы нұсқама өткізу және бұйымды жасау қандай реттілікпен орындалатынын түсіндіру.

2. Шертер аспабын технологиялық карта бойынша дайындау.

3. Алдын ала құрастырылған, технологиялық карта бойынша шертер аспабының кез келген түрін жасауды ұсыну.

V. Жаңа сабақты бекіту

«Пайымдау сұрақтары»әдісі: Сабақ соңында мұғалім оқушыларды ой-толғаныс жасауға итермелейтін сұрақтар қояды: Сабақта не маңызды болды, не қызық болды, жаңадан не білдіңдер, не үйрендіңдер т.с.с. Бір сұраққа бірнеше оқушы жауап беруі мүмкін.

Шертер аспабына анықтама бер? (Қазақ халқының үш ішекті көне музыкалық аспабы)

Шертердің жалпы ұзындығы? (675 мм)

Шертер қандай бөліктерден тұрады?

Шертердің қосымша мойнына тағылатыңпернелердің саны. (19)

Шертер аспабын оқушы неше сағат ішінде жасап шыға алады? (20)

VІ. Бағалау

VІІ. Үйге тапсырма беру

«Үйге тапсырманы талдау» тәсілі: Мұғалім оқушылармен бірге бір сұрақты талдайды: жаңа материалды жақсы түсіну үшін үй тапсырмасы қандай болуы керек?

Шертер аспабын ажарлап шығу, гуашьпен өрнекті сурет салу немесе қабыршақтан ою





9-сынып№5сабақ

Сабақтың тақырыбы: Шертер аспабын жасау технологиясы.Теріні шикілей өңдеу туралы түсінік.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды шертер аспабын жасау технологиясының әдісімен таныстырып, бұйым жасап үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, іскерлікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың қауіпсіздік ережесін тиімді пайдалану арқылы шертер жасау технологиясымен дұрыс жұмыс жасау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндірме, практикалық

Сабаққа қолданылатын стратегиялық әдістер: Интерактивті әдістер, СТО технологиясының әдіс-тәсілдері

Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, видео ролик, сызба, сурет.

Құралдары: ара, қашау, егеу, зімпара т.б.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Шертер – ежелгі шекті аспап. Шертерде домбыра сияқты ойнайды. Шертердің көлемі домбырадан көп кіші, бірақ сыртқы түрі қобызды еске салады, оған жұмыр түр беріп, сыртын терімен қаптайды, аттың қылынан екі шек тартылады. Аспап бір ғана бұрандалы болып келеді, шектің бір басы бұрандаға, екіншісі басына бекітіледі. Шертер аспабы аңыз, ән, ертегілерді айтқанда қолданылған. Ол бақташылар арасында кең тараған. Қазақтың көне музыкалық аспаптарының біріне жататын ол шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталған. Шертер екі немесе үш ішекті болып келеді. Ертедегі шертерлер ағаштан ойылып, шанағы көнмен (терімен) қапталған. Дыбыс күші қапталған терінің жұқа-қалыңдығына, ішегінің жуан-жіңішкелігіне байланысты. Пернесі болмайды, ішегіне ызған жылқы қылы тағылады. Жалпы тұрқы 650 — 700 мм. Ойнау тәсілі домбыраға жақын болғанымен, жасалуы жағынан қылқобызға көбірек ұқсайды. Бұл аспаптың өткен ғасырларда негізінен малшылар арасында кең тарағандығы жайлы халық аңыздарында айтылады. Шертердің суреті Б.Залесскийдің 1865 жылы Париж қаласында басылып шыққан “Қырғыз (қазақ) далаларындағы тіршілік” атты альбомынан (бұл аспапты ол Маңғыстау қазақтары арасынан кездестірген) табылды. Музыка аспабын жасаушы шебер О.Бейсембаев осы альбомдағы сурет бойынша шертерді қайта жасап шығарды; ал шебер Ә.Аухадиев оның жетілдірілген түрін (1972) әзірледі. Шертердің бір үлгісі Санкт-Петербург этнографиялық мұражайында сақтаулы. Шертердің құлақ күйі кварта не квинта бұрауында болады. Дыбыс көлемі екі жарым октава. Шертерді оркестр мен ансамбльде, сондай-ақ жеке орындау үшін де пайдалануға болады. Кезінде Шертердің жетілдірілген түрі “Айгүл”, “Ғасырлар пернесі”, “Сазген”, т.б. ансамбльдерде пайдаланылды. Торғайдың Арқалық қаласында “Шертер” атты қазақтың халық аспаптарының фольклорлық ансамблі ұйымдастырылды.[1][2]

1967 жылы Ленинградтың көптеген музейлеріндегі музыка қүралдарымен танысып, қазақтың және басқа көршілес халықтардың біраз аспаптарын суретке түсіріп алдық. Сонда КСРО халықтарының Мемлекеттік этнографиялық музейінен шертерге өте үқсас бір аспап кездесті, оны сипаттау документінде қобыз деп жазыпты. Жоғарыда суреттелгендей, бүл да шертердің құрылысына үқсайды. Айырмашылығы тек сопақтау жасалып, екі ішек тағылуында. Бүл аспапты суретші С. М. Дудин 1902 жылы Сырдария облысынан тауып музейге өткізген.

Ысқышсыз, шертіліп тартылатын осынау аспаптық екеуі де қобыз деп аталуының себебі мынада болуы тиіс. Осы кезге дейін қобыз деген сөзге ұқсас кобза, кобуз, комуз, комус деп әр халық ысқышты, шертпелі не болмаса үрмелі аспаптарды атай берген. Сол аспаптарды өз ара ажырату үшін оларды анықтауыш сөзбен қоса атаған. Мысалы, Дағыстандағы шертпелі аспап ағаш комуз, қырғыздың шаңқобызына ұқсас аспап — темір комуз, қырғыздың шертпе аспабы — чертме комуз т. б. Тарту тәсіліне, не болмаса, жасалған материалына қарай атаған. Сол сияқты қазақ халқында да «қобызды» түрлі қүралдарға ортак, термин есебінде қолданылғанын байқаймыз. Қыл ішекті ысқышпен тартылатын қыл қобыздан басқа да қобыз атаулы аспаптың бірнеше түрі болған. Мәселен, оларды қыл қобыздан ажырату үшін шаңқобыз үрмелі, темірден не болмаса ағаштан жасалып, ауызға алып тартады, жезқобыз қыл қобыздан ерекшелігі, түлғасы жезден жасалған, қағаз қобыз біраз қазақ аудандарында гармоньды кардонцан жасалуына қарай осылай атаған. Қобыз, қобза, кобуз, комуз: комус аспаптарының аттары, негізінде, бір сөзден пайда болғандығын аңғартады, бірақ ол аспаптардың бір түріне ғана қолданылмаған. Қырғыздардың чертмек не болмаса чертме комуз дегендей, шертердің шертпе қобыз деп те аталуы мүмкін. Қазақтың басқа аспаптарының әр жерде түрлі атпеы тарағанын білеміз. Мысалы, гармоньды сырнай, қағаз қобыз дейді.


Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет