Бұранданы кесу Бұранды бет



бет1/3
Дата21.12.2022
өлшемі0,61 Mb.
#163776
  1   2   3
Байланысты:
f61ebb87c027b4 (1)


Бұранданы кесу
Бұранды бет дайындаманың цилиндрлiк бетінен сол бетке жүргізілген бұрама жолақтарға жағалай жырашық ою нәтижесiнде құралады. Бұрыш, цилиндрдің бетiмен көтерiлген бұрама сызықтың үстіндегі бұрыш бұрама жолақтың көтерілу бұрышы деп аталады. Дайындаманың бетін ойып шыққан бұрандалы жырашық бұранданың ойпаңы деп аталады, ал цилиндрдің бiр айналымы бойы жырашықтың ойылу нәтижесінде түзілетін бұрандалы томпақтық орам немесе бұранда жібі деп аталады.
Ойылған бұранда жырашығының формасына байланысты бұранданың бірнеше профилі болады (2.25-сурет). Әр бұранда қадам, профиль биіктігі, профиль бұрышы, сыртқы, ішкі және орта диаметрлер сияқты параметрлермен сипатталады.
Р бұрандасының қадамы — бұл бұранда осіне параллель бағытта өлшенген екі көршілес орамдар биіктіктерінің миллиметрмен өлшенген қашықтығы.

2.25.-сурет.Профильдер және бұранданың элементтері:
а — үшбұрышты; б тікбұрышты; в — трапеция тәріздес; г — трапециялы тіремелі; д — домалақ; tпрофиль биіктігі; а — профиль бұрышы; Pкесу қадамы; d— бұранданың сыртқы диаметрі; d1бұранданың ішкі диаметрі; d2— бұранданың орта диаметрі
t профиль биіктігі — бұранда осіне перпендикуляр бағытта өлшенген бұранда биіктігінен оның негізіне дейінгі қашықтық.
Бұранда негізі — бұранданың оның осінен ең қысқа қашықтықта жатқан профиль бөлігі.
α профиль бұрышы — бұранда профилі тараптарының түзу сызықты бӛліктерінің арасындағы бұрыш.
d бұранданың сыртқы диаметрі — оның осіне перпендикуляр бағытта бұранда биіктігі бойынша ӛлшенген ең үлкен диаметр.
d1 бұранданың ішкі диаметрі— оның осіне перпендикуляр өлшенген бұрандалардың қарама-қарсы ойпаңдарының арасындағы қашықтық.
d2 бұранданың орта диаметрі — ойпаң түбінің (бұранданың негізі) арасы мен оның осіне перпендикуляр өлшенген томпақтықтың биіктігі арасынан, бұранда профилінің ортасынан жүргізілген шартты қоршауының диаметрі.
Бұранда беттерін өңдеу өңделуге берілген беттен материал қабатын қолмен немесе бұранда ою жабдығының көмегімен алып тастау (құрылғыны жөндеу, жинақтау және монтаждауда) арқылы жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет